Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


- Құтылық – оның шын есімі, ал «Елтеріс Білге»-



бет15/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79
ерте орта дамыған қаз тарих

- Құтылықоның шын есімі, ал «Елтеріс Білге»- елінің басын қосқан білгір данышпан деген лауазымға ие болады.
-Оның рухани қолдаушысы данышпан Тоныкөк болды.
-700 адамнантұратын көтерілісшілер Қарақұм қаласын басып алып, қатары 5000 –ға жетті. Қарақұмда Елтеріс қаған деген атпен таққа отырды.
-Тоныкөк ескерткішінде: «Бөд (тақ) киесі қалмады. Орман, тау арасында қалғаны жиылып жеті жүз болды. Екі бөлігі атты адам еді. Бір бөлігі жаяу еді....Біріктірушісі мен едім. Одан соң көктегі Тәңірі білік бергендіктен, өзім құдіретті қағанмен ұғыстым»- деп баяндалады.
-Бөлініп кеткен түркілерді біріктіру үшін өзінің ордасын түркілердің байырғы отаны Өтікенге (Хангайға) көшірді.
-Білге (Мойынчор) қағанның ескерткішінде: «...Тәңірі күш бергені үшін әкем-қағанның (Елтеріс қаған) әскері бөрі сияқты еді. Жаулары қой сияқты еді.....Жорыққа аттанды. Жиырма рет соғысты.Тәңірі жарылқағаны үшін елді елсіретпеді, қағандықты қағансыратпады.Жауын баз қылды. Тізелі бүктірді, бастыны жүгіндірді.Әкем-қаған елін, (төрін) орнатып, ұша барды»- деп жазылған.
- «Күлтегін» жазбасы бойынша сыртқы жауға қарсы 47 жорық жасап, ірі-ірі 20 шайқаста түркілер қолын бастап жеңіске жеткен.
-Құтлық қаған 691 жылы (кей деректерде 693 ж) қайтыс болады. Балалары Мойынчор мен Күлтегін жас болғандықтан, інісі Қапаған таққа отырады.
-«Құтлық Елтеріс қағанға төрт құбыласымен бірдей шайқасуға тура келді. Табғаш шежірелеріндегі «бүлікші» деп бағалауының себебі де түсінікті де. Құтлық көшпелілердің соғыс тәсілін пайдаланып, қаша жүріп соғысып, күш-қуатын молайтты.... Ордос түбегінен Шығысқа қарай созылған Ұлы Қытай қорғанын бойлай шабулға шығып, оның бойындағы барлық бекіністердің быт-шытын шығарды. Тұрақты армияның соққысына ұшырамай жалтара жүріп, Қытайдың бес әскери округін талқандады. Қытай армиясы түркілердің үй-іші, бала-шағасы қоныстанған Цэунцайшань тауына аттанады. Ел-жұрты қырып-жоюға аттанған қалың әскердің алдынан шыққан Елтеріс қаған Синьчжоу деген жерде шайқасқа түседі. Өлім мен өмірдің тағдыры шешілетін қанды қырғында Елтеріс қағанның ер жүрек жасағы Қытай әскерін жеңеді». Оқиғаның мерзімі: VІІ ғасыр



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет