І-тарау. Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы


Мемлекеттік айыптаудың субъектілері



бет2/4
Дата16.06.2016
өлшемі307 Kb.
#139611
1   2   3   4

1.3. Мемлекеттік айыптаудың субъектілері.

Мемлекеттік айыптау қылмыстық іс – жүргізушілік функция ретінде тек мемлекеттің арнайы органдарымен – прокуратурамен жүзеге асырылады. Мемлекеттік айыптаудың субъектісі прокурор (аудандық прокурор, оның көмекшісі, жоғарғы тұрған прокурор) болып табылады.

Аудандық (қалалық) прокурор – сотта мемлекеттік айыптауды қолдайтын негізгі лауазымды тұлға. Прокурордың қылмыстық істерді сотта қарауда қатысуын анықтайтын барлық заң ережелері бірінші кезекте соларға қолданылады. Аудандық прокурорларға бірінші кезекте сот органдары актілері негізділігін және заңдылығын қадағалауға байланысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары мен нұсқаулары жүктеледі және де солардан бірінші кезекте қылмыстық істі сотта қарауда жәберілген қателер үшін жауап алынады. Алайда, бұл жоғарғы тұрған прокурорлар соттың қылмыстық істі дұрыс қарауына қадағалау жүргізбейтіндігін білдірмейді. Бірақ, аудандық прокуратура – бұл прокурорлық жүйенің негізгі саласы және аудандық прокурор қадағалау жұмыстарының елеулі бөлігін атқарады. Қылмыстылықпен күресудегі жақсы нәтижелер аудандық прокурордың мемлекеттік айыптаушы ретіндегі белсенді және бастамашылық қызметіне байланысты.

Аудандық және қалалық соттар мен қылмыстық істерді қарағанда іске қатысуды ол үшін арнайы белгіленген аудандық немесе қалалық прокурордың орынбасары немесе көмекшісі жүзеге асырады.8 мемлекеттік айыптау сотта прокурордың көмекшісімен жүргізілетіндігін Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 62-бабынан көре аламыз. Оған сәйкес прокурор - өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлік прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары мен көмекшілері, прокуратуралардың қадағалау саласы жөніндегі прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады. Әрине, аудандық прокурордың өзі кез-келген қылмыстық іс бойынша сотта мемлекеттік айыптауды қолдай алады. Бірақ, егерде ол айыптауды қолдауды өзінің көмекшісіне жүктесе, соңғысы заң мемлекеттік айыптаушыға беретін барлық іс–жүргізушілік құқықтарды иеленеді. Прокурордың көмекшісі ешқандай шектеулерсіз қылмыстық іс бойынша сотқа және дәлелдемелерді зертеуге қатысуға, қорытынды беруге, сот жарыс

_____________________

8 В.И. Басков, Б.В. Коребейников. Курс прокурорского надзора. М, 2000, стр. 282.
сөздеріне қатысуға т.б. құқылы.

Сотта мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурордың көмекшісі анықтау немесе алдын-ала тергеу органдарының заңдылықты сақтауын қадағалайтын прокурордың көмекшісіне қарағанда іс жүргізушілік жеке тұрақтылығы кеңірек болады. Бұл мынамен түсіндіріледі: анықтау және алдын-ала тергеу органдарының заңдылықты сақтауын қадағалауда прокурордың көмекшілері үнемі, өзінің қызметінің әрбір уақытында прокурордың әкімшілік және іс-жүргізушілік тәуелділігінде болады. Ал, сотта жағдай басқаша. Онда прокурордың көмекшісі іс-жүргізушілік жағынан алғанда толық жеке тұрақты және прокурорға тәуелді емес. Сот өндірісінің барсында ол өзінің қызметтерін жүзеге асыруда прокурормен келісуге міндетті емес және оның бекітілуі қажет емес. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 62-бабының 4 бөліміне сәйкес, прокурор өзінің іс-жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тіуелсіз болады және заңға ғана бағынады. Прокурордың көмекшісі сотқа қатысуда, оны үнемі прокурормен байланыстыратын әкімшілік тәуелділіктен босайды.

Мемлекеттік айыптаудың құқықсубъектілігін аудандық прокурордан жоғары тұрған кез-келген прокурор иеленеді (облыстық және оған теңестірілген прокурорлар, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары). Мемлекеттік айыптаушы ретінде жоғары тұрған прокурор өзінің жағдайына ұқсас соттарда (облыстық және оған теңестірілген соттар және Жоғарғы Сот) бірінші инстанцияда қылмыстық істі қарауда қатысады.

Прокурор мемлекеттік айыптаушы ретінде сотқа фактілік және

заңдық алғы шарттар болған жағдайда қатысады. Фактілік алғы шарттар дегеніміз – прокурордың тергеу жұмыстарының және сот өндірісінің талаптарын жақсы білуі. Осы жағдайда ғана прокурор істің материалдарын терең зерттей алады және сотқа ақиқатты орнатуды көмек көрсете алады. Прокурордың сотқа қатысудағы фактілік маңызды элементтерінің бірі – прокурорда сотталушының кінәлілігі туралы ішкі сенімділігінің болуы. ҚР ҚІЖК-нің 317-бабының 6 бөліміне сәйкес, айыптауды қолдай отырып прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көз қарасын басшылыққа алады. Ішкі сенімділіксіз прокурор сотта өзінің мемлекеттік айыптаушы ретіндегі іс-жүргізушілік функциясын атқара алмайды. Заңдық фактілер дегеніміз – прокурордың сотқа қатысу мүмкіндігінің нормативтік – құқықтық актілерде орын алуы. Қазақстан Республикасының Президентінің "прокуратура туралы" Заң күші бар Жарлығының 30-бабына сәйкес прокурор қылмыстық азаматтық немесе өзгеде сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекеттік мүддесін білдіреді. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 62-бабына сәйкес, соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттік мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады. ҚР ҚІЖК-нің 317-бабының 1 бөліміне сәйкес, прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда мемлекеттік айыптаушы ретінде бас сот талқылауына қатысуы міндетті.

Прокурордың қылмыстық іске қатысуына қарсылық білдіру негіздері ҚР ҚІЖК-нің 91-бабына сәйкес, прокурор осы Кодекстің 90-бабында көзделген мән жайлардың кез-келгені болған кезде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатыса алмайды. ҚР ҚІЖК-нің 90-

бабына сәйкес, судьяға қарсылық білдіру егер ол:

1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі соттай алуға жатқызылған судья болып табылмаса;

2) прокурордың шешіміне жасалған шағымды қараса;

3) аталған іс бойынша жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретінде шақырылса не шақырылуы, қорғаушы, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің мүмкін болса;

4) осы қылмыстық іс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеуші, прокурор өкілі ретінде іс жүргізуге қатысса;

5) жәбірленушідің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушінің немесе анықтаушының туысы болса;

6) егер судья жеке, тікелей немесе жанама осы іске мүдделі деп санауға негіз беретін өзге де мән жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды.


Прокурордың алдын-ала тергеу немесе анықтау жүргізуге қатысуы, сонымен бірге оның сотты айыптауды қолдауы оның іске одан әрі қатысуына кедергі болып табылмайды ( ҚР ҚІЖК-нің 91-бабының 2 бөлімі).

Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері сот талқылауында белгілі

бір құқықтық жағдайды иеленеді. Сот өндірісінің кез-келген қатысушысының құқықтық жағдайы қылмыстық іс жүргізудің бұл сатысының мәні мен құрылысымен анықталады. Айыптау және қорғау функциялары өздерінің дәлелдерін дәлелдеу мүмкіндіктерінің теңдей сот өндірісінің қатысушыларының арасында бөлінген және бұл жағдайда соттың істі шешу функциясын атқару мен қатар, қылмысты жасаудың толық, жан-жақты және обьективті зерттелуіне көмек беруі қылмыстық процестің негізінде жарыспалылық қағидасы жатқандығын көрсетеді. Қылмыстық процестің жарыспалылық қағидасы негізінде құрылады делік. Ол мынаны білдіреді:


  • айыптаушы сотта айыптауды қолдайды, бірақ өзі істі шешпейді. Сотталушының кінәлігін және сот отырысында туындайтын басқа да сұрақтарды шешу сот төрелігі орган ретінде жұмыс істейтін тек сотқа ғана тиесілі.

  • Айыптаушы және айыпталушы іс жүргізуде тараптар ретінде қатысады. Яғни, сот отырысының мұндай қатысушыларында іс-жүргізушілік мүдде болады және заң оларға өздерінің дәлелдерін дәлелдеуге бірдей құқықтыр берген.

  • Сот тараптар келтірілген дәлелдерге байланысты емес және олар келтірілген дәлелдерді зерттеумен ғана шектелмейді. Ол істің жағдайларын анықтау үшін іс-жүргізушілік әрекеттерді таңдауда толық тәуелсіз.

Осыған сәйкес жарыспалылық процестің мәні айыптау, қорғау және істі шешу функцияларын сот және тараптардың арасында бөлу болып табылады. Нақ осы жағдай, яғни қылмыстық іс жүргізудің жарыспалылық қағидасының мәні сот және тараптар арасында

функцияларды бөлу прокурордың процестегі орны туралы қызу пікірталастар туғызады.

Мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор сотта тарап болып табылады деген сұрақ пікір таластың негізі. Прокурор сотта тарап па әлде тарап емес пе деген сұраққа жауап бермес үшін, "тарап" терминінің мазмұнын және мағынасын ашып алу қажет. "Тарап" ұғымы зыңмен қорғалатын белгілі бір мүддені қорғайтын және бұл үшін сот отырысы қатысушыларының барлық құқықтарын иеленетін, қарсы позицияны қорғайтын сот отырысының қатысушысын білдіреді.

Айыптауды қолдайтын прокурорда да белгілі бір жүргізушілік мүдде болады. Мұндай мүдденің болуы прокурор қылмыстық заңының бұзылуын анықтап және кінәліні анықтап, айыптау қорытындысын шығарып, істі соттың қарауына беруімен байланысты. Айыптау қорытындысының негізділігін танып және оны бекітіп, прокурор әрине соттың бұл қорытындысымен келісуіне және айыптау үкімін шығаруына мүдделі болады. Прокурордың іс-жүргізушілік мүддесі басынан аяғына дейін заңдылықты сақтауды қадағалау жүргізетін орган ретіндегі жағдаймен түсіндіріледі. Сот отырысында прокурор айыптау ретіндегі іс-жүргізушілік жағдайын иеленетіндігі сөзсіз. ҚР ҚІЖК-нің 62-бабының 1 бөліміне сәйкес, соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.

Белгілі бір іс-жүргізушілік мүддені иелене отырып, тараптардың әрқайсысы өздерінің дәлелдерін қорғау үшін басқа тараптармен теңдей болу қажет. Тараптардың теңдігі – жарыспалылық процесінің негізгі талабы болып табылады. Бұл талап қазақстандық қылмыстық

іс жүргізу заңында сақталған ба? Осыған байланысты мынадай көзқарас қалыптасқан. Заңдардың орындалуына қадағалау жүргізетін органның өкілі ретінде прокурордың ерекше жағдайды иеленуіне байланысты мемлекеттік айыптаушы мен сот отырысының басқа қатысушылары арасындағы теңдігі туралы айтуға болмайды және де прокурор тарап болып табылмайды, бұл оның қылмыстық процестегі фактілік жағдайына сәйкес келмейді. В.А. Болдыревтің ойынша: "Қылмыстық процстегі мемлекеттік айыптаушы мен басқа тараптың арасында теңдік белгісін қою дұрыс болмас еді. Мемлекеттік айыптаушының жағдайы басқа тараптың жағдайынан мүлдем ерекше. " В.И. Басковтің ойынша, "Прокурордың іс-жүргізушілік жағдайы және сотталушының іс-жүргізушілік жағдайы бірдей емес."

Жоғарыда келтірілген авторлардың пікірлері әртүрлі уақытта жазылған. Бірақ, оларды бір ғана ой біріктіреді: прокурордың іс-жүргізушілік жағдайын сот отырысының басқа қатысушыларының іс-жүргізушілік жағдайымен теңдей алып қарауға болмайды. Осыған, яғни жоғарыдағы авторлардың пікіріне сәйкес, сот отырысындағы прокурордың фактілік және заңдық жағдайы басқа тұлғалардың жағдайымен бірдей емес. Бұл жалпы танылған және ешкіммен дауланбайды.

Тараптың іс-жүргізушілік орнын иелене отырып прокурор заңдардың дұрыс қолдануын қадағалайтын орган ретінде қала береді. Прокурорға қатысты тарап ұғымы оның барлық қасиеттерін жауып тастамайды. Бірақ,неге мұндай пікір қалыптасты және оны шешудің ешқандай жолы жоқ па? (мына баламадан басқа – тарап айыптаушы немесе заңдылықты қадағалайтын орган). Менің ойымша


прокурордың соттағы ролін дұрыс түсінбеу прокуратураны заңдылықты қадағалайтын орган ретінде бекіту және бұл міндетті атқарудың әдіс тәсілдерінің арасындағы байланысты дұрыс анықтамауда жатыр. Қазақстан Республикасының прокуратурасы – Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және біріңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган (ҚР Президентінің "Прокуратура туралы"күші бар Жарлығының 1-бабы). Бұл функциясынсыз прокуратура мемлекеттік орган ретінде танылмайды.

Прокурор өзінің қызметінің мазмұнына қарай сотты заңдардың дәл және біріңғай қолданылуына қадағалауды мемлекеттік құқықтық функциясын жүзеге асырады. Өзінің іс-жүргізушілік жағдайына байланысты прокурор сотта – тарап айыптаушы ретінде қызмет етеді. П.С. Елькинттің ойынша, "заңдылыққа прокурорлық қадағалау жүргізу және сотта мемлекеттік айыптауды қолдау оның қылмыстық сот өндірісіндегі арнайы мақсатын білдіреді. М.А. Чельцовтің айтуынша:"заңда прокурорды сот отырысындағы басқа қатысушылармен теңестіруге болмайтын ерекше іс-жүргізушілік жағдайы көрсетілген".9 Сонымен, жоғарыда келтірілген пікірлерге талдау жасай келе, мынаны анықтауға болады – мемлекеттік айыптаушы ретінде шыға отырып, кез-келген рангтағы прокурор ҚР Бас Прокурорының өкілі болып табылады. Ол қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілі. Мемлекеттік айыптауды қолдауда, ол соттардың қылмыстық істерде қарауда заңдылықты сақтауын қадағалау

______________________

9 М.А.Чельцов. Советский уголовный процесс. М, 1962 стр. 63.
міндетінен босамайды.10 ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, прокурор қылмыстық процесте тарап болып табылады және заң оны сот отырысының басқа қатысушышарының алдында дәлелдемелер келтіруде, оны зерттеуге қатысуда, ұсыныстар білдіруде артықшылықтар бермейді (ҚР ҚІЖК-нің 317-бабы). Сонымен қатар, заң прокурорды сот отырысының басқа қатысушыларынан ерекше жағдайға қояды. Бұл прокурордың артықшылығы емес, ол оның алдына қойылған міндеттерді, өзінің функцияларын тиісті түрде шешу үшін қажетті жағдайлар туғызуға арналған. Жәбірленуші өз атынан шыға отырып, ал қорғаушы сотталушының тапсырмасымен және соттың, тергеушінің тағайындауымен шыға отырып, сот отырысында орын алған заң бұзушылықтарға өзінің құқықығына сәйкес әрекет ете алады және оны істемеуіде мүмкін. Заң оларды істеуге жәбірленуші мен қорғаушыны міндеттемейді. Ал, прокурор заң мен мемлекет атынан шыға отырып, сот отырысында орын алған заң бұзушылықтарды, оларды кім жасағанына қарамастан, ол заң бұзушылықтарды жоюға шара көруге құқықты ғана емес, міндетті болып та табылады. Сот тәжірибесін талдаудың нәтижесіне сәйкес, 2000 жылы Республика бойынша соттармен 3742 тұлғаға қатысты 2421 қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілген. Ол істерге қатысты істі қосымша тергеуге қайтарудың заңсыздығы туралы прокурорлардың наразылықтыра бойынша кассациялық инстанциямен 1190 тұлғаға қатысты іс алынып тасталды.11

II-тарау. Қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауында мемлекеттік айыптауды қолдау.
______________________

10 М.С. Нарикбаев, Г.К.Утибаев. Прокурорский надзор в Республике Казахстан. А, 2004, стр. 158-159.

11 М.С. Нарикбаев, Г.К.Утибаев. Прокурорский надзор в Республике Казахстан. А, 2004, стр. 163.

2.1. Бас сот талқылауы-қылмыстық іс жүргізудің шешуші сатысы.

Адамды кінәлі деп тану және қылмыстық жазаны қолдануды тек соттың жүзеге асыруы туралы заңда маңызды ереженің бекітілуі бас сот талқылауын қазақстандық қылмыстық процестің орталық, маңызды және шешуші сатысы ретінде, ал сот отырысында прокурордың заңдардың қолданылыуына қадағалау жүргізуіне оның қызметінің маңызды орын алатындығын көрсетеді. Үкімнің заңға сәйкестігі және негізділігі іс бойынша тергеудің жақсы жүргізілгендігіне және сот өндірісінің толық, жан-жақты және объективті жүргізілгендігіне байланысты. Сот отырысының мақсаты алдын-ала тергеу құжаттарының тексеру ғана емес, сотпен іс құжаттарын жеке тексеру де жатады.

Басты сот талқылауы – бұл қылмыстық іс жүргізудің жеке және шешуші сатысы. Онда қылмыстық іс мәні бойынша шешіледі. Ақиқатты орнату және әділетті үкім шығару мақсатында бұл сатыда алдын-ала тергеу мен анықтау органдары келтірген дәлелдерді тексеру және құқықтық баға беру жүргізіледі. Демократиялық қағидаларға сәйкес құрылған сот төрелігі азаматтарға үлкен тәрбиелеушілік әсер береді.

Үкім бірінші инстанциялы соттың дәлелдемелерді терең және объективті тексеру нәтижесінде және сот өндірісінің барлық талаптары сақталғанда әділ және заңды болады.

Бас сот талқылауы – қылмыстық процестің маңызды және негізгі сатысы. Нақ осы сатыда істің мән - жайлары тексеріледі және жиналған дәлелдемелерге түпкілікті баға беріледі. Прокурор айыптауға негіздер
болған жағдайда мемлекеттік айыптауды қолдайды, сотталушыны кінәлі деп табуын дәлелдейді немесе жазасын жеңілдетуді сұрайды. Ал, сот істі толық, жан-жақты және объективті шешеді.

Прокурордың басты сот талқылауындағы өкілеттіктері ҚР ҚІЖК-нің 317, 396 (үшінші бөлігіне сәйкес), 458, 460-баптарына сәйкес анықталады. Прокурор өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыру барысында тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.



2.2. Прокурордың басты сот талқылауында істі қарауға дайындалуы.

Қылмыстық істің материалдарын өте жақсы білу - мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурорға қойылатын міндетті талап. Прокурор қылмыстық істің тергелуіне қадағалау жүргізгеннің өзінде немесе айыптау қортындысын бекіткеннің өзінде әрқашанда қылмыстық істің материалдарын терең,әрі нақты зерттеуі тиіс. Процеске кіру барысында, жеңіл қылмыстық істердің өзінде, істің мәнін сот барысында түсініп алу мүмкіндігіне сенуге болмайды. Сот отырысының ең басында, яғни, сот отырысының дайындық сатысында прокурор процеске белсенді түрде қатыса бастайды. Прокурор сотқа істі куәларсыз қарау мүмкіндігі туралы қортынды береді, дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі туралы сотқа ұсыныс айтады. Мұның барлығын прокурор қылмыстық істің материалдарын сотқа дейін білмейінше жүзеге асыра алмайды.

Соттарда мемелекеттік айыптауды қолдайтын прокуратура органдарының жұмыстарының анализі сот трибунасында прокурордың төмен дәрежеде сөз сөйлеуі – сот процесіне қатысуда прокурорлардың төмен дайындығын, заңды жақсы білмеуін, ал кейбір
жағдайларда жеткілікті тәжірибесінің болмауын көрсетеді. Кейбір мемлекеттік айыптаушылар, әсіресе жас мамандар, прокурорлық функцияның бұл маңызды қызметін атқаруда теориялық және кәсіби жағынан төмен дайындығын көрсетеді. Сондықтан да, олар мемлекеттік айыптауды қолдамастан бұрын, қылмыстық істің материалдарын терең зерттеулері және білуі тиіс.

Прокурордың басты сот талқылауында істі қарауға дайындалуына мыналар кіреді: қылмыстық істің материалдарын толық зерттеу, заңмен танысу, жасалған қылмыстың ерекшелігін зерттеу және дәлелдемелерді зерттеулердің тәртібі туралы ұсыныстарды дайындау. Сот отырысына дайындалудың көптеген жекелік, шарттық және елеулі жағдайларда прокурордың жеке қасиеттерінің болуымен байланыстырылады. Прокурорлар істің материалдарын зерттеудің өздерінің тәжірибесімен қалыптасқан әдіс-тәсілдерді қолданады және де ол әдіс-тәсілдер прокурорлардың есте сақтау, дәлелдемелердің анализіне мүмкіншілігі және логикалық ойлау, сот тергеуінде анықтауға қажеті істегі басты нәрсені таба білу және сот процесінің барысы және оның нәтижесі туралы алдын ала біле алу мүмкіншілігі сияқты жеке қасиеттеріне байланысты болып келеді.

Мемлекеттік айыптауды қолдау функциясы жүктелген прокурорлардың уақыты елеулі түрде шектелген, сондықтан оларға өздерінің жұмыстарының регламентін қатаң анықтау және қылмыстық істерді зерттеудің белгілі бір жүйесін жасау қажет. Қылмыстық істерді зерттеудің әдістемелері әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда прокурорлар қылмыстық іспен айыптау қортындысы арқылы танысады. Мұндай жағдайларда прокурор айыптау
қортындысының шегімен алдын ала байлаулы болады және тергеуші таңдаған версиялардың “тұтқынында” болады. Басқаша айтқанда прокурор қылмыстық істің материалдарын айыптау қортындысының шегінде біледі. Ал, прокурордың қылмыстық істі қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан бастап зерттеуі тиімді әдіс болып табылады. Ол жағдайда прокурор қылмыстық істің материалдарын зерттеуде тергеуші жүретін жолмен жүреді және тергеушінің неге басқа версияны тастап, бұл версияны алғандығы және неге осы әрекеттер жүргізілгендігі туралы прокурорға түсінікті болады. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 190, 192 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 197, 289 баптарында прокурордың сотқа дейінгі іс жүргізу кезіндегі өкілеттіктері енгізілген.

Қылмыстық іспен танысу барысында прокурор дәлелдемелерді зерттеумен қатар, ҚР ҚІЖК-нің 281-бабына сәйкес, прокурор айыптау қорытындысымен келіп түскен қылмыстық істі зерделеуге және мыналарды тексеруге міндетті:

1) айыпталушыға таңылып отырған әрекеттің жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын;

2) істі оны тоқтауға әкелетін мән-жайлардың бар-жоғын;

3) тағылған айыптың негізді-негізсіз екенін, оның істе бар дәлелдемелермен расталатынын;

4) айыпталушыға іс бойынша барлық анықталған жәнге дәлелденген қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын;

5) қылмыс жасалғаны туралы іс бойынша дәлелдер табылған
барлық адамның айыпталушылар ретінде жауапқа тартылғанын тартылмағанын;

6) айыпталушының әрекеті дұрыс сараланғанын-сараланбағанын;

7) бұлтартпау шарасының дұрыс тағылғанын-тағылмағанын және істе оны өзгертуге не алып тастауға негіздердің бар-жоғын;

8) азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлікті ықтимал тәркілеу шараларының қабылданғанын-қабылданбағанын;

9) айыптау қорытындысының ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес жасалғанын-жасалмағанын;

10) алдын ала тергеу жүргізуде қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылыққа жол берілгені-берілмегенін тексеруі міндетті.

Прокурор айыптау қорытындысымен келіп түскен істі қарайды және он тәуліктен аспайтын мерзімде ол бойынша мынадай іс- әрекеттердің бірін жүргізеді:

1) өзінің қарарымен айыптау қорытындысымен келісетінін білдіреді және айыпталушыны сотқа береді;

2) өзінің қаулысымен айыптаудың жекелеген тармақтарын жоққа шығарады не айыпталушының әрекетін жеңілірек қылмыс туралы заңды қолдана отырып, қайта саралайды,

3) қылмыстық і сті толық көлемінде немесе жекелеген айыпталушыларға қатысты тоқтатады;

4) қосымша тергеу жүргізу немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшін өзінің жазбаша нұсқауларымен бірге істі тергеушіге қайтарады;

5) жаңа айыптау қорытындысын жасайды;

6) қорғау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа шақырылуға тиісті адамдардың тізімін толықтырады немесе қысқартады.

Айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша прокурор дәлелді қаулысымен айыпталушыға таңдап алынған бұлтартпау шарасының күшін жоюға немесе өзгертуге, не егер ондай бұлтартпау шарасы қолданылмаған болса, оны таңдауға құқылы.

Прокурор бас сот талқылауында істі қарауға дайындалып болған соң (қылмыстық істің материалдарын толық зерттеу, заңмен танысу, жасалған қылмыстың ерекшелігін зерттеу және дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі туралы ұсыныстарды дайындау) және ҚР ҚІЖК-нің 281-бабында көрсетілген мәселелерді шешкен соң, прокурор айыпалушыны сотқа беру туралы қаулы шығарады, бұдан соң ол қылмыстық істі айыптау қорытындысымен бірге дереу оны қарайтын сотқа жібереді. Істің сотқа жіберілгені туралы айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші және оның өкілдері, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері хабарландырылады. Прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесі және оған қосымшалардың табыс етілуін қамтамасыз етеді, бұл ретте қорғау куәларының тізімін қоспағанда сотқа шақырылуға жататын адамдардың тізімінде бұл адамдардың мекен-жайы көрсетілмейді. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және прокуратура органдарына келуден жалтарған
жағдайларда, прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесін тапсырмай-ақ, қылмыстық істі сотқа жібереді. Егер айыпталушының тұрып жатқан жері белгілі болса, айыптау қорытындысының көшірмесі оған почта арқылы жіберіледі. Қажат болған жағдайда прокурор республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, айыпталушының тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететін телекоммуникация желілерінде айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу туралы хабарлама жариялауды ұйымдастыруға құқылы. Айыптау қорытындысының көшірмесі, сондай-ақ олар бұл туралы өтінім жасайтын болса, қорғаушы мен жәбірленушіге де табыс етіледі. Айыптау қорытындысы жасалған тілді білмейтін айыпталушы мен жәбірленушіге көшірме олардың білетін тілінде аударылып табыс етілуге тиіс. Іс сотқа жіберілген соң іс бойынша өтініш пен шағымдар тікелей сотқа жолданады.

Прокурорға қылмыстық істердің жеке санаттарын тергеудің және сот отырысында қараудың әдістемелерін білу қажет. Кейбір жағдайларда арнайы әдебиеттерді, нұсқауларды, бұйрықтарды оқыған дұрыс болады. Мысалы, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы заңдарын бұзғаны үшін, тау-кен және құрылыс ережелерін бұзғандығы үшін, әуе, су, темір жол көліктеріндегі апаттарда осындай әдісті қолданған дұрыс болады.12




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет