І-тарау. Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау



бет2/8
Дата28.03.2024
өлшемі80.41 Kb.
#496746
1   2   3   4   5   6   7   8
Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау

Курстық жұмыстың мақсаты:Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін зерттеу
Осыған байланысты Қазақстан аймақтарының табиғи ресурстарын, оның ішінде Шығыс Қазақстанның орман ресурстарын зерттеулер өз өзектілігін жойған емес.
Орман ресурстары Шығыс Қазақстанның табиғи экожүиесінің құрамдас бөлігі, негізгі ресурстардың бірі болып табылады, және аймақ территориясының 25% жуығын алып жатыр. Сондықтан бұл саладағы мәселелерді жүйелеп, орман қорларының жағдайын сипаттау және бар проблемаларды талдау, осы жұмыстың мақсаты болып келеді.
Орман ресурстарының тікелей өнеркәсіптік маңызынан басқа, оның топырақтағы ылғалды сақтау, топырақты жел эрозиясынан қорғау, сауықтыру, эстетикалық сияқты қызметтер атқарады. Олар бағалы жануарлар мекені, азықтық және дәрі-дәрмектік өсімдіктердің өсу ортасы болып табылады. Аталған эстетикалық және сауықтыру сияқты атқаратын қызметтерінің үлкен әлеуметтік құндылығы бар.
Зерттеу объектісі:Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуын талдау
Зерттеу міндеттері:
- таулы ормандарда кесудің тісңлдері мен көлемі;
- кеспелерді қалпына келтіру мен тізбектелген екпелерді қайта қалпына келтіру;
- ағаш тұқымдарының екпе материалдарын өсіру тәсілдері;
- жоғары топырақ қорғаушы, су күзететін және басқа да қасиеттерге ие жас шыбықтардан жоғары өнімді ағаш діңгектерін қалыптастыру және қайта қалпына келтіру;
- орман аурулары мен зиянкестерімен күресу тәсілдері;
- орман шаруашылығы өндірісінде жұмыс өнімділігін арттыру жолдары;
- ормандағы өрт қауіптілігін төмендету жолдары және таулы ормандарда орман өрттерімен күресу шаралары;
- орманның кәсіптілік мағынасын жоғарылату.
Зерттеу құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұратын курстық жұмыстың құрылымының қысқаша сипаттамасы берілген.


І-тарау.Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау
1.1.Шығыс Қазақстандағы орман қорларының географиялық жағдайы мен дамуы

Орман шаруашылығы жөнінде қазақ тілінде жазылған әдебиеттердің болмауы қалың бұқара арасында орман туралы олардың ана тілінде түсінік - насихат жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да кейбіреулер орман табиғаттың таусылмайтын байлығы, оны мөлшерсіз қалай болса солай пайдалануға болады деп теріс түсінеді.


Қазіргі дәуір - күрделі техника мен электр дәуірі, атом дәуірі. Ғылым мен техниканың шарықтап дамуы нәтижесінде сапасы мен төзімділігі табиғи материалдардан кем түспейтін жасанды материалдардың алуан түр-лері шығарылып, халық шаруашылығының барлық саласында ойдағыдай қолданылуда.
Осыған байланысты ғасырлар бойы адам тіршілігінде мейлінше пайдалы роль атқарып келген ағаштың маңызы бірте - бірте азайып, келешекте тіпті қажеті болмай қалады деген ұшқалақ пікірлер айтылып та жүр. Бірақ бұл ешбір негізсіз, ойланбай айтылған тайыз пікір. Қоғамдық цивилизация өркендеп, ғылым мен техника дамыған сайын ағаштың халық шаруашылығындағы маңызы кемімейтіні былай тұрсын, қайта үздіксіз артып, ұлғая түседі. Мұны дәлелдеу үшін қазіргі кезде ағаштың қай салада, қандай мөлшерде пайдаланылатынын айтсақ, соның өзі жеткілікті.
Ең алдымен жасанды материалдардың алуан түрін шығаратын жаңа өнеркәсіп тараулары пайда болды десек, солардың өзі ағашсыз ешбір дамып, өркендей алмақ емес. Немесе құрылысты алыңыз. Осы заманғы көп қабатты зәулім үйлер, алып заводтар мен фабрикалар кірпіштен, бетоннан, темірден салынатын болды. Бірақ осыған байланысты ағаштың құрылыстағы ролі азайды ма? Тіпті де азайған жоқ. Қайта құрылысқа ағаш материалдары бұрынғыдан анағұрлым көп жұмсалады. Өйткені тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары ғана емес, түтас қалалар жаңадан салынуда. Соңғы жылдары Қазақстанның өзінде ғана көптеген өнеркәсіпорындары жаңадан салынды және салынып та жатыр, ескі қалалар жаңартылып, кеңейтіліп бейнесін бүтіндей өзгертуде.
Орман ресурстарының басты бағыты ағаш дайындаудан басқа топырақтағы ылғалды сақтау, сауықтыру, эстетикалық сияқты қызметтер атқарды.
Орман ресурстарын пайдалну төлемдері оны экономикалық тұрғыдан реттеу, тиімді және кешенді пайдалануға ынталандыру, басқару, қорғау, сақтау және орман ресурстарын жаңғырту үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын құрастыру үшін, сонымен бірге жекелеген орман пайдаланушыларға біркелкі бастапқы қаржылық – экономикалық жағдай туғызу мақсатында қойылады [1, б.142].
Еліміздің орман алқабының негізгі бөлігі орманды дала зонасында, нақтырақ айтқанда, көпшілігі еліміздің Ресеймен шектесетін солтүстік бөлігінде және Алтай, Алатау; Тянь-Шань тауларының бөктерлерінде таралған. Республикамыздың 2,5 млн тұрғыны орманды жерларде өмір сүруде. Ормандар өздері тұрған өңірдің табиғатына ғана әсер етіп қоймайды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы орман алқабының жай - күйі Ертіс суының деңгейіне, яғни өзен ағып өтетін Павлодар, Семей, тағы бақа да қалалар және обылыстарға қатысты.
Шығыс Қазақстан ормандарынгың таралуы облыстың жер бедері мен климат ерекшеліктеріне байланысты. Орманның таралуының маңызды геоэкологиялық факторына, сонымен қатар, тау жыныстарының литологиясы жатады. Мысалы, Қалбаның қарағайлы ормандары қышқылды және орта құрамды тау жыныстары (граниттер, диориттер және т.б) бар учаскелерге байланған.
Орман массивтері таулы тайгалық және біраз таулы далалық зонада орналасқан. Олар Сауыр, Қалба тау жотасы Кенді және Оңтүстік Алтай тау массивтері. Онда қылқан жапырақты аралас ормандар өседі.
Кенді Алтайдың территориясы Батыс Алтай орман өсімдік провинциясына жатады және оның обсалюттік биіктігі 250 - ден 2000м Ертіс, Оба өзендерінің аңғарларының Холзун, Листвяго, Иванов жоталары және т.б) мұнда самырсын, шырша, жапырақша кедір қайың, көктерек, терек және басқалары өседі. Шығыс Қазақстан атап айтқанда Оңтүстік Алтай Қазақстанның орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта орман массивтеріне табиғатты қорғау және су сақтаушы экологиялық рөлі ерекше маңызға ие болып келеді. Мысалы соңғы уақытта өрттер, заңды және браконерлік тұтастай кесулер, аурулар, техногендік ластаулар орманды қалпына келтірудің толық дерлік тоқтатылуы салдарынан Шығыс Қазақстанның ормандарының ауданы 25% -ға азайды, соның салдарынан облыс өзендері жыл сайын ағымның 1,5 млрд шаршы метр жерді жоғалтады. Ертіс маңындағы реликті қарағайлы орманның қазіргі жағдайы мен болашағы баршамызды ойландыратыны сөзсіз. Ал, орман алқабының отқа орануы жайлы ғалымдар, орман шаруашылығының мамандары және қоғамдық ақпарат құралдарының өкілдері дабыл қағуда.
Дүние жүзінде өте сирек кездесетін жолақ қарағайлы ормандар Қазақстан Республикасы бойынша Семей өңірінде және Павлодар облысында ғана көптеп кездеседі. Аталмыш ормандардың сирек кездесетін қарағайлы орман аталу себебі, мұндай орман қоры дүние жүзінде тек бірнеше мемлекеттерде, дәлірек айтсақ Канада мен Ресей мемлекеттерінің территориясында ғана өсетіндіктен «сирек кездесетін» деген атқа иелік етті.
Семей өңіріндегі бұл орман алқабы Ертіс өзенінің бойлай ұзындығы 480 шақырымға ені 80 шақырымға созылатын таза қарағайлы алқапты құрайды. Бұл қарағайдың ерекшелігі – құмды жерде өседі де, тігінен тік тамыр жіберіп, жердің астынан су алады да, құм бетіне жайқалған жасыл шөп шығарады. Сондықтан да бұл өңірдегі қарағайдың бұл түріне көз салушылар, қасақана өрт қоюшылар көбейді.
Ертіс өзенінің оң жағалауында құмды қарағайлы таспа пайда болып, олар өздерінің тамырын 6метр тереңге жіберетін қасиеттерімен Ертіс өзенінің аңғарын құм басудан сақтап қалған.
Егерде бұл маңда қарағай ормандар болмағанда Ертіс өзенінің арнасынан баяғыда – ақ құм мен топырақ басып қалған болар еді. Ал бұл жағдайда тек Семей өңірінің ғана экологиясына ғана емес онымаен көршілес жатқан аймақтардың да экологиясына да кері әсерін тигізбей қоймас еді.
Ал біздің еліміздегі қарағайлы орман Ресейдің Алтай өлкесіндегі жолақ қарағайлы орманының табиғи жалғасы болып табылады. Өткенді білмей, болашаққа дұрыс көз жібере алмайтынымыз белгілі. Кейінен Қазақстан кеңестер одағының құрамына кіргеннен бастап еліміздегі бүкіл орман қоры мемлекет меншігі болып, сонымен қатар мемлекет қамқорлығына алынған еді [2, б.353].
Негізінен, қарағай тобына жататын қылқан жапырақты ағаштар өндіріске пайдаланылады, сондықтан да оларға деген сұраныс көп. Егер тиісті шектеу жасалмаса, сортаң жерлердің топырағына мелиорациялау жүргізіліп, орнына балашықтар көптеп отырғызылмаса орман қорымыз азайып, келешекте қарағайлы орманды өлкеден, «түбірлі» өлкеге айналуымыз ғажап емес. Себебі, өртенген қарағайдың орнына отырғызылған қарағай балашығының алып қарағайға айналуы үшін ең азы шамамен 40-50 жылдай уақыт кетеді.
Қазақстан орман жердің 21,2 млн. га бөлігін алып жатыр,оның ішінде ағашты алқап – 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0 - 2,4 млн текше метрге дейін ағаш дайындалады.Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11млн. га текше метрге жуық ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Орман негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Шығыс Қазақстан облысының ормандары Қазақстан Алтайы мен Сауырдың қоңыр қылқан жапырақты тайгасы мен жапырақты ормандары кіретін Шығыс аймағы мен Ертіс бойының қарағайлы орман жолдары және Семей аймағына бөлінеді.
Облыстың мемлекеттiк орман қорының ауданы 3,6 млн. га. Шығыс Қазақстанда бүкіл Қазақстан пайдаланатын ағаш қорының 75% пайызы шоғырланған. Облыстың орманды жерлері 6,2 % құрайды. Орманды құрайтын негізгі ағаш тұқымдары - қарағай, майқарағай, шырша, самырсын, балқарағай, жалпақ жапырақты және қатты жапырақты ағаштар.
Оңтүстік Алтайда Сібір жапырақшалары негізгі орман қалыптастырушы фактор болып табылады. Ол 200метр биіктікке дейін көтеріледі немесе тік беткейлі жерлерден қоңыржай ылғалды ашық далалы беткейлерге ауысады.


Сурет 1 Шығыс Қазақстан орман қорларындағы жалпы ормандардың көлемі


Таулы жапырақты орман көбінесе ашық сирек парктерде бейімделген. Мұндағы ұзын бұталар күнді жақсы өткізеді.


Биік таулы белдеуде Кенді және Оңтүстік Алтайдың мүлдем орман болмауы мен сипатталады. Бұл белдеуде таулы шөптер, өскіндер, домалақ жапырақты қайың тасты тундрада таралған (сурет 1).
Орман шаруашылығын жүргізу үшін облыста 13 мемлекеттік мекеме жұмыс атқарады. Олардың негізгі міндеттері орманды өрттен және өз еркімен кесуден сақтау, орманды қайта қалпына келтіру, орманды қорғау іс- шаралары жүргізу болып табылады (сурет 2).

Сурет 2 .Жылдар бойынша орман отырғызулар және өрттер саны


Орман шараушылығын жүргізудің тиімділігін арттыру мен орманды қайта қалпына келтіру жұмыстарының көлемін арттыруға бағытталған «Жасыл ел 2005 - 2007 жылдарға» республикалық және аймақтық бағдарламаларында орман шаруашылығы дамуының алдағы болашағы жайында айтылған.


2007 жылы ШҚО бойынша ағаш отырғызудың көлемін жылына 1900 гектарға, ағаш отырғызу материалдарын жылына 22 млн. данаға дейін жеткізу жоспарланған. Облыстағы бірегей тұқымдарды сақтау үшін жалпы көлемі 1,7 млн. гектар болатын 18 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылды. Бұлар Марқакөл және Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорықтары, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, 8 мемлекеттік табиғи қорықшалар, 1 республикалық табиғат ескерткіші және 5 облыстық табиғат ескерткіштері. Бұлардың негізгі қызметі биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру, ғылыми - зерттеу, рекреациялық және экологиялық - ағартушылық қызметтерді жүргізу. Келешекте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін ары қарай дамыту, қазіргі барларын кеңейту және Сауыр, Тарбағатай, Зайсан қазан шұңқырында жаңадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Облыс аумағында құстардың 375 түрі. сүт қоректілердің 109 түрі мекендейді. Олардың ішінен құстардың 38 түрі және сүт қоректілердің 12 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Құдыр, бұғы, марал, қабан, елік, сібір тау ешкісі, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан елеулі түрлердің ішінен - барыс, сабаншы, қызыл қасқыр, арқар сияқты жануарлардың бағалы кәсіптік түрлерінің бізде мекендеуі облымызға тән сипат. Аң аулауға пайдалынылатын жерлердің көлемі 23,6 млн. гектарды құрайды, аның ішінде аң аулауды пайдаланушыларға бекітілгені - 19,8 млн. гектар, жалпы мақсатқа пайдаланылатын жерлер (резервтік қор) - 3,8 млн. гектар.
Облыста аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін 24 аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді. Негізгі аңшылықты пайдаланушыларға өзінің бөлімшелерінде Семей ауданаралық аңшылар мен балық аулаушылардың қоғамдық бірлестігі бар аңшылар мен балық аулаушылардың Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, сондай- ақ Көкпекті ауданындағы «Бритоусов» ЖШС-і, Зайсан ауданындағы «Востоктурсервис», ал Глубокий ауданындағы «Бауыржан» шаруа қожалығы және «Черемшанка құс фабрикасы плюс» ЖШС-і сияқты аңшылық шаруашылықтары жатады [3, б.145].
Айталық, республикамыздың барлық орман қоры өзінің табиғаттағы ролі мен халық шаруашылығындағы маңызына байланысты 3 топқа бөлінген.
Бірінші топтағы ормандар барлық мемлекеттік орман қорының 88%, яғни 19,2 млн га жерді алып жатыр. Бұл топқа: өзен мен көл, тау беткейлерінденгі су тәртібін реттейтін, жел тегеуірін тежеп құмдарды бекітетін, топырақты эрозиядан сақтап, егістіктерге ықтасатын болатын ормандар, жол бойы мен елді мекен төңірегіндегі орман алқаптары, санитарлық - гигиеналық маңызы бар сауықтыру орындарының маңындағы ормандар, парктер мен қорықтар территориясындағы ормандар жатқызылған. Бірінші топтпғы орман ағаштарының шаруашылық маңызынан гөрі, экологиялық, яғни табиғат қорғау ролі басым. Сондықтан да бұл ормандарда ағаш дайындау ісіне үзілді-кесілді тыйым салынған. Мұнда тек күтіп баптау жұмыстары жүргізіледі.
Екінші топтпғы ормандағы ағаштары ертеректе көп мөлшерде кесілгендіктен қоры азайған, бірақ әлі де болса шаруашылыққа маңызы бар ормандар қатарына жатады.
Үшінші топтағы ормандардың экономикалық маңызы басым болғандықтан шаруашылыққа кеңінен пайдаланылады. Бұлардың көлемі, 1,7 млн га яғни барлық орман қорының 8,1 %. Үшінші топтағы ормандардың барлығы дерлік Кенді Алтай өлкесінде шоғырланған. Мұнда өндіріс қажетіне жарамды 152 млн м³ ағаш қоры бар, оның жылда 2,5 млн м³ дайындалып отырады.
Қазақстанда өсетін ағаштардың да түрлері сан алуан. Мәселен, республика орман қорының 53 % қатқыл жапырақты сексеуілдің 19% қылқан жапырақты шырша мен қарағайдан, бал қарағай мен самырсыннан, 13% жалпақ жапырақты – терек пен қайыннаң, емен мен үйенкінің және т.б.ағаштардың, ал 15% бұталардың үлесіне тиеді.
Енді осы ағаштармен қысқаш танысып өтелік. Алғашқы сипаттамамыз қылқан жапырақтылар жайында болады.
Майқарағай (пихта) - бұл қылқан жапырақты ағаш республикамыздың шығысында ғана, ішінара Жоңғар Алатауында өседі. Олардың жалпы көлемі 371 мың га шамасында. Май қарағай дінінің диаметрі жарты метрге, биіктігі 30 - 35 метрге дейін жетіп, 150 - 200 жылдай жасайтын ағаш.
Ағашты целлюлоза ретінде - қағаз өнеркәсібінде және құрылыста кеңіне пайдаланылады.
Шырша. Қазақстанда шыршаның екі түрі өседі. Олар Кенді Алтай жерінде таралған Сібір шыршасы және Жоңғар мен Іле Алатауында өсетін Тянь-Шань немесе Шренк шыршасы. Осы орайда айта кететін бір жәй ол шырша ағашының өте баяу өсетіндігі. Тянь - Шань шыршасы 1 - 1,5метрлік биіктікке шамамен 15 - 20 жылда жетсе, ал сібір шыршасына ол биіктікке жету үшін 10 - 15 жыл уақыт керек.
Балқарағай (лиственница) - бұл қылқан жапырақты ағаштың Қазақстанда екі түрі өседі: Сібір және Сукачев бал қарағайы. Сібір бал қарағайы Алтайда, Сауыр мен Тарбағатайда, ал Сукачев бал қарағайы Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында таралған. Биіктігі 40 - 50 метрг,дінінің диаметрі 1,5 метрге дейін жетеді. Басқа қылқан жапырақтылардан айырмашылығы – бал қарағай жылда жапырақ тастап отырады, әрі діңі өте қатты келеді. Суыққа төзімді, күн сәулесін қалайтын бал қарағай 700 - 800 жыл бойы өседі.
Қарағай (сосна). Республикамызда қарағай ормандары 600 мың га жерді алып жатыр. Олардың қалдық алқаптары – Қазақстанның ұсақ шоқылы аймақтарында Қалба жотасында, Батыс Сібір жазығында, Торғай және Ертіс өзенінің жағалауында сақталған.
Самырсын (кедр). Реликті самырсын ағашы Кенді Алтай тауларының 1500 метрден 2300 метрге дейінгі биіктіктерде өседі. Олар бал қарағай, шырша, май қарағай ағаштарымен бірігіп орман алқаптарын құрайды. Қазақстанда самырсын ағаштарының жалпы көлемі 41 мың га шамасында. Самырсын ағашы қарағай өте ұқсас, бірақ оның қылдары ұзын, әрі қою жасыл түсті болады. 600 жылға дейін өсетін самырсын табиғаттың барлық қолайсыз жағдайларына өте төзімді келеді. Сарғыш түсті ағаш сүрегі мықты әрі иілуге жақсы келетіндіктен, одан бағалы жиһаз, музыка аспаптарын, қарындаш жасалады. Самырсынды тегінен - тегін «тайганың наны»деп атамаған,өйткені оның жаңғақтарының дәні өте дәмді, әрі жұғымды келеді. Оны хайуанаттардың орманды қоныстаған түрлерінің бәрі азық етеді.
Самырсын жаңғағы орман шаруашылықтарында көптеп жиналып, олардан аса бағалы самырсын майы алынады. Жалпы 1га самырсын орманы өзінің тіршілігінің барысында 60 - 70 мыңның көлемінде жаңғағын бере алады екен. Осындай байлық қоры самырсын ағашының, сонымен қатар экологиялық маңызы да ерекше.
Арша. Кипаристер тұқымдасына жататын аршаның Қазақстанда 10 түрі кездеседі. Олар – ағаш түрінде, бұта немесе жерге жайылып жатаған түрінде өсетін өсімдік. Ертеде-ақ арша ағшын түрлі бұйымдар жасау, үй құрылысы үшін де кеңінен пайдаланылып келген. Қазір мықты, әрі салмақты әдемі арша діңі қарындаш және басқа да өндіріске шикізат есебінде пайдаланылады. Арша аса пайдалы ағаш болғандықтан көгалдандыру ісінеде кеңінен қолданылғаны жөн. Бірақ, әзірге республикамызда елді мекендерді көркейту жұмыстарына арша ағашын көптеп пайдалану өріс ала алмай келеді.
Тал. Қазақстанда жабық тұқымды бұл ағаштың 65 түрі өседі. Олар алып ағаш түрінде, шағын бұта кейпіндегі түрінде кездеседі.
Қайың. Қайың табиғат көркі ғана емес, үлкен шаруашылық маңызы бар шипалық қасиеті де мол ағаш. Қазақстанда қайыңның 21 түрі өседі. Олар шамамен 800 мың га жерді алып жатыр. Яғни, бұл республика орман қорының 20 % деген сөз. Қайың топырақ пен ауа райын көп талғамайды. Сол себепті де ол жер бетінде көп тараған ағаштардың бірі. Қайың шамамен 150-200 жыл тіршілік етеді.
Қайың - аса бағалы дәрі - дәрмектік шикізат беретін ағаш. Қайыңның табиғи сөлінде адам организіміне ас қажетті глюкоза мен микроэлементтер өте көп. Қайың сөлі адамның жұлын жүйкесіне игі әсер етіп, қан толтырады.
Терек. Басқа ағаштарға қарағанда тез жетілген теректің Қазақстанда 15 түрі кездеседі. Олар вегетациялық жағдай қолайлы болған жылдары бір маусымда 2,5 метрге дейін өседі. Терек - целлюлоза – қағаз өндірісінің құнды шикізаты, ол аса жоғары сортта қағаз алу үшін жұмсалады [25, б.158].
Жоғарыда біз қысқаша сипаттап кеткен ағаштардан басқа республика топырағында алып емен, саялы қарағаш, үйенкі, қандыағаш, жиде және басқа да толып жатқан ағаш пен бұта түрлері өседі.
Әсіресе, өлкемізде сексуіл өскен аймақ көп. Бұл республикамыздағы тікелей орман өскен алқаптың 53% деген сөз.
Қазақстанда сексеуілдің ақ, қар және зайсан сексеуілі деген 3 түрі өседі. Шөл даланың аптап ыстығында, қарып түсер аңызақ жел өтінде бар тіршілікке сая болар сексеуіл ғана сияқты.
Сонымен кең байтақ қазақ жерінде өседі деген ағаш түрлерінің қайсы бірінің қысқаша сипаты осындай. Жалпы Республика территориясында сүректі ағаштардың - 67 түрі, бұталардың 260 - тан астам түрлері өседі. Олар біріге келіп экологиялық жүйе – орманды құрайды. Ертіс өзенінің бойын қуалай өскен жолақты қарағай ормандары да негізінен қарағай ағаштарынан тұрады. Бұл ормандардың көлемі 360 мың гектардан астам. Далалы аймақта жатқан Қалба жотасының табиғаты да қарағайлы ормандардың жақсы жетілуіне өте қолайлы.
Қазақстан Республикасының барлық өндірістік салаарында болып жатқан өзгерістер орман шаруащылығы басқармасын да айналып өткен жоқ. Кейінгі жылдарда ағаш өнімдеріне сұраныстың күрт өсуі, орман шаруашылықтары өзін - өзі басқару жұйесінің дәрменсіздігі ормандарға кері әсерін тигізді. Нарықтық қатынас табиғатын жете түсінбеу ірі - ірі аймақтардағы билік органдарының өз аймақтарында орналасқан орманда өз меншігіне балап, талан - таражға салынуына, табиғи байлықтың құрдымға кете жаздауына әкеліп соқты. Осылардың бәрі Орман көдексін қайта қарап, толықтырулар керектігін қажет етті.
Президенттің мемлекеттік басқаоу органдары мен бұқарлық ақпарат құралдарының айырықша мән беруінің арқасында Орман кодексі қабылданып. Қазақстан Республикасында ормандар мемлекет меншігі екендігін айқындап берді.
Зайсан орман шаруашылығы Шығыс Қазақстан обылысының оңтүстік – шығысында, Зайсан, Тарбағатай аудандарының әкімшіліктері орналасқан. Оны Сауыр, Маңырақ және Тарбағатай таулары сілемдерін қуалай өскен таулы ормандар құрайды. Осы таулы өңірлерден ары Зайсан және Қара Ертіс жазықтары басталады да орман ағаштары сейіліп, алыстай - алыстай сексеуілді құмдауытқа ұласады.
Орман шаруашылығы Кендірлік, Үйдене, Шағаноба, Қара Ертіс өзендері бассейінінде орналасқан. Аталмыш аумақты Ертіс, Теректі, Обалы, Сындырма, Құртқа, Жеменей, Темірсу, Мұзтау, Үшбұлақ өзендері қайшылап жатыр. Тегінде ол «Зайсан» және «Қаратал» атты екі орманшылыққа бөлінеді. Құрамына 12 мекен кіреді [5, б.156].
Қаратал орманшылығы жерінде ботаникалық «Қаратал құмы» қорығы орналасқан. Қорық 1978 жылы 6-сәуірде құрылған. Жалпы аумағы – 1300га. Шығыс Қазақстан обылысы бойынша жабайы шырғанақтың ең көп шоғырланған жері осы жерде болғандықтан, аталмыш қорық мұны келешекте сақтап қалу, молайту мақсатында құрылған. «Қаратал құмы» емдік қасиеті бар шөптермен қатар, жабайы аң мен құстардың өсіп өнуіне де қолайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет