I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет62/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   224
24344 (1)

 
Бесінші бағыт. Сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық
жағын дамыту. Ауызша сөйлеу тілін, тыныс алуын, просодикасын дамыту. 
Бұл бағыттар кезектілік болып саналады, кейде тіркесіп, кейде бір уақытта 
жүргізілуі мүмкін. 
 
 
 
 


137 
Дизартриясы бар мектептің төменгі сынып оқушыларымен 
жасөспірімдермен арнайы түзету жұмысын ұйымдастыру 
 
Жазбаша тапсырмалардың күрделенуіне, жазудың жылдамдығына
каллиграфияға талаптардың ұлғаюына байланысты дизартриясы бар 
балалардың жазуында қателер көбейеді. 
Оқушылардың дизартиясын түзетуге бағытталған екі бағдарлама бар (Н.Н. 
Волоскова, 2002). Айта кету керек, бұл бағдарламаны іске асыру барысында 
жазу мен оқудың бұзылуын түзетуде қолданатын дәстүрлі әдстемелерді 
пайдалануға болады.
Бірінші бағдарлама 4 қимыл жаттығулар кешенінен тұрады: біріншісі – 
қол мен аяқтың үйлестігін (координациясын) дамыту жаттығулары; екіншісі- 
қолдың ұсақ моторикасын дамыту; үшіншісі- қимылдардың үйлестігі мен 
ырғақты сезіну; төртіншісі- артикуляциялық моторикасының ырғақтылығын 
дамыту. 
Екінші бағдарлама үш кезеңнен тұрады: біріншісі – буын мен сөздерді
ырғақты жазу; екіншісі- сөз бен сөз тіркестерін ырғақты жазу; үшіншісі- 
сөйлемді, өлеңді, кіші мәтіндерді ырғақты жазу. Әдістеме Д.Б. Элькониннің 
(1980) төменгі сынып оқушыларын жазуға үйрету кезінде қолданған ырғақты 
жазуға негізделген. 
Дизартрияның қалдық көріністері бар жоғарғы сынып оқушыларында 
оқуда 
қиыншылықтар 
кездеседі, 
соған 
байланысты 
бірқатар 
патопсихологиялық комплекстер дамиды. Оларда тұлғаның дамуында 
ерекшеліктер байқалады. Ондай балалар педагогикалық түзету жұмысымен 
қоса, арнайы психологиялық көмекке, психотерапияға, басқа да арнайы 
ықпал етуге мұқтаж болады. Арнайы психикалық ықпал етуге жататындар: 
эмоциональді- стресстік психотерапия, арттерапия, музыкатерапия. 
Спастикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс бағыттары 
 
І. Дайындақ кезеңі: 
1. Баланың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау, логопедиялық ықпал 
етудің нәтижесін болжап, жоспарлауға маңызды. 
2. Дәрігермен тығыз байланыс жасау: психотерапия, дәрімен емдеу, 
сылау, ЕФК, т.б. шаралар артикуляциялық аппараттың бұлшық еттерінің 
жұмысын, жүйке импульстарын өткізуін жақсартады. 
3. Дайындық және негізгі кезеңдерде баланың есту, кинестетикалық 
бақылауын қалыптастыру, артикуляциялық аппаратты дайындау (дауыссыз). 
ІІ. Негізгі кезең.
1. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын дамыту жұмысы жалғасады. 
2. Сөйлеу моторикасын дамыту. 
3. Көру, есту, кинестетикалық бақылауын жетілдіру. 
4. Сөйлеудің просодикалық жағына ерекше көңіл бөлінеді. 
5. Дыбыс айтуын түзету. Дыбысты қою кезектілігі, оны машықтандыру 
спастиканың орнына байланысты. 


138 
6. Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын түзету. 
7. Дыбыс айтуын түзету мен қатар сауат ашу элементтерін менгеру. 
Гиперкинетикалық дизартриядағы логопедиялық түзету жұмыс 
бағыттары 
 
1. Гиперкинез неғұрлым аз байқалатын қалыпты табу қажет. 
2. ИЛТ (интенсивная локальная гипотермия) әдістемесін қолдану 
(дәрігердің нұсқауы бойынша). 
3.Артикуляциялық аппараттың ырғақты қимылын, тыныс алумен, 
дауыспен сәйкестендіруін кезекпен қалыптастыру. 
4. Дыбысты машықтандыруда неғұрлым артикуляцияның қалпының 
ауысуы аз болса, солғұрлым жұмыс нәтижелі болады (ша, шо, шу, шы). 
5. Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыты дыбыс айтудың бұзылу түріне 
байланысты болады. 
 
Жеке сабақтарда жүргізілетін түзету жұмысының негізгі бағыттары 
1. Баланың еріксіз қимылдарын азайтатын қалыпты табу. 
2. Бұлшық еттерді босансыту негзінде гиперкинезді тежеп, беттің
бұлшық еттерін қимылсыз күйде, тыныш ұстауға үйрету: 
- психотерапевтикалық ықпал ету, бұлшық еттердің қатюын азайтып,
баланы эмоциональдік жағынан тыныштандыру; 
- сылау (массаж) көбінесе жеңіл, үстүрт сипау, баяу, ұзақтылығы 5
минуттан көп болмау керек; 
- енжар, екі түрлі қимылдар: статикалық және динамикалық.
Статикалық: бала сөйлеген кезде логопед еріксіз қимылдарды (басын бұру, 
еріннің қимылдарын) тежейді. Динамикалық: жақтың, еріннің, тілдің 
қимылдарының амплитудасын өзгерту. 
3. Дыбыссыз артикуляция кезінде дұрыс дем алуына үйрету. Алдымен
дем алудың күшіне, сосын ырғақтылығына көңіл бөлу керек. 
4. Дауысты а, и, у дыбыстарды айту кезінде дем шығару мен дауыс
шығаруды сәйкестендіру. 
5. Дыбыстарды қою. Артикуляциялық аппараттың қай бөлігнде
гиперкинез аз байқалса, соған байланысты дыбыс кезектілігі анықталады. 
Мысалы, ерінде гиперкинез аз байқалса, онда ерндік дыбыстардан бастап 
қою керек. 
6. Дұрыс айту мен интонацияны дамыту.
Түзету жұмыс нәтижесінде дыбыстарды қоюға болады, бірақ дыбыстарды 
анық, нақты айтқызу бірден мүмкін болмайды, көп уақытты талап етеді. 
Ондай балаларды сауат ашуға үйретуде олардың психикалық ерекшеліктерін 
ескеру қажет. Кейбір балалар белсенді, кейбіреуі енжар, қимыл-қозғалысы 
қиын болады, соған байланысты әдіс-тәсілдер қолдану қажет. 
 
 


139 
Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуын түзету 
 
Түзету жұмысын психолог, логопед, педагог және ата-аналар бірігіп 
жүргізеді. БЦСА балалардың ерте жастан бастап артикуляциясын түзетудің 
көптеген әдістері бар. Шетелдік бағдарламалардың ішінде көп таралғаны 
Б.Бобатов (1975-1980) және В. Войт (1979) ұсынған осы балалардың 
психомоторикасын түзету әдістемесі. Б Бабатовтың әдістемесін ғалымдар 
«постуральдік рефлекстерді тежеу» деп атаған, ол патологиялық 
рефлекстерді тежеуге бағытталған. В. Войттың әдістемесі «алға жылжу 
принципі» деп аталады. Ол әдістеме қимылға қажет позатоникалық 
реакцияларды, түзелу және айналу рефлекстерін дамытуға бағытталған. 
Американдық невропатолог және логопед Н. Westlake және D. 
Butherford (1961) «БЦСА баланың сөйлеу тілін бұзылуын түзету» әдістемесін 
ұсынды. Ол екі бөлімнен тұрады: 
1. артикуляциялық аппаратты, есту, тыныс алу, дауыс шығару 
мүшелерін әр жағдайда тексеру; 
2. БЦСА баланың психологиялық статусы тексеру (әсіресе 1-ші жылы), 
диалогтық, еркін сөйлеуін дамыту, фонациясын дамытуда әр түрлі 
жаттығуларды пайдалану. 
Канадалық логопед Marie Crichmay (1997) өзінің әдістемесінде 
артикуляцияға, тілдің қимылына, олардың денесінің қалпына байланысты 
бас 
пен артикуляцияны жеңілдететін қалыпты табуына ерекше көңіл бөледі. 
 
Е. Ф. Архипова (1989) өзінің әдістемесінде сөйлеуге дейінгі кезеңде 
баланың психомоторлық функциясын белсендіру мен дамытуға негіздейді. 
Балалардың дауыс функциясын және тактильдік-кинетикалық функциясын 
белсендіруге әр түрлі ықпалдар қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет