I-тарау. Механика бөлімінің педагогика-психологиялық негіздері. 1 Механика-физиканың іргетасы. 1 Механика-физиканың бір бөлімі



бет4/4
Дата05.07.2016
өлшемі1.25 Mb.
#180231
1   2   3   4

«Инерция» тақырыбын меңгерту.

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы, ең әуелі оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне байланысты. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезден бастап білім беру ісін реформалап, жаңа оқулықтар шығаруға кірісті.

2003-2004 оқу жылын 7 сынып жаңа буын оқулығы «Физика және астрономия» оқулығымен бастады. Оқулық VI тараудан тұрады. Оқулықтың «Қозғалыс» тарауында «Инерция» тақырыбы берілген.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен білімдерін қолданып жұмыс істеуге дағдыландыру, физикалық құбылыстарды бақылау және түсіндіру мақсатында аталған тақырыпты дебат-пікір сайыс сабақ түрінде өткізуге болады.

Сабаққа оқушылар алдын-ала дайындалады.

Сабақтың тақырыбы: Инерция.Инерцияның маңызы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік.Инеция құбылысының физикалық мағынасын ашу, инерцияның тұрмыстағы және техникадағы көріністерімен танысу.

2. Дамытушылық. Тақырыпқа байланысты жаттығулар арқылы оқушының ой-өрісін белсенеді дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.

3. Тәрбиелік. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, шешендікке баулу, ұжымдық жұмыс істеуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: буклеттер: «Физиканың даму тарихы», «Инерцияның маңызы», үлестірме қағаздар, «Орныңды тап!», «Сен қандайсың?» ойындары, приборлар: арбаша, көлбеу жазықтық, құм, қалың мата, шыны.

Сабақтың әдісі: Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың түрі: Дебат-пікірсайыс сабағы.

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың, сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігі тексеріледі.

II. Өткен тақырыптарды пысықтау. Өткен тақырып жалпы түрде тексеріледі. Тақтадағы бірқалыпты емес қозғалыс мысалдарына берілген суреттер бойынша сабақ тексеріледі. «Орныңды тап!» (формула құру), «Сен қандайсың?» (заттың күйі) ойындары ойналады.

III. Жаңа сабаққа кіріспе. Жаңа сабаққа кірісер алдында бірнеше мысалдар келтіруден бастаймыз. Инерцияның қозғалыстағы, тұрмыстағы, техникадағы маңызы айтылады. Жаңа сабақты түсіндіру үшін сыныптан алдын ала дайындалған 6 оқушы шығады.



I-топ жақтаушы. «Алғыр тобы».

II-топ даттаушы. «Жасұлан » тобы.

Сыныптан бір оқушы дебатты жүргізуші, екінші оқушы уақытты есептеуші-таймкипер болады. Сыныптың қалған оқушылары сайыс соңында өз дауыстарын берді. Ол үшін оқушыларға қызыл, жасыл дөңгелектер таратылады.

Пікірсайыстың қалай өтетіні түсіндіріледі.

IV. Жаңа сабақ.

Тақтаға пікірсайыстың тақырыбы ілінеді. Бастаушы ең алдымен сөзді жақтаушы топқа береді. Олар өз дәйектемелерін алға тартады.

Инерция (лат. іnertia-әрекетсіздік) инерттілік-механикада механиканың 1-ші және 2-ші заңдары бойынша бейнеленетін материялық дененің қасиеттері. Сыртқы әсерлер бір-бірімен теңгерілсе немесе басқа денелер әсер етпегенде, материялық денелер қозғалыстағы немесе тыныштықтағы күйін сақтайды. Осы заңдылық (Ньютонның 1-ші заңы немесе инерция заңы) орындалатын санақ жүйесі деп аталады. Демек, бірін-бірі теңгермейтін күштер түскенде инерция салдарынан дененің қозғалыстағы немесе тыныштықтағы күйі, яғни оның жылдамдығы кенеттен өзгермей, біртіндеп өзгереді. Дененің инерттілігі неғұрлым көп болса, оның жылдамдығы да баяу өзгереді. Дене инерттілігінің сандық өлшеуіші ретінде масса алынады. «Инерция» термині әртүрлі приборларға байланысты да пайдаланылады. Мысалы, өлшеуіш приборлардың өлшенетін шаманы біраз кешігіп көрсетуі, оның инерттілігі деп аталады. Оны Италияның оқымыстысы Галилео Галилей зерттеді, ал 1678 жылы Исаак Ньютон оны толықтырды.

Бастаушы енді даттаушы топқа сөз береді. Олар инерция құбылысына тоқтала отырып, оның жаман зиянды жақтарын айтады.

Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғанда тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды (тәжірибе көрсетіледі). Көлбеу беттен арбашаны әуелі құм төселген жолға, тегіс жылтыр шыны жолға түсірейік. Бұл жолдардың әрқайсысында арбаша түрліше қозғалады. Бұл инерция құбылылысына байланысты. (Инерция құбылысының анықтамасы айтылады).

Енді сөз жақтаушы топқа беріледі. Арасында екі топ бір-біріне тосылдыратын сұрақтар қойып отырады.

Инерцияның пайдалы жақтары:

● Кілем тазалағанда инерцияның пайдасы көп. Кілемді таяқпен ұрғанда, кілем орнынан қозғалады, ал шаң сол орнында инерцияның әсерінен қалып қояды.

● Велосипедшілер жарысында велосипедшілер үнемі педальды баса бермейді, оқтын-оқтын аяқтарын демелдатады, бірақ велосипед тоқтамайды. Осылай таулы жолдарда машиналар жанармай үнемдейді.

● Балға саптағанда балғаны үстелге ұрғанда, балға инерция әсерінен сапқа енеді т.б.

Жақтаушы жақтың қорытынды сөздері.

Егер инерцияның істеген істеріне дұрыс, әділ көзбен қарасақ, оның кемшілігінен пайдалы істері көп. Жақсы шофер инерцияның көмегімен бензин үнемдейді. Ал егер жаяу адам ұшқалақ, жол ережесін білмейтін болса, онда машина тежегенде тез тоқтай алмайды да, оны қағып кетеді. Бұған жаяу адам кінәлі. Сүрініп құлаған адам да өзін кіналауы керек. Егер инерция болмаса, барлық планеталар орбитасынан шығып кетер еді, Ай Жерге, Жер Күнге құлап түсер еді.

Инерцияның зиянды жақтары:

● Бір адам көшеден өтіп бара жатыр еді, бұрылыстан шыға келген машина оны қағып кетті. Машина инерцияның кесірінен тоқтай алмады.

● Теледидарда велосипедшілер жарысын көрсеткенде, бір велосипедші құлап еді, қалғандары инерцияның әсерінен тоқтай алмай үстіне құлады.

● Автобус тежегішін басқанда, адамдар инерцияның кесірінен алға қозғалып, бір-біріне соқтығысты.

● Мамам маған тамақ әзірле деді. Мен кеспені жайпақ ыдыспен әкеліп үстелге қойып едім, кеспе төгіліп, дастарханды дастарханды бүлдірді. Мамам маған ұрысты. Бірақ мен емес, кінәлі инерция.

● Менің әжем тайғақ жолда құлап, сол инерцияның кесірінен аяғын сындырып алды. т.б.

Даттаушы жақтың қорытынды сөзі:

Біз мұнда не үшін жиналдық? Инерцияның қылмысы көрініп тұр емес пе? Инерцияны жақтағысы келгендер табылып жатыр. Бұл инерция бізге не істемеді? Кім сүрініп құламады? Қанша апаттар болды, қанша машина істен шықты. Бұны жақтау дұрыс емес. Қанша адам жарақат алды.

Бастаушы сыныптың қалған оқушыларына сұрақ қойғызады.

-Биіктіктен секіріп түскен кезде адам неге тізесін сәл бүгіңкірейді?

-Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды? Неліктен?

-Не себепті желдеткіш ажыратылған соң, біразға дейін айналып тұрады?

-Аты сүрінсе, шауып келе жатқан салт аттыда қандай жағдай болады?

-Жаңбырлы күні даладан келіп, киімді шұғыл сіліккенде одан жаңбыр тамшылары ұшып түседі? Неліктен?

-Ордан жүгіріп барып секіру неге жеңіл?

-Қуып жүріп ұстау ойынын ойнағанда біресе оңға, біресе солға бұрылғанда неге ұстап алу қиынға түседі?

V. Қорытынды.

Оқушылардың салған суреті бойынша түсініктерін байқаймыз.

1. Көлбеу жазықтықтан сырғанаған арбаша қозғалысы.

2. Таудан шанамен сырғанаған бала.

3. Машинаның жолын кесіп өтуге тырысқан бала.

4. Машина жүретін жолда жүгірген адам.

5. Ағаш арасымен таудан жүгіріп түскен бала.

6. Кілт тоқтаған немесе орнынан кілт қозғалған вагондағы жолаушы.

7. Космос кораблі немесе космонавт.

Осыдан кейін әр топқа дауыс беріліп, жеңімпаз топ анықталады. Белсенді қатынасқан оқушылар бағаланады. Бастаушы мен мұғалім қорытынды сөз айтады.

Инерцияның пайдалы жақтарын ескеріп, оны қолдануды кеңейту керек, ал зиянды жақтарымен күресу жолдарын іздестіру керек, сондықтан физика заңдарын терең оқып үйреніп, оны адамзат үшін кеңінен пайдалану керек.

VI.Үйге тапсырма.

28. Есептер: №147-155.

Сабақ қорытындыланады. Қатысқан оқушылар бағаланады.

Негізінен жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, ой-санасының дамуына мүмкіндік жасайды. Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді.

Сабақ тақырыбы заман талаптарына сай жаңарып отырса, оқушыларға оның әсері ерекше болады. Сондықтан 7 сыныптағы «Физика және астрономия» курсын оқытуда пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін оқушыларға қарапайым тәжірибелер жүргізуді көрсетіп, тақырыптарға сәйкес баяндамалар беріп отыруға болады. «Инерция» тақырыбын тек сабақ барысында түсіндірмей, сабақтан тыс уақыттарда қызықты тәжірибелер арқылы түсіндіріп, меңгертуге болады.

Жоғарыда айтылған «Инерция» тақырыбын дебат-пікірсайыс сабақ түрінде өткізгенде берілген тапсырмалар оқушылардың танымдық есте сақтау, ойлау қабілетін арттырып, білімі мен білігін бір жүйеге келтіруге мүмкіндіктер береді.

Мен педагогикалық іс-тәжірибемді №7 Қарсыбай Сыпатаев атындағы техникалық-лицей мектебінде өткіздім. Педагогикалық іс-тәжірибе барысында 10 сынып оқушыларынан механика бөлімі бойынша олардың қалдық білімдерін тексеру мақсатында 6 нұсқалы тест алдым. Тест нұсқалары төмендегідей:













Қызығушылықты арттыруда физика кештерінің маңызы.

Физика кештері-физикадан көпшілік кластан тыс жұмыстың тартымды да пайдалы түрінің бірі. Жақсы ұйымдастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физика мен техникаға шынайы еліктеуінің бастамасы болады.

Қызықты физика кеші әсіресе, 6-7 сынып оқушылары үшін ерекше орын алады. Бұл түсінікті де. 13-14 жастағы мектеп оқушыларын олардың қиялын баурап әкететін ғажайып құбылыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті тек бір сарынды «ғажайыптармен» ғана ұйымдастырмауы керек. Өйткені кештің негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе кеш тек сыңар жақ көріністермен ғана шектеліп, өзінің танымдық маңызын жоғалтуы мүмкін.

Оқушылармен істелген жұмыс формасының әртүрлілігі-қызықты физика кешінің табысты болуының қажетті шарты. Дәстүрлі қызықты тәжірибелер, атракциондар, викториналардан өзге де жұмыс формалары оқушылардың қызығушылығын тудырады, мысалы қысқа ғана қызықты физикалық әңгіме-жұмбақтар, физикалық қатесі бар әңгімелер (оны оқушылар табуы керек), сұрақтармен берілген сурет-жұмбақтар.

Егер залда отырған оқушылар тек көрермен болып қана қоймай, олар да кешке белсенді араласып отырса, онда жұмыстың мұндай формасы методикалық жағынан аса құнды болмақ.

Қызықты физика кешінде орындалатын қызықты тәжірибелердің орны бөлек. Ол тәжірибелер мүмкіндігінше техникада және тұрмыста кең қолданылатын, сондай-ақ табиғатта жиі байқалатын құбылыстың практикалық қолданылуы туралы қысқаша әңгімеленіп тұрса, кештің мазмұны арта түседі. [4]



Қорытынды

Физика – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.

Бірақ, қазір техниканың өрлеу кезеңінде физика пәнінің мұғалімдері оқушылардың пәнге деген қызығушылығының төмендегенін айқындайды. Бұған қазіргі материалы өте қиын және кемшілігі мол оқулықтар кінәлі. Ал физиканың өзі жоғары сыныптарға өту барысында түсініксіз, қызықты емес пәнге айналды. Осы қызық және қажетті, бірақ қиын пәнді балалар жақсы көріп, қажетті екенін түсінуіне қандай жағдай жасау керек? Білім беру ісін ізгілендіру туралы жиі айтылуда. Бұл көкейкесті мәселе.

Бұны жүзеге асыратын мұғалім. Оның эрудиясы, білімінің тереңдігі, оқушының психологиясын білуі, заманына сай болуы ескеріледі. Әлем танымды. Бала бұны сәби кезінен біледі. Механиканы ол тәжірибелі болып, эмпирикалық білімімен оқи бастайды. Бәрімізге мәлім, механика ойдың аналитикалық және логикалық негізін дамытатын ғылым, бірақ мұғалім тек логикалық ойын дамытуға талап етіп баланың эмоциясын, сезімін қозғамаса, алған білімі жетіңкіремей, дүниенің заңдарын түсіне алмайды. Мұғалім сабақта жағымды психологиялық жағдай жасай білсе, бала өзін еркін сезініп, нық сенімді болып, жұмыс қабілеті жоғарылайды. Ал сабақ лайықсыз психологиялық түрде өтсе, бала өз-өзіне сенбей, пәнді жек көріп кетуі де мүмкін. Осы жағдайда бала дамымайды. Оқушылардың кішкене болса да, табыстарын көтермелеп, бейіл білдіріп, рухани қолдап отыру керек. Қазақ мақалында «Ағаш пен мұғалім жемісімен белгілі» - деп айтылады. Осылайша оқушыларға сабақта дамитын шарт жасап отырсақ, нәтижесі де жақсы болады.

Мектеп оқушылары механикалық білімді 7 сыныптан бастап ала бастайды. 7 сыныптағы физика курсының құрылымы мен мазмұнына тоқтала кетейін. 7 класқа жалпы 68 сағат берілген, аптасына екі сағат.


    1. Физика және Астрономия-табиғат туралы ғылым. (3 сағат).

    2. Заттың құрылысы 6 сағат.

    3. Денелердің қозғалысы және әсерлесуі. 21 сағат.

    4. Қысым. 14 сағат

    5. Жұмыс. Қуат. Энергия. 14 сағат.

    6. Резервтік уақыт. 10 сағат.

Көріп отырғанымыздай, сағат көп бөлінбеген. Оқушылардың

механикадан білімді толық игеруіне бұл сағат жетпейді. Сондықтан осы аз уақыттың ішінде оқушыларды механикаға қызықтыру үшін, олардың маңызды білім алуы үшін дипломдық жұмысымдағы әдістемелерді қолданатын болсақ, оқыту жемісті болады деп есептеймін. Механиканың әрбір бөлімін оқушыларға қызықты, түсінікті етіп жеткізу үшін жоғарыда келтірілген әдістерді болашақта қолданамын. Соның бәрін сабақта орнымен қолдансам, оқушылар менің сабағыма қызығады деп ойлаймын. Сабақта ойын элементтерін қолдануды, зертханалық жұмыс ұйымдастыруды, сапалық есептерді сабақта қолдануды, электрондық оқулықтарды сабақта қолдануды т.б. жүзеге асыратын болсақ, жақсы нәтижеге жетеміз. Менің бір ұсынысым бар: барлық физика кабинеттерінде кемі 10 компьютер болса. Себебі, лабораториялық жұмысты орындап болғаннан кейін, оқушылар оның есептеуін компьютерде дайындалған программаға салып, нәтижелерін алар еді. Бұл арқылы мұғалім де, оқушы да алтын уақыттарын үнемдей алатын еді.

Мен оқушылардан механика бөлімі бойынша тест алдым. Ондағы мақсатым- механикадан қалдық білімдерін тексеру. Зерттеу Қ.Сыпатаев атындағы техникалық лицей мектебінде, 10 сыныптар арасында жүргізілді. Жалпы қатысқан оқушы саны 57 болды.

5 алған оқушылар – 12

4 алған оқушылар – 25

3 алған оқушылар – 13

2 алған оқушылар – 7

Олар механиканы бұрын өтіп кеткен. Сондықтан тесттің бұл нәтижесі жақсы. Демек, олар механика білімін жеткілікті мөлшерде игерген. Олар «Физиканы жақсы көресің бе?» деген сұраққа 57 оқушының 54-і «Иә» деп жауап берген. Оқушылар техникалық бағытта білім алып келе жатқандықтан, бұл қорытынды оларға лайық деп есептеймін. Кейін мен мұғалім болғанда, барған сыныбымнан тест аламын. Кейін сабақ өту кезімде дипломдық жұмысымдағы әдістемелерді қолданып, біршама уақыт өткеннен кейін тестті қайтадан аламын. Сол кезде менің қаншалықты дәрежеде білім бергенімді сол тест нәтижесінен байқаймын. Оқушыларымның физикаға қызығушылығы артатынына сенемін.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кикоин И.К., Кикоин А.К. Физика: Учебник для 9 кл. сред. шк. –М., «Просвещение», 1994.

  2. Башарұлы Р., Морзабаева Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Байжасарова Г.З., Кем В.И., Кронгорт Б.А. ҚР БМЖМС 2003-2002 негізіндегі «Физика» оқу пәні бойынша білім берудің мемлекеттің жалпыға міндетті стандарты.

  3. Жарықбаев Қ. Психология. –А., «Білім», 1993.

  4. Орехов В.П., Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы.-А., «Мектеп», 1978

  5. Әлімбекова Г.Ә. Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту /Оқу құралы/. -А., «Литера», 2001.

  6. Чеботарева А. Оқушылардың 6-7 кластарда физикадан орындайтын өзіндік жұмыстары /Дидактикалық материал/. -А., «Мектеп», 1989.

  7. Иванова Л.А. Активизация познавательной деятельности учащихся при изучении физики : Пособие для учителей.-М., «Просвещение», 1990.

  8. Шахмаев Н.М., Шилов В.Ф. Физический эксперимент в средней школе: Механика.,-М., «Просвещение», 1989.

  9. Қойшыбаев Н. Механика /Оқулық/.-А., «Зият Пресс», 2005.

  10. Тәжібаев С. Қолданбалы механика /Оқулық/. –А., «Білім», 1994.

  11. Колосков В.С. Силы в законах Ньютона: Для обсуждения в кругу преподавателей физики средней школы.-М., 1992.

  12. Ланина И. Я. Не уроком единым: Развитие интереса к физике.-М., «Просвещение», 1991.

  13. Методика преподавания физики в 7-8 классах средней школы /Пособие для учителя/ под редакцией А.В.Усовой. –М., «Просвещение», 1990.

  14. Тарасов Л.В. Современная физика в средней школе. –М., «Просвещение», 1990.

  15. Шишкин Н.Н. Клуб юных физиков /Кн. для учителя/. –М., «Просвещение», 1991.

  16. Юфанова И.Л. Заниметельные вечера по физики в средней школе /Кн. для учителя/. –М., «Просвещение», 1990.

  17. Очков В.Ф., Пухначев Ю.В. 128 советов начинающему программисту.-М., «Энергоатомиздат», 1992.

  18. Баула В.Г. и др. Основы программирования и алгоритмические языки. –М., «Энергоатомиздат», 1991.

  19. Абрамов С.А., Гнездилова Г.Г., Капустина Е.Н., Селюн М.И. Задачи по программированию. –М., «Наука», 1988.

  20. Дегтярев Б.И. Решение задач по физике на программируемых микрокалькуляторах /Кн. для учителя/. –М., «Просвещение», 1991.

  21. Әбдрахманов Е. Қазақ мектептеріндегі физиканы оқыту методикасының кейбір мәселелері. –А., «Мектеп», 1976.

  22. Нұрбатырова Қ.Т. Физикалық оқу экспериментін жетілдірудің әдістемелік негіздері.-А; 2004.

  23. Перышкин А.В. и др. Методика преподавания физики в 6-7 кл. средней школы. –М., 1985.

  24. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. –А., «Рауан», 1998.

  25. Сүйеубаева Л. Есептерді шығаруда компьютерді пайдалану. ИФМ №3, 1999, 13-бет.

  26. Кеңесбаев С. Компьютерді пайдаланудың әдістемелік жүйелері // Қазақстан мектебі, № 4, 2004, 37-б.

  27. Таболдинова С. Физикадан есеп шығаруда компьютерді қолдану Математика және физика. № 4, 2003, 15-б. № 5, 2003, 61-б.

  28. Алексеева М.Н. Физикаға құмар өренге... –А., «Рауан», 2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет