І-тарау. Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы


Прокурордың сот тергеуіне қатысуы



бет3/4
Дата16.06.2016
өлшемі307 Kb.
#139611
1   2   3   4

2.3. Прокурордың сот тергеуіне қатысуы.

Сот тергеуінің іс жүргізушілік мақсаты соттың бастамасымен қылмыстық іс бойынша жиналған алдын ала тергеуде жиналған


______________________

12 В.И.Басков. Прокурорский надзор при рассмотрений судами уголовных дел.М, 1980стр.85.

құжаттарды тексеру және дәлелдемелерді зерттеу болып табылады. Сот тергеуінде қылмыстың оқиғасы және құрамы бекітіледі, оған кінәлі тұлғалар, жауапкершіліктің деңгейіне әсер ететін жағдайлар, залалдың көлемі анықталады. Үкімнің негізділігі мен заңдылығы сот тергеуінің толықтылығы мен объективтілігіне байланысты, өйткені, сот тергеуінде зерттелетін дәлелдемелер ғана үкімнің негізін құрайды. Сот отырысында келтірілмеген дәләлдемелерді үкімде көрсету, үкімнің жойылуына алып келеді. Соттың құрамы сот отырысында қылмыстық іс бойынша барлық дәлелдемелерді жеке дара зерттеуі тиіс. Сот тергеуінде соттың алдын ала тергеуге қарағанда аз уақыт ішінде дәлелдемелерді тексеруге, оларды бір-бірімен салыстыруға, сотталушылардан жауап алуға, тергеу экспериментін жүргізуге мүмкіндігі т.б. бар. Тергеу органдарымен келтірілген дәлелдемелердің дұрыстығын тексеру үшін, оларды сот тергеуінде зерттеу қажет.

ҚР ҚІЖК-нің 317-бабының 4 бөліміне сәкес, прокурор дәлелдерді ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы үсыныс айтады.

Үкімнің негізділігі және заңдылығы прокурордың процеске дайындығына, заңға негізделген позицияны таңдаудың кәсіби біліміне байланысты. Оның сот тергеуінде жіберіп алғандары сот үкімінің негізіне кірмейтіндігін прокурордың есте сақтауы қажет. Өйткені тек қана сот тергеуі ғана үкімнің негізін қалайды. “Соттың сөзі сот тергеуінің толықтамасы болып табылады, ал керісінше емес”,-деп

жазды П.Сергеич.13

Сот тергеуі барысында прокурордың ақтайтын дәлелдемелердің және жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың алдында айыптау дәлелдемелеріне және жауапкершілікті ауырлататын жағдайларға оң қабақ танытпауы тиіс. Кейбір факторлардың әсерінен прокурор дәлелдемелердің бірбағытты бағалануын жіберіп алуы мүмкін. Бірнеше рет соттылығының болуы, сотталушының жаман мінездемесі, оның жауап беруден бас тартуы прокурордың айыптау позициясын ұстауына әсерін тигізеді. Ал, жақсы мінездеме, сотталушы өзінің кінәсін мойындауы, оның жауаптары прокурордың критикалық позициясын өзгертуі мүмкін. Прокурордың міндеті, істің жағдайларының барлық жиынтығына сүйене отырып сотталушыға қатысты бұл объективті емес қатынасты жеңе білу болып табылады.

ҚР ҚІЖК-нің 347-бабына саәкес, сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі. Дәлелдемелерді алдымен айыптаушы тарап ұсынады. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін тараптар келісе отырып, сот белгілейді. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойынша сот қаулы шығарады.

Сот тергеуінің сәтті болуы белгілі бір жағдайларда дәлелдемелерді зерттеу тәртібінің прокурор ұсынысының дұрыстығына байланысты. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін таңдау, бұл жауап алудың кезектілігі ғана емес, дәлелдемелерді тексерудің де кезектілігі. Топтық көп эпизодты істер бойынша дәлелдемелерді зерттеудің тәртібін анықтау ерекше қиындықтар туындатады. Істің


______________________

13 П.Сергеич. Искусство речи на суде. М, 1960, стр.168.
сипатына байланысты прокурор зерттеуді эпизодтар бойынша жүргізуді ұсынуы мүмкін (сотталушылардың жауабынан соң эпизодар бойынша куәлардан жауап алынады). Ал, кейбір жағдайларда, алғашында сотталушылардан жауап алып, одан соң куәлардан жауап алған тиімді болады. Прокурор айыптау эпизодтарын хронологиялық тәртіппен немесе жасалған қылмыстардың ауырлығына байланысты зерттеу тәртібін ұсынуы мүмкін. Зерттеудің мұндай тәртібі соттың қылмыс жағдайларын зерттеуге және әрбір сотталушының ролін және кінәсінің деңгейін анықтауына жеңіл болады. Күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурор қолдауы мүмкін.

Тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, айыптауда келтірілген кінәсін мойындамағанның өзінде сот жәбірленушіден және куәлардан жауап алғанға дейін, сотталушыдан жауап алу барысында кейбір маңызды дәлелдемелер алуы мүмкін және керісінші, соңынан жауап алынатын сотталушы куәлардың жауабындағы келіспеушіліктерді пайдаланып жауап бере бастайды. Істің соңына ең мүдделі тиұлғалардың бірі ретінде сотталушы бірінші жауап беру барысында, оның ойынша маңызды болып табылатын жағдайларды, аргументтерді келтіреді. Сотталушы келтірген жауаптар айыптауды қолдайтын прокурор үшін өте маңызды роль атқарады. Солардың негізінде сот және прокурор басқа дәлелдемелерді зерттейді.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 345-бабына сәйкес, сот тергеуі айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке айыптау істері бойынша-арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысының

шағымды баяндауынан басталады.

Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті.

Сотталушыдан жауап алу. Сот әрекеттерінің ішіндегі сотталушыдан жауап алу және оның жауаптарын бағалау сотталушы өзінің кінәсін мойындағаны не мойындамағанына байланыссыз маңызды орындарының бірін алады. Жәбірленуші және куәға қарағанда жалған жауап беру үшін және жауап беруден бас тартқаны үшін сотталушы қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Сондықтан, прокурор сотталушы келтірген әрбір жауапты ерекше мән қойып анализ жасауы және бағалауы қажет.

ҚР ҚІЖК-нің 348-бабына сәйкес, сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етуші тағылған айып және істің басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немсе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін оған түсіндіреді.

Сотталушы айғақ беруге келісім берген кезде бірінші болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, одан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады.

Сотта сотталушыдан жауап алу алдын ала тергеудегі жауап алуға қарағанда әлде қайда қиын болады. Сотталушыдан жауап алудың әдістемесі ( жәбірленушіден және куәлардан да ) көбіне


прокурорлардың тәжірибелік біліміне, теориялық және мәдени деңгейіне байланысты. Прокурорлардан терең көңіл бөлініп, сотталушының жауабындағы келіспеушіліктерді анықтай алу мүмкіндігі және оларды сұрақ қою арқылы жою талап етіледі.

Мемлекеттік айыптаушы жауап алынатын тұлғаның психикалық ерекшеліктерін білгенде және оны қолдана білгенде ғана сотталушыдан жауап алу сәтті болады. Прокурор бұл әдістің сотталушыға қандай әсер ететінін білмесе, қандай себептер сотталушының шынайы жауап беруіне кедергі келтіріп тұрғанын анықтай алмаса, бірде-бір тактикалық сәтті қолдана алмайды. Прокурор барлық жағдайда ең алдымен сотталушымен қарым-қатынас орнатуға талпынуы керек. Прокурор мен сотталушы арасындағы қарым-қатынастың міндетті талабы-сотталушыда прокурордың объективтілігі және шынайылылығы туралы сенімсіздігінің болмауы болып табылады. Сотталушы прокурордың әділдігіне және объективтілігіне сенімді болуы қажет. Егер прокурор сотталушымен қарым-қатынас орнатса, ол еш қиындықсыз бұл эмоционалдық жағдайды анықтай алады. Сотталушының бірі кернеуленген болуы мүмкін, оны күтіп тұрған жауапкершілік қорқытады; екіншісі-ашу кернеп, қозып тұрады, өзінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысады; үшіншісі, флегмативті, оған соттың қандай шешім шығаратыны бәрібір болады. Жауап алынып отырған адамның эмоционалдық жағдайын білу сотталушыдан жауап алудың дұрыс тәсілін таңдауда, тактикалық әдістерді дұрыс қолдануда үлкен көмегін тигізеді. Жауап алудың екпіні, мінез кейпі байсалды, нақты, эмоционалдық кернеуленбеген болуы қажет. Айқайлауға, өзінің кінәсін мойындауды талап етуге болмайды. Бұл сотталушының тұйықталып қалуына алып келеді

немесе сотталушы байланыссыз жауаптар бере бастайды.

Өзінің кінәсін мойындамайтын сотталушыдан жауап алу өте қиын болады. Қылмыс жасаудағы өзінің кінәсін мойындамауда сотталушы алдын ала тергеумен келтірілген дәлелдемелерді жоққа шығаратын айғақтар келтіреді. Прокурордың міндеті - бұл бұл айғақтарды тексеруде немесе оларды жоққа шығаруда сотқа көмек көрсету, сотталушы жауапкершіліктен қашып кетпек екендігін дәлелдеу болып табылады. Сот тәжірибесі көрсететіндей, сотталушы ауыр қылмыс жасаған жауапкершіліктен құтылу мақсатында ауырлығы орташа, жеңіл қылмыстарды жасағандығын мойындайды.



Жәбірленушіден жауап алу. Қылмыстық процесте тікелей қылмыс пен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адам жәбірленуші болып табылады. Сот процесіндегі жәбірленушінің жағдайы күрделі болады: жәбірленушінің айыпталушыға тағылған айып туралы білуге; айғақ беруге; дәлелдер ұсынуға; өтініш пен қарсылық білдіруге; ана тілінде немесе өзі білетін айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; өкілі болуына; өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуғажәне оларға ескертпелер беруге; тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілген тергеу әрекеттеріне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға; қылмыстық іс қозғау туралы, оны жәбірленуші деп тану туралы немесе одан бас тарту туралы, істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау қортындысының көшірмесін, сонда-ақ үкімнің, апеляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмесін алуға; бірінші

сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыс сөздеріне сөйлеуге; айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; сот отырысының қаптамасымен танысуға және оған ескерту беруге қылмыстық процессті жүргізуші органның әрекетіне шағым әкелуге; соттың үкімі мен қаулысына шағымдануға; іс бойынша әкелінген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға; мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық сатудағы соттың пара алуына қатысуына құқығы бар.

ҚР ҚІЖК – нің 350 - бабында жәбірленушіден жауап алу тәртібі көрсетілген, оған сәйкес: жәбірленушіден осы Кодекстің 351 – бабының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген куәлардан жауап алу ережелері бойынша жауап алынады. Куәлердан жауап алу тәртібін төменде қарастырамыз.

Сот отырысында жәбірленушілер көбінесе өміріне, денсаулығына, ар-ожданына және мүлкіне қарсы жасалған қылмыстар бойынша қатысады. Зорлау, қарақшылық, тонау, дене жарақаттарын келтіру қылмыстар бойынша жәбірленушінің жауаптары сотталушының кінәлілігінің негізгі дәлелдері болып табылады. Бұл прокурорды жәбірленушіден ерекше мұқияттылықпен жауап алуына міндеттейді. Қажет болған жағдайда жәбірленуші мен сотталушы және куәлар арасында беттестіру жүргізу туралы сотқа өтініш білдіре алады. Жәбірленушіге тану үші адамдар және заттай дәлелдемелер көрсетілуі мүмкін.

Өзіне келтірілген зардаптан және бақытсыздықтан қайғырып тұрған жауап ала білу және такт талап етіледі. Жәбірленушіге оның көңіл – күйін жаралайтын сұрақтар қоюда абай

болу қажет. Бұл соттың алдында кәмелетке толмағандар тұрғанда ерекше маңызды болады. Ар-намысына тиетін сұрақтарды қоймау туралы сотқа өтініш білдіргенде, прокурор сотталушының және қорғаушының жағдайды зерттеуге кедергі келтірмеуі тиіс.

Жәбірленушінің жауаптарын бағалауда прокурор мен сот алдында белгілі бір қиындықтар туындайды. Өйткені, жәбірленуші істің өзінің пайдасына шешілуіне мүдделі болады. Кейбір жағдайларда жәбірленушілер, әсіресе, зорлау істері бойынша қысылуы, ұялуы немесе іске маңызды мәліметтерді жасырып қалуы мүмкін. Жәбірленуші жасырып отырған мәліметтердің қандай іс жүргізушілік маңыздылығы бар екенін білмеуі мүмкін.

Жәбірленушілердің алдын ала тергеуде берген жауаптарына қарама-қайшы сот тергеуінде жауаптар беруі мүмкін (көбінесе өз өміріне, денсаулығына қауіп келтіруге қорқыту салдарынан), яғни өзінің жауаптарын сотталушының пайдасына өзгертеді. Мұндай жағдайда мемлекеттік айыптаушының міндеті жауап алуды сауатты жүргізу және жауаптардың арасындағы қарама-қайшылықтарды ажырата білу болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушының жауап алуында өзінің позициясына қатысты бір бағыттылық, жетекші сұрақтар, сұрақтарға жауаптар болмауы тиіс.14

Жәбірленушіге заңмен берілген қүқықтар кешені, оның процеске белсенді түрде қатысуына мүмкіндік береді. Алайда, оның белсенділігі оның құқықтарының толық түсіндірілуіне және ол құқықтардың орындалуына байланысты. Көп жағдайларда жәбірленушілер заңнан жеткілікті немесе мүлдем хабардар болады. Осыған сәйкес, жәбірленуші сотталушыға, сарапшыға сұрақты дұрыс қоймауы
______________________

14 “Прокурорский надзор в Российской Федерации”, А.А.Чувилев. М, 2000, стр.242.
мүмкін. Нәтижесінде іс үшін маңызды жағдайлар анықталмауы немесе дұрыс талқыланбауы мүмкін. Мұндай жағдайларда прокурор жәбірленушіге заңмен берілген құқықтардың толық пайдаланылуына көмек көрсетуі тиіс.

Куәдан жауап алу. Куәлардан жауап алу тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 351-бабында көрсетілген:

1. Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.

2. Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға қарым-қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді. Куәға, сондай-ақ осы Кодекстің 82-бабында көзделген оның басқа да құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Куәға, сондай-ақ өзіне, еріне (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы, ал діни қызметшілерге - тәуба үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқандарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға хақылы екені түсіндіріледі. Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған, бірақ айғақ беруге тілек білдірген адамдарға көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығы түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тіркеледі.

3. Куәдан айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бірінші болып өтініші бойынша сот отырысына осы куә шақырылған тарап сұрақ қояды. Судьялар куәға одан тараптар жауап



алып болғаннан кейін сұрақ қояды.

Куәлардың жауаптары қылмыстық істер бойынша кең таралған дәлелдемелердің түрі болып табылады. Куә іс бойынша анықталуға жататын кез-келген жағдайлар бойынша жауап алынуы мүмкін, сондай-ақ сотталушының тұлғасы және оның онымен қарым-қатынасы туралы да жауап алынуы мүмкін. Прокурор соттың куәларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіруіне көңіл бөлуі тиіс. Сот отырысының дайындық сатысында куәларды жауап беруден және жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертетін судьялардың әрекеттері дұрыс емес. Прокурор сотталушының жағына шығатын және айыптауға қарсы шығатын сұрақтарды айналып өтпеуі тиіс. Бұл жағдай сотталушы қорғаушыдан бас тартқан жағдайда ерекше маңызды болады. Жәбірленуші мен куәнің жауаптарында келіспеушіліктер болған жағдайда, прокурор куәнің іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде берген жауаптарын жария етуге өтініш білдіруге құқықты.

Сотта куә болудың оңай міндет емес екенін прокурордың түсіне білуі тиіс. Сотта куәнің жауап беру барысына судьяның, прокурордың, қорғаушының және іске қатысушы басқа да азаматтардың көңілі аударылған және оның әрбір сөзіне, интонациясының өзіне көңіл бөлінеді. Сондықтан да, сотты шатастыру мақсатынсыз куә кейбір жағдайларда қысылуы мүмкін, фактілерді шатастыруы мүмкін. Сұрақтардың нақты және анық нысанына, жетекші сұрақтардың қойылуына және бос сүрақтардың қойылуына прокурор мұқият көңіл бөлуі тиіс. Даусыз, дәлелдеу қажет емес және ешкіммен дауланбайтын сұрақтарды қоюдың қажеті жоқ. Прокурордан куәға дұрыс сұрақ қоюмен қатар, куәны тыңдау да талап етіледі. Кейбір жағдайларда

пркурорлар куәға сұрақ қоюда оның жауабын күтпестен "бәрі түсінікті" деп жариялайды. Мұндай жауап алу тәсілі ақиқатты орнатуға көмектеспейді.

Кәмелетке толмағандардан, әсіресе фантазиялауға бейім жасөспірімдерден жауап алу барысында прокурорлардан жауап алудың үлкен өнері мен тактісі талап етіледі. ҚР ҚІЖК-нің 352-бабына сәйкес, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардан жауап алу педагогтың қатысуымен жүргізіледі, айғақ беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылық туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.



Сарапшыдан жауап алу және оның қортындысын бағалау. ҚР

ҚІЖК-нің 241-бабына сәйкес, егер іс бойынша: 1) өлімнің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін; 2) іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын; 3) ақыл-есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде күмән туғанда, сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәнінің жай-күйін; 4) ҚР Қылмыстық Кодексінде өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушьшың психикалық жай-күйін; 5) іс үшін маңызды куәнің, жәбірленушінің психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау қажет болғанда; 6) істің өзге мән-жайы басқа дәлелдемелермен дәл анықталмайтын болса, сараптаманы тағайындау мен жүргізу міндетті болады.

Сараптаманы міндетті тағайындаудың заңда негіздері анық көрсетілгенмен де, кей жағдайларда прокурордың немесе соттың

сұрауымен өз бастамалары бойынша іс жүргізушілік қажеттіліктерсіз де сараптама тағайындала береді. Мұндай сараптамалар көбінесе өрт, автокөлік оқиғалары, ұрлық және т.б. басқа қылмыстар бойынша тағайындалады.

Сарапшының қорытындысы прокурор мен сот үшін үнемі сенімді дәлелдеме болып табылады. Оның себебі, біріншіден, сарапшының қортындысы дәлелдеме ретінде оны жүргізетін адамнан шығады. Екіншіден, ол ғылым мен техника мәліметтерімен байланысты болады. Прокурор мен сот сарапшының қорытындысын бағалай отырып, сарапшы өзінің құзыреттілігінің шегінен шыққанын-шықпағандығын, ол қорытынды беруде объективті болғанын-болмағандығын, сарапшыда арнайы білімінің және тәжірибесінің бар-жоғын, сараптама жүргізуде іс жүргізушілік нормалар сақталғандығын, қорытындының ғылыми негізділігін және оның қылмыстық іс қүжаттарымен сәйкестігін тексереді.

Сарапшының қорытындысы қылмыстың дәледігіне, қылмыстық іс әрекеттің заңды бағасына байланысты заңды сұрақтарды қамтымауы тиіс.

Сарапшының қорытындысын өзінің позициясында қолданудан бұрын прокурор ол қорытындының негізділігіне көз жеткізуі тиіс. Қорытынды жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сәйкес болғанда ғана негізді болып табылады. Қорытындының негізділігі оның толықтылығымен, жан-жақтылығымен және объективтілігімен анықталады. Прокурор қорытындыны бағалауда оның қорытындыларымен ғана шектелмеуі тиіс. Ол актінің барлық бөлімдерін салыстыруы қажет, қорытындыға қосып тігілген

құжаттарға мән беруі тиіс.

ҚР ҚІЖК-нің 355-бабына сәйкес, сарапшыдан жауап алу қорытынды жария етілгеннен кейін ғана оны түсіндіру, нақтылау немесе толықтыру үшін жүргізілуі мүмкін. Сарапшыға бірінші болып өтініші бойынша сараптама тағайындалған тарап сұрақ қояды. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе қылмыстық істі жүргізуші органның бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып айыптаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап сұрақ қояды. Сот жауап алудың кез келген сәтінде сарапшыға сұрақ қоюға құқылы.

Сарапшының қорытындысы толық немесе жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зергтеумен байланысты қосымша мәселелерді зергтеумен байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайда прокурор қосымша сараптама тағайындау туралы сотқа өтініш білдіре алады. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болғанда не сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл сол объектілерді зергтеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Алдыңғы сараптаманы жүргізуге қатысқандар қайталама сараптама жүргізуге және қорытынды беруге қатыспайды.

Прокурор өзінің алдыңғы сараптама қорытындысымен келіспеуін және қосымша сараптама тағайындау қажеттігін дәлелдеуі тиіс.

Заттай дәлелдемелерді қарау. Дәлелдемелердің дұрыстығы-ның деңгейі олардың түріне байланысты емес, сондықтан да заттай

дәлелдемелер басқа фактілердің алдында артықшылыққа ие болмайды. ҚР ҚІЖК-нің 356-бабына сәйкес, тергеу барысында іске тігілген және жаңадан алынған заттай дәлелдемелер сот тергеуі барысында сотта қаралуға және тараптарға ұсынылуға тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау сот тергеуінің кез келген сәтінде тараптардың өтініші бойынша да, сондай-ақ соттың бастамасымен де жүргізіледі.

Төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін:


  1. тараптарға, олардың сот жарыссөздеріне, ал соттың үкім шығару кезінде тек сот тергеуінде қаралған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы екендігін түсіндіреді;

  2. тараптардан, олар сот тергеуін толықтыруды қалай ма және немен толықтырғысы келетінін сүрайды.

Сот тергеуін толықтыру туралы өтініш мәлімделген жағдайда, сот бұл өтінішті талқылайды және оны шешеді. Өтінішті шешкен және қажетті сот іс-әрекеттерін орындаған соң, сондай-ақ сот тергеуін толықтыру туралы өтініш туындамаған немесе сот оларды дәлелді түрде қабылдамаған жағдайларда төрағалақ етуші сот тергеуін аяқталды деп жариялайды (ҚР ҚІЖК-нің 362 б.).

2.4. Мемлекеттік айыптауды қолдау. Прокурордың айыптау сөзі.

Басты сот талқылауы - қылмыстық процестің маңызды және

негізгі сатысы екенін жоғарыда айтып өттік. Нақ осы сатыда істің мән-

жайлары тексеріледі және жиналған дәлелдемелерге түпкілікті баға

беріледі. Прокурор айыптауға негіздер болған жағдайда мемлекеттік

айыптауды қолдайды, сотталушыны кінәлі деп табуын дәлелдейді

немесе жазасын жеңілдетуді сүрайды. Ал, сот істі толық, жан-жақты және объективті шешеді. Қылмыстық істің материалдарын өте жақсы білу - мемлекеттік айыптауды қолдайтьш прокурорға қойылатын міндетті талап. Прокурор қылмыстық істің тергелуіне қадағалау жүргізгеннің өзінде немесе айыптау қортындысын бекіткеннің өзінде әрқашанда қылмыстық істің материалдарын терең,әрі нақты зерттеуі тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік айыптаудың, мемлекеттік айыптаушы сөзінің сапасы өте маңызды болып табылады. Г.Г.Гиздатовтың айтуынша, прокурор өзінің айыптау сөзінде тек сот отырысының қортындысын ғана емес, оның алдында жүргізілген жұмыстарға, дәлелдемелерге, талдау жасайды, іс бойынша өзінің позициясын білдіреді және сотқа кеңесу бөлмесінде шешетін сұрақтарды көрсетеді.15

Сот отырысына жақсы дайындықтың және мемлекеттік айыптаудың сапалы үлгісін О.К.Кадыровтың адам өлтіру ісі бойынша 2001 жылы 9 сәуірде Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында аға прокурор Г.С.Нурымбетова көрсетті. Істің құжаттарын тиянақты зерттеп, қылмыстың жасалу жағдайларын белсенді зерттеп және оны сотта талдау жасайды. ҚР ҚК-нің 96-бабының 2 б. "д" тармағы бойынша мемлекеттік айыптаушының позициясы сотпен мақұлданып, О.К.Кадыров 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, керісінше жағдай, Алматы қ. Алмалы ауданының прокурорының көмекшісі мемлекеттік айыптаушы Е.Жамбылдың позициясының дұрыс еместігі Ж.Жиенбаеваның ісі бойынша процеске аудан прокурорының өзінің қатысуының қажеттілігін туғызды.16

______________________

15Г.Г.Гиздатов. Судебная риторика. А, 1995, стр.99.

16 "Заң және заман". Журнал. А, 2003, №2, 58-59 бетте.

Сот тергеуі аяқталған соң төрағалық етуші соттың сот жарыссөзіне көшетінін хабарлайды. Сот жарыссөзіне қатысушының өтініші бойынша оған сот жарыссөзіне дайындалу үшін уақыт беріледі, ол төрағалық етуші оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзіліс жариялайды.

Сот жарыссөзі айыптаушының, жәбірленушінің немесе оның өкілінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, сотталушы мен қорғаушының сөздерінен тұрады. Іске қатысушылардың сөздерінің реттілігін олардың ұсыныстары бойынша сот белгілейді, бірақ барлық жагдайларда бірінші болып айыптаушы сөз алады. Егер мемлекеттік айыптауды бірнеше мемлекеттік айыптаушы қолдаса, іске біренеше жәбірленуші, қорғаушы азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері, азаматтық талапкерлер мен олардың өкілдері, сотталушылар қатысса, төрағалық етуші өз сөздерінің кезектілігін өзара келісуі үшін оларға уақыт береді. Қажет болғанда бұл үшін сот отырысында үзіліс жариялануы мүмкін.

Прокурор бірінші болып сөз сөйлеп және мемлекеттік айыптауды қолдай отырып, қылмыстық істің барлық жағдайларын ашады, өзінің қылмыстық іске заңды бағасын және жазалау шарасы туралы ұсынысын айтады, қылмыс жасаудың себептерін және оның негіздерін ашады. Азаматтық талапкер, жәбірленуші өздерінің сөзімен мемлекеттік айыптаушының сөзін толықтырады.

Прокурордың айыптау сөзімен сот отырысындағы қызметі аяқталады. Прокурордың міндеті судьяда ішкі сенімділікті тудыруда, заңды және негізді үкім шығаруға көмектесу болып табылады. Алайда, прокурор сөзінің үкім шығаруда көмектесу ролі ғана емес, тәрбиелеу

мәні де болуы тиіс.17 Сондықтан прокурор өзінің сөзімен қылмыс пен қылмыскердің аясында моральдық түрғыдан соттау атмосферасын туғызуы қажет. Сотта мемлекеттік айыптауды қолдай отырып, прокурор қазақстандық құқықтың пропагандисті ретінде шығады, ол өзінің сөзімен процеске қатысып отырған азаматтардың саяси және құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің өсуіне көмектеседі олардың заңға деген құрметті көзқарасын тудырады.

Мемлекеттік айыптаушының сөзі өзінің іс жүргізушілік мәні \ бойынша құқықтық акт болып табылады. Ол арқылы прокурор өзінің соттағы өкілеттіктерін жүзеге асыратындықтан, мемлекеттік айыптаушының сөзі белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс. Өзінің сөзі заңды тұрғыдан негізді болуы үшін прокурор сот тергеуінде қаралған дәлелдемелерді белгілі бір жүйеге келтіреді. Сонымен қатар, прокурор сот жарыссөзіндегі өз сөздерінде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес. Прокурордың сотқа жаңа айғақтарды ұсынуы қажет болса, сот тергеуін қайта бастау туралы өтініш жасай алады. Прокурордан дәлелдемелерді санап беру емес, оларға талдау жасау және объективті баға беру талап етіледі.

Әрбір мемлекеттік айыптаушының жеке сөйлеу мәнері, стилі және сөзді құрау жоспары болады. Бірақ, барлық сот ораторларының сөздері белгілі талаптарға сай болуы тиіс. Прокурордың сөзі саяси және заңды дұрыс болып қана емес, стилистикалық тұрғыдан сауатты, қарапайым, барлығына түсінікті болуы тиіс. Мемлекеттік айыптаушы өзінің сөзімен қылмыстық іс материалдарын терең білетіндігін, заңды бағасының және жаза шегі туралы сұрақ бойынша позициясының

______________________

17 Матвиенко Е.А. О воспитателыюй роли речи государственного обвинителя. Судебная речь. Минск1967 ст. 67

дәлдігін, ойлау логикасын және қылмыскердің жүріс-тұрысының саяси, заңды және психологиялық талдауын көрсетуі міндетті. Айыптау сөзі сот залында отырғандардың прокурор талаптарының әділ және негізді екендігіне сенетіндей тәртіппен айтылуы тиіс.

Фактілерді келтірудің дұрыстығы мен нақтылығы прокурор сөзінің міндетті белгісі. Өзінің қорытындыларын күмәнді фактілерге, болжамдарға негіздеуге болмайды. Сот отырысында сөйлейтін кейбір жеке ораторлар тілдің тазалығын сақтамайды және онда мәні бойынша ештеме қоспайтын сөздерді қолданады. Прокурордың өзіне, сотқа, қорғаушыға ғана түсінікті шетел сөздерін және арнайы сөздерді қолдану қажет емес. Егер қажет болған жағдайда, заң терминдеріне жүгіну керек және заңгерлердің тілі - бүл заң тілі екенін есте сақтау керек.

Прокурор әрбір қылмыстық іс бойынша сөзге тиянақты түрде дайындалуы тиіс. Прокурордың сот процесінде дайындықсыз "экспромтпен" және алдын ала дайындалған сөзбен сөйлеуіне болмайды. Алайда, қазіргі таңда прокурорлармен алдын ала дайындалған сөзді айту тәжірибесі көбейіп келеді. Бірақ, соттағы прокурордың қызметіндегі бұл ереже тиімді емес. Өйткені, бұл жағдайда прокурор өзінің алдын ала дайындалған сөзіне "байланып" қалады және сот отырысындағы өзгерістерге қарсы шығып, алдын ала тергеу материалдарына жүгінетін болады. Сот тергеуі барысында қажетті өзгертулер енгізу үшін айыптау сөзінің негізгі тезистері әрқашан да алдын ала дайындалуы тиіс. Прокурорға сот отырысына дейін істің фактілік жағдайлары, қылмыстың заңды бағасы және қылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтер белгілі болады. Сот тергеуі

барысында ол дәлелдемелердің талдануына, заңды бағасына және т.б. қажетті толықтыруылар мен өзгертулер енгізіледі.

Сөздің мазмұны мен нысаны арасында байланыс болады: нысанды мазмұннан айыру - яғни, мазмұнның өзін жоюды білдіреді және керісінше, мазмұнды нысаннан айыру - яғни нысанды жоюды білдіреді.

Заңда мемлекеттік айыптау сөзінің мазмұны, оған қойылатын талаптар көрсетілмеген. Мемлекеттік айыптаудың тәжірибесіне сәйкес, айыптау сөзінің бірегей құрылымы мына элементтерден

тұрады:18



  1. қылмыстың қоғамдық-саяси бағасы;

  2. дәлелдемелерді талдау және бағалау;

  3. қылмысты ескерту туралы ұсыныстар;

  4. қылмыстың заңды бағалануы;

  5. сотталушының жеке тұлғасының мінездемесі (сипаттамасы);

  6. жазалау шарасы туралы ұсыныс;

  7. материалдық зиянды өтеу туралы ұсыныс.

Айыптау сөзінің мұндай құрылымы прокурордың соттағы роліне, соттың заңды және негізді үкім шығаруына көмектесу міндетіне толық жауап береді. Айыптау сөзінің бұл бөлімдерінің байланысы қылмыстық істің белгілі бір жағдайларына байланысты құрылымдағы орны және көлемі ауысуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген айыптау

______________________

В.И.Басков. Прокурорский надзор при рассмотрений судами уголовных дел. М, 1980, стр. 112.

сөзінің құрылымының кезектілігін прокурордьщ әрқашанда сақтауы міндетті емес. Мысалы, қылмыстың қоғамдық-саяси бағасы айыптау сөзінің басында немесе соңында келтірілуі мүмкін. Айыптау сөзінің барлық элементтері әрқашан да органикалық байланыста болуы, бірін-бірі толықтыруы және бір-бірінен туындауы өте маңызды болып табылады.



  1. Қылмыстың қоғамдық-саяси бағасы. Әрбір қылмыс сипатына, түріне және пайда болған салдарының ауырлығына қарамастан мемлекетке белгілі бір қоғамдық қауіп тудырады. Өйткені кез-келген қылмыс жеке тұлғаның немесе тұлғалар тобының ғана мүддесін қозғамайды, сондай-ақ елдегі бекітілген құқықтық тәртіпті бұзады. Прокурор сот залында отырғандарға қылмыстың қоғамдық-саяси бағасын бере отырып, неге заң белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздікті жазалайтындығын, олар неге қоғамға қауіпті екендігін түсіндіреді. Бұл жерде қылмыстылықпен күресудің қағидалары мен міндеттерін анықтайтын заң актілеріне талдау жасау, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу қүқығының нормаларына сілтеме жасаған дұрыс болады. Мемлекеттік айьштаушы соттың ауыр және қоғамға қауіпті қылмыстар жасағаны үшін, түзелмеген тұлғаларды және қайталап қылмыс жасағандарды, аса қауіпті рецидивистерді неге қатаң жазалайтынын корсетуі тиіс.

  2. Дәлелдемелерді талдау және бағалау. Мемлеттік айыптаушы сот процесінде дәлелдемелерді жиынтығында, жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген, ешбір орган немесе лауазымды тұлғадан тәуелсіз, заңға және өзінің ішкі сеніміне сүйене отырып талдайды.

Соттың және прокурордың дәлелдемелерді бағалауының өзінің заңды салдары бойынша айырмашылықтары болады. Сот жүргізілген бағалаудың нәтижесі бойынша қылмыстық істі түпкілікті шешеді, ал, прокурор соттың үкім шығаруында өзінің позициясын ұсынады. Алайда, бүл прокурордың қылмыстық іс бойынша өзінің позициясы бойынша жауапкершілігін төмендетпейді. Дәлелдемелерді талдау және бағалау прокурордың мемлекеттік айыптаушы ретіндегі қызметіндегі ең күрделі және жауапкершілікті тұсы. Сондықтан да, айыптау сөзінің негізгі бөлімі - дәлелдемелерді талдау және бағалау болып табылады.

Прокурор дәлелдемелерді талдап және оларға баға бере отырып, ең бірінші оларды эпизодтар және тұлғалар бойынша қатаң бір жүйеге келтіреді. Кез келген дәлелдеме өзінің дәлелденгендігіне қарамастан бағалануы тиіс. Дәлелдемелердің әрқайсысы жеке және жиынтығы бойынша дәлелденеді. Дәлелдемелерді бағалау және талдау процесінде прокурордың формальдық логика ережелерін сақтауы маңызды болып табылады,

Айыптау үкімі болжамдарға негізделмейді. Оның негізіне тек шынайы дәлелдер кіруі тиіс. Прокурордың тек дәлелдемелердің бастауларын көрсетуіне болмайды (куәлардың, жәбірленушінің, сотталушының жауаптары және сарапшының қоры

тындысы). Куәнің немесе жәбірленушінің жауабының терең талданбау, сотпен ол дәлелдемелердің ескерілмеуіне алып келуі мүмкін.



3. Қылмысты ескерту туралы ұсыныстар . Айыптау сөзінде қылмыстың жағдайлары, сотталушының кінәлілігін көрсететін

дәлелдемелер келтірілген соң, прокурор қылмысты жасауға әсер еткен жағдайларды талдауға көшеді.

Қылмыстық іс жүргізу заңы соттарға қылмысты ескертуде және

оны жасауға негіздер мен себептерді жоюда маңызды роль жүктейді.

Сот тергеуінің материалдарына жүгіне отырып, прокурор соттан жеке

қаулы шығару туралы ұсыныс білдіре алады. ҚР ҚІЖК-нің 387-

бабының 1 бөліміне сәйкес, соған негіз болған кезде кеңесу

бөлмесінде жеке қаулы шығарады, онда мемлекеттік органдардың

немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталған заңның бұзылу фактісіне, қылмыс жасауға себепші болған және тиісті шаралар

қабылдауды талап ететін себептер мен жағдайларға аударады.

Қылмыстық іс бойынша сот отырысында прокурор қылмыстың түп-тамырын ашады, сотқа және процеске қатысып отырғандарға

сотталушының қылмыс жасау себептері мен негіздерін көрсетеді. Істердің күрделілігіне және сипатына қарамастан, прокурор қажет болған жағдайда тиісті мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына және басқа тұлғаларға соттан жеке қаулы шығаруын сұрай алады. Егер, қылмыстық істен көрініп тұрғандай, тергеу органдарымен қылмыстың себептері мен негіздері анықталып және оларды жою мақсатында тиісті ұйғарым жіберілсе, прокурор сот

тергеуі барысында да тиісті тұлғалардан бұл ұйғарым бойынша қандай шаралар қолданылғандығы туралы жауап алуға құқықты.

Прокурордың қылмыс жасауға септігін тигізген негіздер мен себептерді жою туралы шаралар бойынша ұсыныстары ол жүргізген дәлелдемелерді талдаудан шығуы тиіс және фактілік мәліметтермен

байланысты болуы тиіс. Мемлекеттік айыптаушы сөзінің бұл бөлімі

негіздер мен себептерді ғана емес, қылмыс жасалған жағдайды ашып

көрсетсе сенімді түрде шығады. Айыптау сөзінде мыналарды

көрсеткен дұрыс болады: қылмыс жасауға қандай нақты жағдайлар

септігін тигізді және жеңілдетті; қылмыстық ниеттің пайда болуына

олар қалай әсер етті немесе қылмыс жасауға қалай жақсы жағдай

туғызды; бұл жағдайлар кімнің кінәсімен туындады; осыған ұқсас

әркеттерді болашақта жасауды ескерту үшін бұл жағдайларды жоюда қандай шаралар қолдану керек. Қылмыс жасауға әсер еткен

жағдайларды жою туралы прокурордың сотқа ұсынысының соңы

ешқандай жағдайда қолданылған айыптау көлемінің кеңейуіне немесе

сотталушыға ауырырақ қылмыстың заңын қолдануды ұсынумен

ұласпауы тиіс. Соттың көңілін қылмыстың себептері мен негіздеріне

тоқтата отырып, басқа тұлғалар жауапкершілік арқалауы тиіс

әркеттерді жасады деп сотталушыны негізсіз айыптамас үшін

прокурор айыптаудың шегін есте сақтауы тиіс.

4. Қылмыстың заңды бағалануы. Айыптау үкімін шығаруда сот қылмыстың заңды (құқықтық) бағасын беруі маңызды болып табылады. Прокурор сотқа құқыққа қайшы сотталушы жасаған әрекетте белгілі бір қылмыс құрамының бар екенін дәлелдеуі тиіс. Қылмыстың бір белгісінің болмауының өзі қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді. Дұрыс заңды баға - заңға сәйкес сот төрелігін жүргізудің қажетті белгілерінің бірі. Қылмыстардың көп құрамының жеке белгілерін анықтау прокурор және судьяның бұл белгілер туралы субъективті түсінігіне байланысты. Адам өлтірудің өзі қатыгездікті білдіргенде, аса қатызездікпен адам өлтіру деген нені білдіреді? Сонымен қатар, қылмыстың заңды бағасы прокурор мен судьның "аса"

қатыгездік белгілері туралы түсінігіне байланысты. Нақ осылай прокурор мен судья мемлекет мүдделерін "елеулі" түрде бұзуды (ҚР ҚК-нің 307, 308, 309-баптары), пара алушының "жауапкершілікті" жағдайын (ҚР ҚК-нің 311-бабы", бұзақылықтың "дөрекілігін" (ҚР ҚК-нің 257-бабы) бағалайды. Егер мемлекеттік айыптаушылардың қателігіне талдау жасасақ, олар көбі қылмысты саралауда, олардың құқықтық бағалануында жіберілетіндігі анықталады. Мемлекеттік айыптауды қолдаудың нақ осы жағы прокурорларда қиындықтар туғызады. Мүның себептерінің бірі, кейбір айыптаушылар сотталушы әрекетінің саралануьша тиісті түрде мән бермейтіндігінде жатыр. Ал, бұл дәлелдемелерге талдау жасау және жазалау шарасы туралы ұсыныс сияқты маңызды болып табылады. Екінші себебі, кейбір прокурорлардың қылмыстық заң және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді толық білмеуі болып табылады. Соңғысының маңыздылығы төмен емес, өйткені қылмыстық заңның көптеген нормаларын заңға тәуелді құқықтық актілерсіз түсіну мүмкін емес. Мысалы, ҚР ҚК-нің 12-тарауында (көліктегі қылмыстар) көрсетілген қылмыстарды жасаған адамдардың әрекетіндегі қылмыс құрамын анықтау үшін тиісті атқарушы билік органдарымен бекітілетін жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелеріне жүгіну керек. Бүл ережелерді білмейінше, мемлекеттік айыптаушы сотталушының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне дұрыс құқықтық баға бере алмайды. Әрекетті дұрыс саралау үшін сот тәжірибесін және Жоғарғы Сот Пленумының түсініктемелеріне жүгіну маңызды болып табылады.

Кейбір жағдайларда сотқа алдын ала тергеу органдарында сотталушының әрекеті заң бойынша дұрыс сараланбаған (қатаңырақ

жазаны көрсететін) істер түседі. Бұл істің қосымша тергеуге қайтарылуынан сақтану үшін және сотталушының қатаң жазалау мақсатында жасалады. Тергеу органдарының кейбір қызметкерлеріне Қылмыстық кодекстің санкциялары жеңіл болып көрінетіндіктен сотталушының әрекетін қатаңырақ қылып саралайды. Ал, мемлекеттік айыптаушының міндеті жасалған құқыққа қайшы әрекетке заңға сәйкес құқықтық баға беру болып табылады.



5. Сотталушының жеке тұлғасының мінездемесі. Жаза тағайындауда сот тек жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ғана ескермейді, ол сонымен қатар сотталушының жеке тұлғасын да ескереді. Сондықтан да, мемлекеттік айыптаушының сөзінің міндетті элементінің бірі сотталушының мінездемесі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңы сотталушының тұлғасы туралы мәліметтерді қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың қатарына қосады (ҚР ҚІЖК-нің 117-бабы). Бұл мәліметтерсіз сот үкім шығара алмайды, ал, прокурор сотталушыға қатысты жазалау шарасы туралы негізді ұсынысын айта алмайды. Сотталушыны сипаттайтын жағдайлар, оның жүріс-тұрысы және бұрынғы қызметі әділ жаза тағайындау үшін өте маңызды болып табылады. Сотталушының тұлғасын бағалай отырып, прокурор іске тігілген сотталушының тұлғасын сипаттайтын мәліметтермен шектелмеуі тиіс. Прокурор сотталушының жауабын, онымен жұмыс істеген адамдардың түсініктерін ескеруі тиіс.

Соталушыны сипаттай отырьш, прокурор қорлайтын, адамның ар-намысына тиетін сөздерді айтпауы тиіс. Сотталушы өскен және тәрбиеленген жағдайларды келтіре отырып, прокурор сотқа

қылмыстың жасалу себептерін ашуда және оған сәйкес келетін жазаны тағайындауда көмектеседі. Сотталушының тұлғасын сипаттайтын кейбір жағдайларда баса дәлелдемелік мәнге ие болуы мүмкін. Адал, тәртіпті, дұрыс өмір салты, қоғамға пайдалы жұмыспен айналысу және басқа да жақсы мінездер мен жағдайлар басқа дәлелдемелердің қатарында сотталушының кінәсіздігін немесе бұл қылмысқа қатысы жоқтығын анықтауы мүмкін. Теріс сипаттайтын мінездер: соттылығының болуы, бұзақылық, пайдакүнемдік және басқа да мінездер сотталушының кінәлілігінің дәлелі болуы мүмкін.

6. Жазалау шарасы туралы ұсыныс. Жаза тағайындау соттың айыптау үкімін шығарудағы ең жауапкершілікті жағдай болып табылады. Жазаны анықтауда соттың мақсаты жазалау ғана емес, сотталушыны түзеу және қайта тәрбиелеу, сондай-ақ, жаңа қылмыстар жасауды ескерту болып табылады. Осы белгінің қосындысы - жазалау және тәрбиелеу белгісі жазаның мәні туралы дұрыс түсінік береді. Жазаны кек алумен шатастыруға болмайды. "Преступник - это человек, который опасен в данное время, которого нужно или изолировать, или попытаться исправить, но которому ни в коем случае не надо мстить" - деп жазды Д.И.Курский.19 Қ ылмыстық заңның мақсаты ешқашанда кек алу мақсаты болған емес және болмайды да. ҚР ҚК-нің 38-бабына сәйкес, жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.

______________________



19 Курский Д.И. Избранные статьи и речи. М, 1948, стр. 81.

7. Материалдық зиянды өтеу туралы ұсыныс. Қылмыспен

келтірілген зиянның сипатын және көлемін бекіте отырып прокурор

оны өтеу тәртібі туралы ұсыныстарын айтады. Қылмыскерлердің

келтірген зиянын толық өтетуі, жаңа қылмыс жасауда ескертуші мәнге

де ие. Мемлекеттік айыптаушының міндеті келтірілген зиянды толық

өтеттіруде сотқа көмектесу болып табылады.

Прокурор өзінің сөзінде келтірілген азаматтық талап туралы ойын білдіреді. Азаматтық талап дәлелденгенде, прокурор азаматтық талапты қолдайды. Азаматтық талапты қолдай отырып, прокурор оны қорғауытиіс.

ҚР ҚІЖК-нің 364-бабының 8 б. сәйкес, сот отырысына қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болган соң олардың әрқайсысы тараптар өкілдерінің сөзінде айтылғандар бойынша тағы бір реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертпелерін (репликаларын) білдіруге құқылы. Қылмыстық іс жүргізу заңы прокурордың қандай жағдайларда қарсылықтарымен немесе ескертпелерімен шығуын көрсетпеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет