-Білге қаған мұрагерлері кезінде қағанат құлдырады.
-744 жылыҰйғырлардың Яғлаһар тайпасы түркілердің соңғы Болмыш қағанын өлтірді. -744 жылы Шығыс Түрік қағанатын қарамағындағы қарлұқ, ұйғыр, қырғыз тайпалары одақтасып құлатты.Шығыс Түрік қағанаты орнына Ұйғыр қағанаты (744-840 жж) құрылды
-Ашина әулеті тақтан біржолата ығыстырылып, оларды Ұйғырлардың Яғлаһар әулеті ауыстырды.Айбынды Екінші түркі қағанаты құлап, тарих сахнасынан біржолата кетті.
АТАҚТЫ ҚОЛБАСШЫЛАРЫ
Тоныкөк
|
-646-741 жылдары өмір сүрген.
-ШығысТүрік қағанатының негізін қалаушылардың бірі.Үш бірдей қағанға уәзір болған кемеңгер. Түрік халқының жауынгерлік даңқын асқаттатқан даңқты қолбасшы.
- «Тоныкөк төменгі түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қытай жерінде туып, сол жерде оқып, әскери білім алған адам. Қытай оқу нұсқаушыларының жазғандарына қарағанда Тоныкөкті келешектегі Қытай елінің қауіпті адамдарының бірі деп санаған.Жырау Елтерiс, Бiлге қағандардың ақылгөй дем берушiсi болған. Талай жорықтарға бiрге қатынасып, жауды талқандаған қолбасшы батыр атанған. Жазған еңбегiне қарағанда, ол – Бұқар сияқты әйгiлi жыраулардың бiрi. Өзi өмiр сүрген кездегi әлсiреп бара жатқан түркi мемлекетiнiң жағдайын ойлап, оның жандануына көп еңбек сiңiрген. Мәселен: «Түнде ұйықтамадым, Күндiз отырмадым, Қызыл қанымды ағыздым, Қара терiмдi төктiм», – деген шумақтан оның елi үшiн қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша күрескенiн көремiз. Жырау өзiнiң шығармасында «Жұқаны таптау оңай, Жiңiшкенi үзу оңай» деп елдi бiрлiкке шақырады. Егер ел бiрiгетiн болса, оны таптау оңай емес екендiгiн жырлайды. Жырау шығармашылығы қазақ жыраулықөнерiнiң бастауы деп айтуға толық негiз бар»
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |