І тарау. Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық ерекшеліктері жұмыспен қамтылудың мәні 5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ



бет4/7
Дата23.11.2022
өлшемі103.85 Kb.
#465494
1   2   3   4   5   6   7
Жұмыссыздық

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар.

Еңбек нарығындағы басты мәселелер халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздықпен күресу болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.


Республика нарыққа өту үрдістеріне көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың тоқтауы және де жабылуы сияқты құбылыстары ілесті және осының нәтижесі – жұмыссыздықтың үлкен ауқымы. Сол жұмыстың жоқтығы Қазақстандағы жұмыссыздықтың негізгі себептері болды. Жұмыссыздық мәселелері әсіресе ауылды жерлерде аса шиеленісті. Үкіметіміз өту кезеңінің халықтың ауқаттылықтына әсерін жұмсарту бойынша тұрақтандыру саясатын жүргізгеніне қарамастан,Қазақстанның азаматтарының өмірге деген деңгейін куәландыратын көптеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері қатты өзгерістерге ұшырады. ҚР «Күнкөріс минимумы туралы» заңдарында да халықтың ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін керекті табыс шегі ретінде кездесіп, түсіндірілетін «кедейлік шегі» ұғымы анықталды.
Республика экономикасында 2016 жылғы сәуірде, бағалау бойынша 8,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,2 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 73,4%) құрады. 2016 жылғы I тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 81,2%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 18,8% құрады. 2016 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 439,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2016 жылғы сәуір айының соңына 74,7 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8%-ын құрады.
Бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы I тоқсанда экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5%-ын (45,2 мың адам) құрады. Мамыр айында жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Жұмыссыздар саны 436,7 мың адамды құраған. Ал экономикалық санақ бойынша белсенді халықтың 0,8 пайызы деңгейін көрсетті. Шілде айында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Жұмыссыздар саны 433,2 мың адамды құраған. Ал экономикалық санақ бойынша белсенді халықтың 1 пайыздық көрсеткішке жетті. 2016 жылдың тамыз айында жұмыссыздық деңгейі 4 пайызды құрады. Жұмыссыздар саны 429,5 мың адамды құраған.
«Қазақстан-2050» стратегиясы – жаңа Қазақстан үшін тез өзгеретін тарихи шарттарында жаңа саяси бағыт жұмыс күші қорларын еңбек нарығына тартуға,еңбек қорларының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттыруға жаңа тәсілдерін әзірлеу мен іске асыруды талап етеді. «Қазақстандық өмір сапасының стандарты» басымдығында білім беру жүйесін жетілдіру үшін келешек қадамдары анықталып, Дуалды кәсіби білімді даму бойынша міндеттер қойылды.«Ютария Ltd өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС кәсіпорнында 2011-2013жж. бойы Дуалды білім беру жүйесінің тәжірибесі пайдаланылады.Кадрларды дайындау тігін өндірісі операторлары, технологтар, құрастырушылар, дизайнерлер мен т.б. біліктіліктерін берумен « Ютария Ltd ӨИК» ЖШС-нде келешекте жұмысқа орналастырумен мемлекеттікколледж негізінде 20 мамандық бойынша жүргізіледі. «Ютария Ltd ӨИК» ЖШС-не жаңа келген жас мамандар Дуалды білім беру жүйесі бойынша білім алады.
Бұл жүйе мемлекеттік колледжде білім алумен қатар біздің кәсіпорнымызда өндірісте жұмыс істейді.Кәсіпорнымыз өндіріске қажетті мамандықтар бойынша тәжірибелік білім алу үшін жағдайлар жасап, олармен байланысты барлық шығындарды көтереді,оның ішінде:білім алатын оқу мерзімі ішінде айлық ақы, «Ютария Ltd ӨИК» ЖШС-нде жұмыс уақытындағы еңбекақы. Осылайша, бітіру кезеңіне «Ютария Ltd ӨИК» ЖШС БЖК-2020 жобасы шеңберінде заманауи жетілдірілген кәсіпорындағы жұмыс ерекшеліктерімен таныс дайын мамандарды алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет