Қапаған
(691-716 жж.)
|
-Құтлық қағанның інісі.Қағанаттың қуатын арттырып, әскерін күшейтті. Оның әскерінің саны 400 мың адамға жеткен.
-693-706 жылдары Қапаған әскері Хуанхе өзенінен алты рет өтіп Солтүстік Қытай аумағына дендей енді.Орталық Азияны бағындырады.
-710 -жылы түргештерді жеңіп, 711 жылы түргеш қағаны Сақа қағанды өлтіреді.
-715-716 жылдары қағанатта ішкі дағдарыс болып, кейбір түркі тайпалары оған қарсы көтеріліске шығады.716 жылы қаған бүлікшілердің қолынан қаза табады.
-Білге (Мойынчор) қаған ескерткішінде: «Барлығы жиырма бес жорыққа шығып, он үш рет соғыстық.Елдігін елсіреттік, қағандығын қансыраттық.Тізелі бүктірдік, бастыны жүгіндірдік»- деп баяндалады.
|
Білге
(Мойынчор)(716-734 жж.)
|
-Құтлық қағанның баласы.Құтылық қағанның кенже баласы Күлтегін ағасы Мойынчорды таққа отырғызады. Мойынчор Білге қаған деген ат иеленді.Білге қаған Күлтегінді әскердің қолбасшысы, Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші қызметіне тағайындады.Мемлекетті дәуірлетіп Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізді.Сауда кеңейтіліп, Қытай императоры Түрік ордасына үлкен көлемде жібек жібереді.Бұл Қытайдың солтүстік шекарадағы бейбіт өмір үшін төлемі еді.
-«Тәңір мені де таққа отырғызды. Алайда мен бай-бақытты халыққа қаған болмадым, керісінше, кедей және бақытсыз, ішінде асы жоқ, үстінде киімі жоқ елге қаған болдым. Мен інім Күлтегінмен ақылдасып, Түрік халқы үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай өлі-өлгенше соғыстық және жеңдік».
-721 жылы Таң империясы амалсыздан Білге қағанмен бейбіт келісімшарт жасауға мәжбүр болды. Мұның өзі шын мәнінде қытай тарапынан Түркі қағанатының дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалуы еді. 722 жылы Тоныкөк бастаған елшілікті аттандырып, Қытайға қашқан оғыздардың көп бөлігі елге қайтарылды.
-Бауыры, түркі дүниесінің әйгілі қолбасшысы Күлтегіннің 731 жылы дүниеден қайтуы оған аса ауыр тиді.
-734 жылы Білге қағанды өзінің сенімді уәзірі у беріп өлтірді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |