Ақындары
|
-Жүсіп Баласағұн- Қарахандар дәуірінің әдебиет өкілдерінің бірі, көрнекті ақыны, әйгілі ғұламасы.
-Ахмет Иүгнеки- Қарахан мемлекетіндегі даңқы шыққан ақын.
|
Ақша
|
-Самарқан, Үзкент-Қарахандар төл ақшаларын шығарған қалалар.
|
-Қарахандық кезең мына тұрғыда сипатталады:
Түркі тайпаларының экономикалық және мәдени өмірінде оңды өзгерістер орнықты. Иқталық жүйе қалыптасты.
Көшпелі түркілердің отырықшылануы белсенді түрде жүргізілді және қалалар мен қала мәдениеті дамыды;
Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды, араб жазуы қабылданып, біртіндеп көне түркі жазуын ығыстырып шығарды;
Қарахан дәуірінде тілі мен мәдениеті ортақ этностардың қалыптасуы үрдісі жүрді.
|
ҚАРАҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІ (1128-1212 ж.ж)
ДЕРЕКТЕР
Қидандар
|
-Олар жайлы жазба деректерде Қытайдан солтүстікке қарай өмір сүрген моңғол тілдес тайпалар ретінде атап өтіледі. Жетісудың солтүстік-шығысына жылжыған қидандар «қарақытайлар» деп аталады.
|
Қытай деректері
|
-Қарақытайлар -Орталық Азия (Солтүстік Монғолия),Қытайдың солтүстігі ,Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген «қидан» тайпалары.
|
Әл-Марвази
ХІІ ғ. араб тарихшысы
|
-«...Құндар (қидандар) Қытай жерінен келді.Олар несториан христиандары болатын, өздерінің тұрған жерінен көшпелілердің қысымымен кетті. Сонда құндар сарылардың (қыпшақтардың бір бөлігі) жеріне жылжыды, ал сарылар түрікмендер жеріне кетті. Түрікмендер ғұздардың (оғыздардың) жеріне ойысты. Ғұздар Арман теңізі (Қара теңіз) жағалауына жақын бажноктар (печенегтер) жеріне қоныс аударды».
-автордың хабарында VІІІ-ХІ ғасырларда Еуразияны шарпыған ұлан-ғайыр көші-қон тарихы орын алған. Бұл көші-қонда қидандар батысқа жылжыды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |