І тарау. Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық ерекшеліктері жұмыспен қамтылудың мәні 5


Қазақстанда жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қалай шешілуде



бет5/7
Дата23.11.2022
өлшемі103.85 Kb.
#465494
1   2   3   4   5   6   7
Жұмыссыздық

2.2 Қазақстанда жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қалай шешілуде.
Бүгінде Қазақстанда Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Өткен жылдың өзінде 360 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды, оның 77% — тұрақты жұмыс орны. Өнімді жұмыспен қамту дегеніміз — жалған болып табылмайтын және өмір сүру жағдайларын жақсартатын, қызметкерлерге табыс әкелетін қызмет түрі.
Қазақстандықтар алғаш рет аталған бағдарлама туралы ҚР Үкіметінің 09.09.2016 ж. кеңейтілген отырысынан кейін естіді. Сол кезде Мемлекет басшысы Министрлер кабинетінің алдына жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде нақты тапсырма қойды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент тапсырмасына шұғыл әрекет жасады, осылайша 2016 жылғы желтоқсанда Үкімет қаулысымен 2017–2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаны іске қосу туралы 2017 жылдың басында жарияланды.
Жаңа бағдарламаның басты мақсаты - азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша немесе кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқытуды ұйымдастыру.
Министрліктің бастамасымен жүзеге асырылған жұмыс нәтижесінде бір жылдан аз уақыт ішінде бұған дейін мәртебесі болмаған 5,7 млн адамнан 3 млн-ға жуық адамның мәртебесі анықталып, ресми ресімделді. Қалған 2,7 млн адам:
- 1,2 млн — бейресми жұмыспен айналысатындар, оларды заңдастыру үшін заңнамаға түзетулер енгізу қажет;
1,5 млн адам — өнімді жұмыспен айналысуға тартуға тиісті өздігінен нәтижесіз жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар.2017–2021 жылдарға арналған
Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында тегін техникалық және кәсіптік білім алуға болады.
Бағдарламаға бірнеше жылдар бойы жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндігі болмаған, біліктіліксіз жұмыс істейтін мектеп түлектері, 29 жасқа дейінгі жастар, сонымен қатар жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген/тіркелмегеніне қарамастан) және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатыса алады. Тегін кәсіптік-техникалық білім беруге қатысу шарттары мен білім беру ұйымдарының тізімін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Жоба аясында басымдықты техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы мамандықтары анықталды — барлығы 160 мамандық. Еңбек ресурстарын даярлауды ұлғайту мақсатында бірінші деңгейде екі-үш жұмыс мамандықтарын, ал екіншісінде — орта деңгей маманын беруді қамтамасыз ететін екі деңгейлі модульдік бағдарламалар енгізіледі.
Мәселен, электрик-механик мамандығын алу үшін жастар электр слесарі мен электр монтері біліктіліктерін меңгеруі тиіс. Қысқа мерзімді курстар аясында машинист, электрик, санитарлық техник, оператор, электрмонтаждаушы, слесарь, аспаз, жол құрылысы машиналарының, түрлі крандардың машинисті, матаушы, ағаш ұстасы, бетоншы, арматурашы, дәнекерлеуші және басқа да мамандықтар оқытылады.
Бағдарлама қатысушыларына материалдық көмек және мемлекеттік қолдау мөлшері:

  • стипендия;

  • жол ақысын төлеу;

  • тұратын орнына төлем (басқа қаладан келгендерге).

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, бес жыл ішінде 320 мың адам, оның ішінде 106 мың адам (жыл сайын 21,3 мың адамнан) жұмыс біліктілігімен қамтылады. Қысқа мерзімді курстар бойынша кәсіби оқытумен — 214 мың адам (2017 жылы — 26 мың адам, 2018 жылы — 36 мың адам, 2019 жылы — 46 мың адам, 2020 жылы — 50 мың адам, 2021 жылы—56 мың адам) қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаның осы бағытын қаржыландыруға қатысты айтар болсақ, тегін кәсіптік-техникалық білім беру жұмыс біліктіліктері бойынша жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Мамандарды дайындау бойынша қаржыландыру қорытындысы 118,7 млрд теңгені құрайды (2017 жылы — 4,3 млрд теңге, 2018 жылы — 17,1 млрд теңге, 2019 жылы — 29,3 млрд теңге, 2020 жылы — 34,7 млрд теңге, 2021 жылы — 33,3 млрд теңге).
Шағын несиелендіру.
Бағдарламаға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ қалаларда өз жобаларын жүзеге асыруды жоспарлайтын ауыл шаруашылығы кооперативтері де қатыса алады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе жоспарлайтын үміткерлер шағын несиелерді алу үшін кеңес алуға жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуі керек.
Шағын бизнес ашушыларға арналған міндетті шарт — кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту курстарынан өту, олар Бағдарлама аясында да қолжетімді. Жұмыспен қамту орталықтары үміткерлер Бағдарламаның талаптарына сай келген жағдайда оларды ШҚҰ/НС/«АШҚҚҚ» АҚ-ға жібереді, онда әлеуетті бизнес-жоба бағаланады, қорытынды жасалады және шағын несие беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылданады. Қалаларда шағын несие алуға қатысты айтар болсақ, мұнда да үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына барып, кеңес алуы керек және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкестігі бойынша тексерістен өтуі қажет. Бұдан әрі үміткерлер шағын несие алу туралы жазылған өтініштерімен ШҚҰ/ЕДБ-ге жүгінеді және ЕДБ/ШҚҰ әлеуетті бизнес-жобаны бағалайды, қорытынды жасайды және шағын несие беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
2017 жылдың басында бюджеттік несиелендіру шарттары анықталды, ҚР ҰЭМ, ҚР ҚМ мен әкімдіктер арасында үш жақты несиелік келісімшарттарға қол қойылды, бюджеттен қаражат «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жіберілді.
Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша ауылда және қалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында жеңілдікті шарттармен (6% аспайтын) 8 мың АЕК дейін (18 млн теңге) шағын несиелер беріледі.
Шағын несиелендіру аясында қалаларда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналған шағын несиелер бойынша 50% дейін және жаңа бизнсемендерге 85% дейін «Даму» қорынан кепілдер ұсыну мүмкіндігі бар. Шағын несиелер инвестициялық бизнес жобаларды іске асыруға, яғни негізгі құралдарды сатып алуға, сондай-ақ салалық үйлестірусіз айналым капиталын толықтыруға беріледі.
Өзін бизнесте байқап көргісі келетін адам үшін құралдардың толық жиынтығын бүгінгі таңда мемлекет ұсынады деуге болады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің жұмысында 11,8 млрд теңге мөлшерінде қаражат болды, олардың ақтық қарыз алушыға 10,1 млрд теңгеден астам қаражат жеткізілді. Шағын несиелер бойынша кепілдер 172 келісім-шарт бойынша 967 млн теңгеге ұсынылды.
Бағдарламаның тағы бір бағыты ауылдық бизнеске «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнес жүргізуге бейімделген дайындық курсынан өтуді қарастырады. Оқытуды ұйымдастыру «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүктелген.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 80 аудан мен 14 облыс қамтылды. Барлығы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан 15 000 адам оқытылды, олардың ішінен 3314 жоба даму институттарынан қаржыландыруға ие болды. Ауылдық жерде жобаны іске асыру тұрғысынан бизнес жобаларды қаржыландыру көбіне ауылдық жерде жүзеге асырылды.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының жұмылғыштығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағдарламасының үшінші бағыты аясында мемлекеттік қолдаудың келесі шаралары ұсынылады: сәйкес бос орындарды іздеу және еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік кәсіби бағдар.
Бағдарламада қойылған міндеттерге жетуге «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру септігін тигізеді. Қазақстан Президенті өз Жолдауында айтып өткендей, мемлекеттік қызметтер ұсыну процестері барынша оңтайландырылуы тиіс, оған қоса оны электронды форматқа көшіру қажет.
1 қаңтардан бастап еліміз бойынша электронды еңбек биржасы — enbek.kz жұмыс істей бастады. Оған жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен интернет алаңдарын қоса алғанда 200-ден астам жұмыспен қамту қызметтері қосылды. ҚР ЕХӘҚМ 2018 жылдың соңына дейін осы бірыңғай онлайн платформа аясында еңбекпен қамтылғандардың санын екі есе арттыруды жоспарлап отыр.
Портал жұмыс іздеушілер, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттіктері жариялайтын мәлеметтерді, ЖОО-лар мен колледж түлектерінің мәліметтер базасынан, және жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер порталында орналастырылған мәліметтерді шоғырландырады. Осылайша, халық үшін портал жұмысына қатысу бос жұмыс орындары базасына қолжетімді болуға, түйіндемені орналастыруға, бос жұмыс орындарында еңбекпен қамтылуға бағдар бойынша қызмет алуға, кәсіптік білім алуға өтінім беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Бағдарламаның аталған бағыты аясында жұмыс күші мол облыстан еңбекке жарамды адамдар аз облысқа өз еркімен көшу бойынша шаралар қарастырылған. Мұнда Қазақстанда жұмыс күші тапшы облыстар (ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай облыстары) және жұмыс күші мол облыстар (ОҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) барын нақтылаған жөн. Теңгерімсіздік болмауы үшін еңбекпен қамту бағдарламасы жұмыскерлерді оңтүстіктен солтүстікке көшіруді қарастырады. Көшіру – өз еркімен істелетін жұмыс, және ол көшкеннен кейін адам нақты жұмыс алады деген кепілдік болғанда ғана жүзеге асырылады.
Бүгінде ерікті көшу үшін мемлекеттік қолдау келесілерден тұрады:
● көшуге субсидия беру (2017 жылы әр отбасы мүшесіне 35 АЕК немесе 79 415 теңге);
● тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге төлем шығындарының орнын толтыру (бір жыл бойы ай сайын. Жергілікті орны мен отбасы мүшелерінің санына байланысты 15 АЕК-ден немесе 34 035 теңгеден бастап 30 АЕК немесе 68 070 теңгеге дейін).
Статистика комитетінен хабарлағандай, республика экономикасында 2018 жылғы шілдедегі бағалау бойынша 8,7 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) құрады.
2018 жылғы II тоқсан алдын-ала деректері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 90,3%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 9,7% құрады.
1-кесте.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет