І тарау. Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық ерекшеліктері жұмыспен қамтылудың мәні 5


І ТАРАУ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет2/7
Дата23.11.2022
өлшемі103.85 Kb.
#465494
1   2   3   4   5   6   7
Жұмыссыздық

І ТАРАУ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


1.1.Жұмыспен қамтылудың мәні және маңызы.

Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылған саяси экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі.
Экономикалық ұстаным көзқарасы тұрғысынан жұмыспен қамту–еңбекке қабілетті халықтың қоғамдық өнім жасау жөніндегі әрекеті.
Жұмыспен қамтудың бірнеше теориялары бар:
–кейнстік бағыт жұмыспен қамтуға тек жиынтық сұраныс әсер етпейді,оған жалпы сұраныстың өсуінің әр түрлі салалар арасындағы бөлінуде, яғни жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді.Бұл үлгі мемлекеттің макроэкономикалық процестерді басқаруға кірісуіне негізделеді, ал оны жүзеге асыру механизмі психологиялық сипаты бар заңдылықтар мен құбылыстарға(тұтынуға бейімділік, жинақтауға бейімділік, инвестицияға ынталандыру) және басты экономикалық көрсеткіштердің арасындағы мультипликативтік байланыстарға негізделеді.
–монетарлық мектептің тұжырымдауы бойынша, нарықтық экономика жұмыспен қамтудың рационалды дәрежесін өзі белгілейтін, өзін–өзі үйлестіретін жүйе, бағалық механизм болып табылады.Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты жұмыссыздық нормасының оның табиғи дәрежесінің ауытқуымен, өндіріс көлемі және жұмыспен қамтылғандардың санының ауытқуыларымен күресуге бағытталуға қажет.
–икемді нарық концепциясы жұмыспен қамтудың әдеттегідей емес, функционалдық, индивидуалданған және тсандартты емес, жекелей жұмыспен қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы, қысқа мерзімді контрактылар, жұмысты үйге берудің жұмсақтау формаларына көшу қажет.Осыған жету жолдары:

  • жұмысқа жалдау мен жұмыс беру формаларын көбейту және икемді қылу;

  • жұмыс уақытын реттеу формаларының әр түрлерін пйдалану, нормаланбаған жұмыс тәртібінің икемді түрлернін пайдалану;

  • жалақыны реттеудің икемді, өзгермелі түрлерін пайдалану,

  • жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың икемді әдістері мен формаларын, жұмысшы күшінің көлемін, құрылымын, сапасы мен бағасын еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ауытқуына үйлесімді болдыру.

Жалпыэкономикалық санат ретінде жұмыспен қамтылуды анықтаудың үш тәсілі бар:

  • жұмыспен қамтылу жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы байланыстылығының көрінісі болып табылады, жұмыс орындары мен қызметкерлердің саны бойынша, сондай–ақ сапасы бойынша да;

  • жұмыспен қамтылу еңбек ету үдересі,немесе жеке адамдарға табыс әкелетін әрекеті. Бұл ретте осы әрекеттің заңға қайшы келмеуін атап көрсеткен аса маңызды;

  • жұмыспен қамтылу әлеуметтік–экономикалық және әлеуметтік еңбек қатынасының жиынтығы іспеттес, оларды қалыптастыру мен реттеу заңнамалық және құқықтық нормаларын еңбек келісімдеріне негізделеді .

Жұмыспен қамтылу–нақты адамдардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты заңға қайшы келмейтін әрекеті ол жұмыс істейтіндерге жалақы немесе еңбек табысын әкеледі, сондай–ақ ол еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының сандық және сапалық байланыстылығы дәрежесінің көрінісі ретінде пайда болуын әлеуметтік–экономикалық қателіктер түсіндіреді.
Жұмыспен қамтылған халыққа ХЕҰ стандарттары бойынша еңбекке жарамды жасқа жеткен және одан ересек жалданып жұмыс істейтін және өздерін өздігінен жұмыспен қамтитын адамдардың барлығы жатады.Олар–кәсіпкерлер,өздерінің есебінен жұмыс істейтіндер,өндірістік кооперативтердің мүшелері,көмектесуші отбасы мүшелері,сыйақыны ақшалай немесе заттай алатын оқушылар,жалға ішінара жұмыс істеген студенттер үй шаруасындағы әйелдер және өздігінен жұмыспен қамтылғандар,тұрақты және мерзімдік қызметтегі әскери қызметкерлер.
Жұмыспен қамтылуды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
−өнімді жұмыспен қамту;
–әлеуметтік пайдалы жұмыспен қамту;
−толық жұмыспен қамту.
Өнімді жұмыспен қамтылу–халықтың қоғамдық өндірісте жұмыс істеулері.
Әлеуметтік пайдалы жұмыспен қамтылу тек қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін адамдардың ғана емес,сонымен бірге әскери қызметкерлердің еңбекке жарамды жастағы оқушылардың,үй шаруашылығын жүргізумен айналысушылардың балаларға қарайтындығының санымен анықталады.
Жұмыспен толық қамтылу–қалағандардың барлығының ақы төленетін жұмысы бар,кезеңдік жұмыссыздық орын алмайтын қоғамның жай–күйі.Бұл орайда уақытша және құрылымдық жұмыссыздықтан анықталатын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі сақталады.
Жұмыспен толық қамтылмаудың екі түрі бар:
– көзге көрінетін;
– жасырын.
Біріншісі толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істейтін адамдар санымен тұлғаланады.Екінші түріне еңбек ресурстарын дұрыс бөлмеуді немесе еңбекпен өндірістің өзге факторларының арасындағы баланстың бұзылуын көрсететін пайдалылық ұғымды білдіреді.
Жасырын толық емес жұмыспен қамтылудың өзіндік белгілеріне төмен табыс өнімділігі жұмыс істейтіндердің біліктіліктерін толық пайдаланбау жатады.
Еңбек нарығын реттеу үшін икемді жұмыспен қамтылудың түрлі нысандары қолданылады, олар толық емес жұмыс уақытының түрлі режимдерінде жұмыспен қамту қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесімен байланысты жұмыспен қамтылу,стандартты емес жұмыс орындарындағы жұмыспен қамтылу стандартты емес ұйымдық нысандар бойынша жұмыспен қамтылу жұмыспен икемді қамтылу мен жұмыссыздық арасында аралық аймақ құрады.
Азаматтардың көпшілігі үшін жұмыс мағыналы өмірге ең қолайлы жол ретінде көрінеді, ол тауарлар мен қызметтер нарығына жол ашады, өз өтбасы мен жалпы қоғамға позитивтік үлес қосуға мүмкіндік береді, адамдар арасындағы байланыстарды кеңейтеді. Жұмыс адамның қалыптасуына, тұлғаның дамуына, сондай-ақ адамның объективтік және позитивтік мәдениетінің дамуына көмектеседі. Бұл көзқарастан жұмыссыздық адам маңыздылығын төмендету, оны жоқ қылу болып табылады. Шынымен де, жұмыс адамның ар-намысына қатысты мәселе.
Роберт Рейх "Халықтар жұмысында"(1992 ж) айтып кеткен жұмыстың үш түрін бөлуге болады:
1)Шаблондық (ескішілдік) өндіріс пен қызметтер;
2) Жұмысшыларға көрсетілетін қызметтер;
3) Шығармашылық жұмыс.
- Шаблондық (ескішілдік) өндіріс пен қызметтер: бұл категорияға қолмен жасалатын жұмыс, сондай-ақ, арнайы ережелер мен белгілі бір қаржылық операциялар процесі (чектер, несие беру карталары бойынша төлем жасау), аурухана шоттары, әлеуметтік операциялар (жалақыны белгілеу, денсаулықты сақтандыру) және т.б. сияқты, компьютерлік қызметті қолдану мен оны қадағалау бойынша шаблондық тапсырмалар үшін жауапты орта немесе ірі басқаруға сүйенген қызмет жатады.
- Сол сияқты, жұмысшымен көрсетілген қызметтер де шаблондық жұмыста қамтиды, бірақ бұл жағдайда ол тұтынушылармен, пациенттермен және барлық ұсынылатын қызметтерді алушылармен тіке байланыста болатын қызметкерл ері, шаштараз, аурухана қызметкерлері, пациенттермен, жинаушылар және т.б. жатады.
- Шығармашылық жұмыс белгілі бір инженерлермен, жұртшылықпен
байланыс жасау бойынша сарапшылармен, заңгерлермен, менеджерлермен,
дизайнерлермен және жобалаушыларымен, қаржыландырушылармен,
авторлармен, журналисттермен және тағы басқалармен жасалатын жұмыс
болып табылады. Бұл категорияға шаблондыққа жатпайтын қызметпен
айналысатын, күнделікті болмыстан өз ойларының абстракциялау қабілетіне
байланысты өздерін қорғай алатын және белгілі бір мәселелерді тиімділеу
шешуге мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекеттерді идеялар, көзқарастар, дыбыстар мен материалдарды әр түрлі қолдану арқылы жасай алатын адамдар жатады. Бұл салымдар энергияны сақтау мен ғарышты зерттеу арасында жататын, соның ішінде каржылық теориялар, шығармашылық жұмыс,музыкалық шығармалар, жаңа бағдарламалық жабдықтар немесе теледидар өндірісінің дамуына қатысты аралық қызметті қамтиды. Бұл шығармашылық салымдар халықаралық сипаты күшейіп келе жатқан тораптар арқылы, иерархиялық командалық жұмыс негізінде, кездесулерге, ресми және бейресми каналдар бойынша телекоммуникация мен дыбыстан жылдам авиация шешімдерді теңдестіруге және дәйекті схемалармен және стратегияларды жүзеге асыру үшін жұмсалады, бұл қызмет ең жоғарғы қосылған кұнның деңгейіне сәйкес келеді.
"Шығармашылық көмекке оқыту" дегеніміз мәселелерді түсініп, шешімдер қабылдауға көмектесетін білім мен тәжірибені алуға жастар мен ересектерді оқыту процесі. Төрт түрлі қабілетті дамыту керек: абстракция, үнемі ойлау эксперименттеу және басқалармен араласу (тіл, технологиялар , т.б. арқылы).
Ескішілдік және қайталанатын жұмыс құлдырау үстінде екені анық. Ескішілдік өндіріс пен қызмет көрсету аясын таңдаған жұмысшыға қауіп төнеді, бір жағынан - автоматтандырудан, екінші жағынан -- буындыру арқылы жалақысы төмен және төменгі төлем мен төменірек еңбек жағдайға бағытталған өндірістердің ауысып жатқан елдер тарапынан бәсекелестіктен.
Ескішілдік жұмыстардың құлдырауын алдын ала болжауға болады, орта деңгейдегі ескішіл менеджерге де қауіп бар. Еңбек ақысы құнының күрт өсу тенденциясын тоқтату үшін тәртіп керек, орташалап қысқарту жақсы деген жағдайдың өзінде құлдырау жылдамдығын азайтады.
Жекелеп көрсетілетін қызметтер жағдайы сәл ғана жоғары. Бүл жерде де автоматтандырудың маңызы зор (телефон, теледидар арқылы, компьютер арқылы, зат сату, театр мен үшақтарға билет сату, банктің қызметтері, қонақ үйлердегі антоматтандырылған тіркеу және т.б.). Өзінің ескішілдік жұмыстарын жоғалтқан жұмысшылар тарапынан да, иммиграннтар тарапынан да, күшейіп келе жатқан бәсекелестік еңбек ақыларының төмендеуін күшейтеді. Бұған қосымша, көп қызметтердің алушылары ретінде ақшалары аз адамдар болған жағдайда (мүгедектер, аурулар, қарттар және т.б.), кейбір жұмыстар тек жартылай жүмыс істеуге ғана немесе күнін зорға керетіндегі төмен жалақы алуға (уақытша жалақы) мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау және т.б. бюджеттері қысқартылған. Нарықтық емес секторда ол кішігрім жұмыс орындарын ашу шектері бар, бірақ қорлар әлі жеткілікті деңгейге қол жеткізетіндей емес.
Шығармашылық жұмысшылар ғана шын мәнінде өркендеу үстінде. Олар өз шығармашылық қызметтерін әлемдік нарықта ұсынуға қабілетті. Тек, шынымен, алып күш саналатын жэне сол үшін мадақталатын адамдар шығармашылық жұмысшы болады.
Жұмыспен қамтудың классикалық концепциясын қысқаша қарайық.
Классикалық теория деп Маркстік емес әдебиетті әлбетте ағылшын мен
американдықтардың теориясын түсінеді. Олар Рикардодан Маршалга, Пигу
және тағы басқалары ортодоксальдық (алған бағыттан қайтпайтын) теорияларға табан тіреп, жалпы экономикалық теңдік теориясын жасауға бағыт ұстайды, жұмыспен қамтудың классикалық теориясы әлем деңгейінде еңбекке сұраныс және еңбекі ұсыну қызметін құруга, оны жетілген бәсеке нарық жағдайында пайдалануды да ұсынады. Мұндай күрделі қызметтерді тек жекелеген жұмыскер ұсынысы қызметтерін біріктіру арқылы мүмкін. Еңбекке сұраныс жасайтын адам-кәсіпкер ғана. Бәсеке жетілдірілген нарықтарда кәсіпкерлер жалдайтын жұмысшылардың саны екі көрсеткішпен анықталады - нақты жалақы мен шекті еңбек өнімінің құны (онын ақшалай көрінісі). Жалданатын жұмысшы санының артуымен шекті өнім кұны жалақы төмендеуімен теңдескенде ғана тоқтатылады. Қазіргі жұмысшыға талаптың өзгеруі оның кәсіптік мамандық дәрежесінің артуы, жиынтық жұмысшы шеңберінің кеңеюі жұмысшы күшін үздіксіз оқыту проблемасьн қояды, сөйтіп оның сапасын ғылыми-техникалық эволюция талабына сәйкестендіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет