І-тарау. Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау


Орманның рекреациялық және зкологиялық рөлі



бет5/8
Дата28.03.2024
өлшемі80.41 Kb.
#496746
1   2   3   4   5   6   7   8
Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау

2.2.Орманның рекреациялық және зкологиялық рөлі

Облыстың басты байлығының бірі оның орманы екендігі бізге мәлім. Қазіргі уақытта орманды қорғау және қалпына келтіру жұмыстары лесхоздардың басты міндеті болып отыр. Бірақ техникалық құралдардың және материалды ресурстардың жетіспеуі немесе бломауына байланысты бұл шаралардың көрсеткіштері төмен. Жалпы облыстың орман қоры, орманның азаюуы 300 мың га жетіп отыр. Орманды қалпына келтіру жұмыстары тек қана 2,5 мың га ғана іске асуда. Мұндай көрсеткішпен өртенген ормандарды қалпына келтіруге 100 жылдай уақыт кетеді.


Шығыс Қазақстан ормандары кесілуі бойынша үшінші топқа жатады.Қалпына келтіру жұмыстары арқасында орман ресурстарын эксплутациялауға және бағалы орман массивтерін сақтауға мүмкіндік тудырады.
Қазақстан орман қорына бай болмағандықтан ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден (негізінен, Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік – экономикалық мәселе.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспарлармен жүзеге асырылады.
Орман қоры өздігінен қалпына келетін табиғат ресурсы болса да,оны пайдалану қарқыны артып отыруына байланысты оны өсіруге, қоғауға көп еңбек жұмсауға тура келді. Сондықтан орман шаруашылығына жұмсалатын барлық шығындар, тиімділігі есептелуі тиіс. Орман қорын тиімді пайдалану оны өсіру құнын, қорғау шығындарының тиімділігін анықтауды талап етеді. Орман шаруашылығы өндірістің жек саласы ретінде өзін - өзі қаржыландыра алады және экономикалық тұрғыдан бағалауды қажет етеді.
Орман қорын тек қана шикізаттық табиғат ресурсы – ағаш қоры ретінде бағалау жеткіліксіз, оның табиғат қорғау қызметі бір – бірімен тығыз байланысты. Орманда ағаш қоры көп болса, оның экологиялық мүмкіншілігі де мол болады. Сондықтан орманның осы екі қасиеті біртұтас әдістемелік негізде бағалануы тиіс. Бірақ мұның бір қиыншылығы ағаш қорына байланыты орманның экономикалық тиімділігін нақты есептеуге болатын болса, оның экологиялық құндылығы дәл өлшеуге келмейді.
Орман тек қана ағаш шикізатын беріп қоймай, оның табиғи ортаны сауықтыру, экологиялық қызметтері барған сайын маңызды болып келеді. Сондықтан орманды тиімді пайдаланудың ең маңызды шарттарының бірі – осы қызметтерін жетілдіру. Мына жағдайды ескерген жөн: орманда ағаш дайындау шамасының артуы оның экологиялық қызметі белгілі бір дәрежеде қайшы келеді. Ағаш кесу шамасы орманның экологиялық қызметіне нұқсан келтірмейтін дәрежеден аспуы керек. Солай болған жағдайда екі қызметі бір - біріне қайшы келмейді, қайта үйлесімдік табады. Оны ескере отырып орманнан ағаш дайындауды қысқарттық десек бұл қажеттілікті басқа жақтан ағаш әкелу арқылы өтеуге болады, яғни қосымша шығын жұмсаймыз. Бұл шығынды орманды экологиялық қызметіне байланысты сақтау шеткі шығыны деп қарастыруымызға болады [10, б.198].
Жалпы орман қорын бағалағанда мәліметтер толық болмағандықтан экологиялық қызметін бағалау оған қосылмайды. Тек қана арнаулы экологиялық қызмет атқаратын ормандар осы қызметіне қарсы бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет