I теоретические основы логопедии


Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы



Pdf көрінісі
бет59/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   224
24344 (1)

 
Сөйлеу тілінің просодикасының және дыбыс айтуының жағдайы 
 
Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар ересек 
балаларда сөйлеу тілінің просодикалық жағының компоненттерінің тұрақты 
бұзылуы байқалады. Осылай, тыныс алуының жетіспеушілігі тыныс алудың 
түрінің дұрыс еместігінен көрінеді (жиі кеуделік және бұғаналық тыныс алу), 
сөйлеу кезіндегі дем шығарудың қысқалығы - 5 секундқа дейін болады. 
Сөйлеу тілі анық емес, нозальді, бір қалыпты, тембірі төмен, дауысы ақырын 


132 
шығатын болады. Бұндай балаларда дыбыс айтудың бұзылуы байқалады. 
Бұл екі немесе одан да көп дыбыстардың бұзылуы. Сонымен қатар бір 
дыбыстың бұзылуы, дыбыстың құрылысы дұрыс қалыптаспауы да кездеседі. 
Көбінесе ысқырық, ызың және сонорлардың бұзылуы байқалады. 
Антрофоникалық дефектер басыңқы болады. Олар ызың, ысқырық, тіс 
аралық, еріндік-тістік сигматизмдерде, бүйрек және көмей ротоцизмде, екі 
еріндік ламдацизмде көрінеді. Тілдің арқасы көтеріңкі болғаннан дыбыстар 
жұмсартылып айтылатын болады. 
Сонымен, дизартриясы бар балаларда барлық фонетикалық тобының 
дыбыстарын айтқан кезде қателерінің ұлғая түсуі байқалады. Оған себеп 
болатын контекстің кеңеюі, оның лингвистикалық күрделігінің деңгейі, 
баларға таныс болуы, үйреніп жатқан дыбыстардың кездесу жиілігі, т.б. 
Фонематикалық қабылдау, талдау және жинақтауының қалпы 
 
Фонематикалық естуінің бұзылуы екінші реттік сипат алады, өйткені 
баланың анық емес сөйлеу тілі анық естіп қабылдауын және бақылыуының 
қалыптасуына ықпал етпейді. Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына 
дейінгі балалар фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігінен көптеген 
қате жіберуі байқалады. Бұл баланың есту моторлы координациясын 
тексерген кезде жақсы көрінеді. Жәй ырғақтарды қабылдап қайталау кезінде 
қиыншылақтар кездеседі, ал күрделі ырғақтарды қайталау мүлдем мүмкін 
емес болады. Фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігі артикуляторлы-
акустикалық белгілерді, ұқсас сөздерді, күрделі буындық құрамы бар 
сөздерді және жаңылтпаштарды айтқан кезде байқалады. 
Дыбыстық - буындық талдауының бұзылуы төмен деңгейде болса да, бұл 
жағдайда қиыншылықтары кездеседі. Берілген сөздің біріншіші немесе соңғы 
дауыссыз дыбыстарын ата деген тапсырманы орындаған кезде, бала көбінесе 
буынды ажыратып айтады. Сөздің реверсі (алмастыруы) байқалады, мысалы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет