І-тарау. Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау


Орманды қорғау және көбейту шаралары



бет6/8
Дата28.03.2024
өлшемі80.41 Kb.
#496746
1   2   3   4   5   6   7   8
Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау

2.3.Орманды қорғау және көбейту шаралары
Өсірілген екпе материалдарының 2006 жылы көлемі 220 гектар, ол 2007 жылы 400 гектар жерге орман дақылдарын отырғызуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жыл сайын 750 гектар алаңға табиғи жаңаруға әсер ету бойынша шаралар қабылданады.Облыстың бекітілген бюджетіне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне 2005 жылы ормандарды қорғау, күзету, ұдайы өндіруге және ормандарды қалпына келтіруге, сонымен қатар жануарлар әлемін қорғауға облыс бюджетінен көлемі 251176 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, олардың 124669,0 мың теңгесі орман шаруашылығын ұстауға, 15000,0 мың теңгесі ормандарды ұдайы өндіру және ормандарды дамытуға, 9444,0 мың теңгесі орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға бөлінді.
Бұнымен қатар, республикалық бюджеттен орман күзеті қызметкерлерінің қосымша штаттық санына 71559,0 мың теңге трансферт бөлінді, нәтижесінде “Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап орман мастерлері мен орман күтушілердің саны нормаға келтірілді және жұмысқа қосымша 518 орман күтуші мен 106 орман мастері қабылданды. Қазіргі кезде коммуналдық меншікке берілген орман шаруашылығының 13 мемлекеттік мекемесінің орман күзетінің қызметкерлері 2187,8 мың гектар алаңдағы мемлекеттік орман қорының аумағын күзетуді жүзеге асыруда. Орманды сақтау, қорғау дегеніміз, ағашты кесу оның өнімдерін пайдалануды мүлдем тоқтату деген ұғым емес. Ағаштардың өмірі табиғат заңына толық сәйкестелген ол 40-50 жылдай өседі, толады, одан кейін өсуі тоқтайды. Одан әрі көп тұрып қалғандары қурайды, шіриді. Сондықтан ағаштарды уақытында, дер кезінде кесіп алып іске жаратып, орнына жас ағаштар отырғызса, онда орман қоры кемімес еді. Бағдарлама іс-шарасының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың өрт қауіптілігі жоғары кезеңінде 467 шақырым жыртылған жолақ салынды, 1218 шақырым жердегі жыртылған жолаққа күтім жасалды, өртке қарсы маңыздылығы бар 50 шақырым жолдың құрылысы салынды, 115 шақырым жолға күтім жасалды.
Өрт сөндіру - химиялық станциялар толық дайындыққа келтірілді, барлық өрт сөндіру құралдары, орман күзеті өрттен күзету бойынша ғана пайдаланылды. Тұрғындармен жұмысқа ерекше назар аударылды. Осы мақсаттарды өртке қарсы тақырыптарға арналған 481 дана аншлаг орнатылды, 1440 дана үнпарақ таратылды, өртке қарсы тақырыптарға арналған 2025 лекция мен әңгіме жүргізілді, бұқаралық-ақпарат құралдарында хабарлар ұйымдастырылды (теледидарда – 4; радиода – 8, баспасөзде - 31). Бұл орайда өрке қарсы іс-шаралардың көлемі толығымен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің өздерінің қаражаттарының есебінен жүргізілді.
Өрт қауіптілігі жоғары кезең бойы өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға бақылау жасауды ұйымдастыру үшін мемлекеттік орман күзетінің күшімен 1183 тексеру және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша рейдтер жүргізілді, оның барысында 954 өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзу анықталды, сол үшін сомасы 824,6 мың теңгенің айыппұлы өндірілді.
Ағымдағы жылы қабылданған шаралардың нәтижесі 2004 жылмен салыстырғанда орман өрттерінің саны 24% азайды, ал өрт күйдіріп өткен орман алаңы 369гектар және 16 өрт барлығы 141,8гектар алаңды құрады. Орман өрттерінің шығу себептері: 9 отты абайсыз пайдалану және 7 найзағайдың түсуі.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряд браконьерлік пен күрес бойынша 3543 рейд пен 1269 тексеру жүргізді. Барлығы 3170 бұзушылық анықталды, олардың ішінде аң аулау бойынша – 355, балық бойынша – 731, заңсыз ағаш шабу және бұталарды зақымдау – 434, өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу – 9554, басқа орман бұзушылықтар – 695. Сомасы 3350,9 мың теңгенің 2796 айыппұлы, оның ішінде аң аулау бойынша сомасы 730,6 мың теңгенің 200 айыппұлы, балық бойынша сомасы 455,8 мың теңгенің 575 айыппұлы, орман бойынша сомасы 2164,5 мың теңгенің 2021 айыппұлы салынды. Сомасы 3167,3 мың теңгенің 2697, оның ішінде аң аулау бойынша – сомасы 723,6 мың теңгенің 186, балық бойынша сомасы 452,1 мың теңгенің 571, орман бойынша – сомасы 1991,6 мың теңгенің 1940 айыппұлы өндірілді. Сомасы 6168,1 мың теңгеге талап қойылды, оның ішінде аң аулау бойынша – сомасы 2 967,7 мың теңгенің 28 талабы, балық бойынша сомасы 110,400 теңгенің 30 талабы, орман бойынша сомасы 3090,0 мың теңгенің 246 талабы қойылды. Сомасы 4220,6 мың теңгенің 246 талабы, оның ішінде аң аулау бойынша сомасы 1 614,4 мың теңгенің 15 талабы, балық бойынша сомасы 100,3 мың теңгенің 30 талабы, орман бойынша сомасы 2505,9 мың теңгенің 201 талабы өндірілді [11, б.23].
Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардан 143 аңшылық қаруы, олардың 129 тегіс оқпанды және 14 ойындылы, 493 заңсыз аулау құралы (аулар, торлар), 175,9 текше метр сүрек алынды. 2839 адам әкімшілік жауапкершілікке, 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
“Жасыл ел” бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып елді мекендердің тоғайлылығын көбейту және елді мекендерде жасыл аймақтарды құру болып табылады, оларды жүзеге асыру қалалар мен аудандардың есебінен жүргізу қарастырылған.
Ағымдағы жылы елді мекендерде және олардың маңайында 237778 дана сүрек түрлерінің көшеті, 54354 қума метр бұта аудандық бюджет қаражатының есебінен, ауданның аумағындағы тұрғындар мен заңды тұлғалардың қаражатының есебінен отырғызылды. Көктемгі – жазғы кезеңнің екі айы бойы елді мекендерде “Жасыл бақ - таза қала”, “Менің атаулы ағашым”, “Саябақтар маршы”, сондай - ақ орман мен бақ айлығы облыстық экологиялық акция ұйымдастырылды, оның барысында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері сүректік - бұталық ағаш түрлерін жеткізуді үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Қазіргі кезде орман дақылдарын отырғызу мен елді мекендердің тоғайлылығын көбейту бойынша ағымдағы жылда көзделген жұмыс көлемі орындалды.
Республикалық және облыстық “Жасыл ел” штабтарын құруға, және республикалық бюджеттен осы мақсаттар үшін ақшалай қаржы бөлуге байланысты, 2005 жылғы 11 шілдеден бастап республикадағы сияқты, біздің облыстың аумағында да студент жастардың еңбек отрядтары жұмыс істеді, басында Семей өңірінде (351 адам), одан кейін Өскемен қаласында құрамында 151 адам бар 7 ұйым құрылды. «Жасыл ел» өңірлік бағдарламасының іс - шаралар жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының студенттері орман тұқым бақтарындағы екпе материалдарға күтім жасауға және өсіруге, орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесінің Комсомол орманшылығындағы сүректік - бұталық жас ағаштарға күтім жасауға тікелей байланысты жұмыстарды орындады Бұнымен қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген 2005 - 2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасымен қоса Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын бекіту үшін 2006 жылы сомасы 675,4 миллион теңге ағымдағы мақсатты трансферт түрінде республикалық бюджеттен қаржы бөлу қарастырылған. Шығыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғатты реттеу департаментінің мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 2007 жылдың 1-ші қаңтарында 3. 637 мың га құраған. Шығыс Қазақстан облысында республика бойынша ормандардың өндірістік қорларының 44% орналасуы және орман жапқан жалпы аудан 1,796 мың га астам болғанына қарамастан , мұнда аймақтық орман бағдарламасы жоқ [12, б.152].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет