ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ
Шаруашылығы
|
-Қарахандықтардың мал шаруашылығында жылқы шаруашылығыжетекші орын алған.Жүсіп Баласағұни:«Түріктердің (қарахандардың) жылқы малына ерекше көңіл бөлетінін» жазған.
-«Худуд әл-алам» дерегінде Қарахан мемлекетінің шығыс жағындағы халықтардың негізгі байлығы қой, сиыр, жылқы болып табылатыны атап көрсетілген.
-Жетісу егіншіліктің аймағы болды.Қарахан мемлекетінің кезінде кедейленген малшылар мен егіншілер есебінен қалалар мен қала халқының саны өсті.
-Араб авторлары алтынды, мысты, темірді, қорғасынды Талас тауларында өндіру қолға алынғандығын айтады.
|
Мәдениеті
|
-Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде жариялануы қала келбетінде, құрылыс жүйелеріне тың өзгерістер енгізді.Күмбездеп салынған мешіттер пайда болдыжәне Шығыс моншасы құрылыстары салынды.
-Қарахан дәуірінің сәулет ескерткіштері:Қарахан, Айша-бибі, Бабаджа-қатын кесенелері. Бұл кесенелер Жамбыл облысы аумағында орналасқан.
|
Ислам діні
|
- Исламның таралуы Сатұқ Боғра хан есімімен байланысты Қазақстан аймағында ислам дінін орнықтыруда қарахан билеушілері үлкен рөл атқарды..Солардың бірі Қарахан Тараз қаласында жерленген. Исламды насихаттап, «Әулие ата» атанған осы кісінің лақап атының құрметіне Тараз қаласы кейіннен ұзақ уақыт Әулиеата атанып келді.
-Қарахан дәуірінде жаңа түркілік сопылық дәстүр орнықты. Оның негізін Қожа Ахмет Ясауи қалады. Кейінен «Әзірет Сұлтан» аталып, түркілер арасында кеңінен дәріптелді.
-Шығыстанушы В.В.Бартольд: «Х ғасырдағы араб географтары түркілерді исламға мүлдем жат халық ретінде сипаттайды»,-деп жазды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |