Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


Оймыш -Ағашқа оймыш (ксилография) әдісімен



бет43/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79
ерте орта дамыған қаз тарих

Оймыш

-Ағашқа оймыш (ксилография) әдісімен басып жазу да түркілердің жетістігі болып табылады. Ксилографияның шығу тегі мөрден басталады. Түркі тілінде бұл әдіс алғаш рет VІІ ғасырдың бас кезінде қолданылған.

568 жылы

- Византия императоры сарайына келген Маниах түрік елшілігі Истеми (Дизабул) қағанның «скиф жазуымен» жазылған жолдау хатын алып келген.
- Менандр Протектор-түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді қалдырған византия тарихшысы.

Бұғыты ескерткіші

-582 жылы алғашқы түркі қағандарының ерлік істері жазылған құлыптас орнатылды. Бұғыты аталған осы құлыптастан бастап көне түркі жазба деректері басталады.



Орхон-Енесей жазба ескерткіштері

-Ежелгі сақ дәуірінің жалғасы болып саналатын түркілердің VІІ-VІІІ ғасырларға жататын ежелгі жазбалары тұңғыш рет ХVІІІ ғасырдың 20-жылдарыЕнесей аңғарынан ашылды. 1720 жылдары неміс ғалымыД.Мессершмидт пен шведтің тұтқын офицері Ф.И.Страленберг Енесей жазба ескерткіштерін зерттеп, ондағы жазбаларды қағазға түсірген.
-1889 жылы орыс зерттеушісі Н.М.Ядренцев Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлыптастар тапты. Бұл жәдігерліктер тарихта «Орхон-Енесей жазба ескерткіштері» деп аталады.
-1893 жылы дат ғалымы В.Томсен бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. «Тәңір» сөзінің құпиясын тапты. Оның «Кілті ашылған Орхон жазулары» атты кітабында көне түркі жазуларының толық әліпбиі ғана емес, аудармасы да жарияланды.
-1894 жылы орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады.
-Енесей алқабынан 150-ден астам руна жазулары табылды. Олардың көп бөлігін ақсүйектер өкілдерін жерлегенде қойылған құлпытастар құрайды. Құлыптастардың барлығы көне түркі әдеби тілімен жазылған.Көптеген жартас жазулары Алтай, Шығыс Түркістаннан табылды.
-Ғалым С.Е.Малов өзінің «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегінде: «Шығыс Түркістанда қағаз өндіру, Қытайдағыдай сол кезеңде басталған» деп атап өтеді.
-Руналық жазулар Моңғолия, Жетісу, Шығыс Қазақстан, төменгі Еділ бойы, Дон өлкесі, Солтүстік Кавказ жерлерінен де табылған.Мыңдаған көне түркі жазбалары мен үзінділері Ресей Ғылым академиясында, Германияда сақталған. Швеция, Финляндия және Лондон, Париж, Пекин қалаларында да көне түркі жазуының үлгілері кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет