5. Өзін-өзі дамытудағы кедергілер
Өзін-өзі тануда кездесетін тосқауылдар сияқты өзін-өзі дамыту үрдісінде де біраз кедергілер бар. Онда бірінші кезекте өзін-өзі тану қабілеті, оған түрткі болу жағы анықталса, ал мұнда бірінші кезектегі маңызды мәселе, ол дамудың өзін-өзі жетілдіру үрдісінде болу керектігі (күш-жігер жайында). Солай бола тұра, күш-жігер мәселесі бірінші кезекте емес, жігері аз адамдар да өзін-өзі дамыту үрдісінде біраз жеістіктерге жете алады. Бірақ алдыға жүгіре бермей, өзін-өзі дамытудағы кедергіні жүйеленген түрде қарап көрейік.
Ең маңызды кедергі ретіндегі айғақ, адам әр уақытта өзінің дамуының субъектісі бола алмайды, бұл қызметті ол үшін басқа адамдар орындайды. Бұдан білетініміз, өзін-өзі дамытуда негізгі түрткі болатын жағдай мен мақсаттың жоқтығы. Адам бір сарынды өмір сүре береді. Тұлғаның өзін-өзі жасауын кездейсоқ оқиғалар анықтайды, сол жағдайда шешім қабылдау қиын болады, болашағына түрткі болу одан да қиынырақ. Сондықтан мұндай адамдар көбінесе, алдына қойған мақсатына жете алмауына жағдай кінәлі деп ойлайды. Солай бола тұра, мынаны айта кету керек, кей уақытта жағдай оңынан келіп, өзіне және өміріне қанағаттанарлық сезім туады. Бұл сирек кездесетін мысалдар, тұлға өзін-өзі дамытудың субъектісі болмай тұрып мәнді нәтижеге жетіп және өзін-өзі объективті түрде жетілдіреді. Көбінесе сәтті жағдайлардың өз-өзін іс жүзінде көрсетуге кедергі сияқты қабылданады, және өзін іс жүзінде көрсетудің өзі жалған жолға қойылған. Мұндай жағдайларда кедергіден өту үшін басқа адамдардың көмегі міндетті түрде қажет болады. Келесі кедергі келтіретін тобымыз – өзін-өзі даму қабілеті дамыған адамдармен байланысты. Өзін нақты білмейтін, аясы тар, жеке «Мен» концепциясын қолдана алмаушылық мынаған әкеліп тірейді. Яғни, жеке тұлға өзін-өзі дамытуда алдына орындалуы мүмкін емес мақсаттарды қояды. Соңында адам өзін қанағаттандырмайтын нәтиже алады, өзін өмірінің заңды субъектісі ретінде сезіне алмайды. Сондықтан, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту – бұлар бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс; өзін дәл және жан-жақты тану қасиеті өзін-өзі дамытудың негізгі шарты.
Мына топ кедергілеріне ерекше тоқтала кетейік, бұлар себепті жүйемен қалыптасқан таптаурындар мен міндеттер. Мұны психологиядағы түрлі бағыттар мен мектептің көптеген өкілдері көрсетеді. Мысалы, К.Роджерс [32] мінездегі негізгі таптаурындар мен әрекеттерді тұлғаның шектен тыс көнгіштігінен дейді. Өзін басқалар сияқты ұстауға тырысу, оларға ұқсап әрекет ету, баламаның жоқтығы – әр түрлі әсерлерге алып келеді. А.Маслоудың дәлелдеуінше, тұлғаның өсуіне кедергі болатындар: адамдарды өнімсіз іс-әрекетке итермелейтін өткен сәтсіздіктері, әлеуметтік ортаның әсері, белгілі бір топтың қысымы, тұлғаның оған қарсы тұра алмауы немесе қарсылық көрсеткісі келмеуі; ішкі қорғау жүйесінің болуы тұлғаны айналасына бейімделген, барлығы ойдағыдай деген түр көрсетеді.
Мына топтың кедергілеріне көңіл аудармай кетуге болмайды. Ол – өзін-өзі дамыту механизмдерінің қалыптаспағандығын анықтайды. Өзін-өзі қабылдау немесе жартылай қабылдау біз көрсеткендей, өзін-өзі дамытудың қате жолына әкеліп тірейді, адам күшін өзіне емес, ұнамсыз, жөнсіз қасиеттермен күресуге жұмсайды. Бұған көп уақыт кетуі мүмкін, тұлға да айналасындағылар да қанағаттанбайды. Көптеген мысалдар келтіруге болады, адам өзінің өмірлік мақсатын айқындай алмай, өзі қалаған бейнесін жасауға дәрменсіз болып қалуы және т.б. Мұндай бейне мен мақсат айқын болса да, тұлғаның нақты қалауын көрсететін кепіл бола алмайды. Кей жағдайда жеке тұлғаның болашақта өзінің қалаған, нағыз бейнесін көрсетіп тұрмағандығының куәсі болып жатамыз, біз тек әлеумет қолдаған, жақсы өмірге жалпылама көзқарастың беталыс түріндегі көрінісін байқаймыз. Бұл – көбінесе жас адамдарға тән «Мен» бейнесі. Ешкім өзіне қиындықты, сәтсіздікті қаламайтындығы түсінікті, соған қарамастан, өзін болашақта нақты, жетілген тұлға ретінде көру өзін-өзі дамытудың әр түрлі формадағы белгісі болып саналады.
Өзін-өзі тәрбиелеу дағдысы жоқ топ кедергісін ерекше атап көрсетуге болады. Олар өздерін қажетті бағытта дамыта алмайды. Көбінесе ол жігері жоқтығын байқатады. Адам өзінің дамуына, өзгеруіне қажетті жолды таңдап алады, бірақ шыдай бұрынғы қалпына қайта түседі. Бізге «Бірақ ертеңінде бәрі сол қалпында қалады. Бұл жерде атап айтатын болсақ, өз міндеттерін орындамау өзіне көңілі толмауға, өкінуге, сенімсіздікке итермелейді. Бұл мәселені өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту жағынан алып қарасақ, дұрыс емес. Өзін-өзі дамытуда жігерсіздік танытатын адамдар өте көп. Тек өте қайратты адамдар ғана өміріне өзгеріс енгізіп, жаңа өмір бастай алады. Бір нәрседен бас тарту үшін, орнына адам тағы да жаңасын табу керек. Темекі шегуді тастайтын болсаң, оның орнына не қалайсың? Оны қалай пайдаланасың? Дарашылдықтан құтылғың келе ме? – олардан бас тартпа, соған тең дәрежедегі немесе одан да жақсы нәрсені тап: барлық қуанышты қарсы пікір білдірушілік ұстанымы бойынша сезінуге тырыс т.б. Тек осы жағдайда ғана өзін жігерлендіруге күш салу өзінен-өзі шешіледі. Қай ортада болсын өткен іс-қимыл мен қатынастың формасына сәйкес балама табуға болады және ол тұлғаның қабылдауына жеңіл болады, толығымен қанағаттандырады.
Өзін-өзі дамытуда басқа адамдар да кедергі болуы мүмкін. Олар білмей немесе әдейі, мақсатты түрде кедергі болуы мүмкін. Көре алмай немесе артықшылығын мойындағысы келмей жақын адамдары да зиян келтіреді. Бұл жерде таң қалудың керегі жоқ, тек бәсекелестік туындайды, әр адам өзін-өзі бекітуге тырысады. «Жоғарыға шыққың келсе, басқаны төмендет, көтерілуіне мүмкіндік берме», бұл – біреудің өмірін қиындатуға арналған көптеген адамдардың қарапайым формуласы. Кедергіден өту жолын табу кейде өте қиын болады, бұл жерде жеке автономиялыққа қабілеттілік көмекке келеді. Жеке өмірі мен мінезін қалыптастыру жолын жасау маңызды, кемелденуге ұмтылу кезінде басқаларға қысым жасалмауы қажет, тіпті олардың табиғи қызғанышын да туғызбау керек. Психологияда мұндай бағыт ассертивтілік деп аталады. Тек осы жағдайда ғана өзін танитын және өзін жетілдіретін жеке тұлға теріс ниетті адамдардың көзінше нағыз беделге ие бола алады. Бірақ бұл психологияның өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту аясынан шығып, әлеуметтік психологиямен күштеп әсер етпейтін психологияның өзара әрекетіне кіреді. Әрине, біз өзін-өзі дамытудың кедергілерін толық суреттеуге мақсат қойған жоқпыз, олардың көп екені түсінікті де және жалпы негізгі ойлармен ғана анықталмайды да, жеке тұлғаның өмір жолымен, өзін-өзі қабылдауының бірізділігімен, басқалармен дұрыс қарым-қатынасымен, өзінің өмірлік мақсатымен, сонымен қатар, өзін-өзі дамыту қасиетімен, өзін-өзі жетілдіру мақсаттарымен байланысты. Барлығымыз әрине, шындап ойлансақ, кім екенін, қалай тұрады, өзінің дамуында қайда жылжып барады, өзінің жақсы, кемелденген, дербес екенін анықтайды. Ең бастысы – өзінің алдына қойған мәселелерді шешудің дұрыс жолын табу.
Даму – сандық және сапалық өзгерістердің психикалық объективті үрдісі, қасиеті, заңды түрленуді көрсететін уақыт жағдайы. Психикалық даму әлеуметтік жағдайдың сипатымен дәл түсінікті болуы мүмкін. Адамның психикалық дамуының әр түрлі теорияда құрастырылған кезеңдері бар. Д.В.Элькониннің [33] кезеңдерге бөлуінде жас ерекшелік кезеңінің ауысуына іс-әрекеттің жүргізуші түрінің себепші болуы; Э.Эриксонның [34] кезеңдерге бөлуінде дамудың екі қарама-қарсы жолы қарастырылады, олар өзімен және айналасындағылармен сәйкес (ұқсас) сезімге жетуімен байланысты немесе өзімен, қоршаған әлеммен теңестірмеу сезімі.
Өзін-өзі дамыту – бұл адамның өзінің өмірінің нағыз, іргелі субъектісі болу қасиеті және өмірлік іс-әрекетін түбегейлі өзгертуі. Өзін-өзі дамыту – адамның өмірлік іс-әрекеті аясында, белсенділік көрсету үрдісінде, өзін-өзі тану негізінде жеке таңдауын жүзеге асыру қасиетін анықтайды.
Өзін-өзі дамыту – тұлғаның ішкі әлемінің ерекшеліктерін белсенді түрде көрсетеді (өзінің уақыттық-кеңістіктік координаты бар, тұлғаның өзімен, өмірінде маңызы бар адамдармен үзіліссіз сұхбат жүріп жатады). Ішкі әлем немесе субъективті шындық үнемі даму мен қалыптасу үрдісінде, кезеңдері объективті түрде жүреді: жандану, рухтану, дербестену, даралану және әмбебаптылық. Осылайша, өзін-өзі дамыту үрдісі – адамның тұрмысының мәні сияқты өмірімен бірге басталып, ішінде айналады. Сонымен қатар, маңызды мағына – әр адам үшін жеке анықталатын, өзін-өзі дамытудың субъектісі бола ма, әлде бұл рөлді басқа біреулер орындай ма деген мәселе туындайды. Өзін-өзі дамытудың субъектісі болып жайлы жағдайда адам жасөспірім кезінде қалыптасатындығы ғылыми тұрғыда бекітілген. Өзін-өзі дамытуды талдау бірлігі ретінде оның «кірпіші» тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруының әрекетін іске асыруы болып табылады.
Тұлғаның өзін-өзі дамытуы жеке өмір жолының аясында жүзеге асады. Өмір жолын талдау бірлігі – оқиғалар болып табылады, оларға ортаның оқиғалары да жатады. Нағыз өзін-өзі дамыту мынаны білдіреді: адам – өз өміріндегі оқиғалардың өнімі болып табылады, ол өзінің өмірлік іс-әрекетінің авторы, түрлі жағдайларға бағынбайтын, оларды өзі жасайтын, өз өмірінің келешегін анықтайтын адам.
Өзін-өзі дамыту – үзіліссіз үрдіс, белгілі бір түрткі болатын жағдайлардың әсерінен тұратын, немесе өзін өзгерту арқылы, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру үлгілерін пайдалана отырып, өзіндік іс-әрекетті өзгертудің нәтижесінде нақты мақсаттарға жетеді.
Өзін-өзі жетілдіру – бұл өзінің даму үрдісін саналы түрде басқарып (бақылап) отыру. Өзін-өзі жігерлендіру – өмірдің мәнін түсіне отырып өзінің қалағанына жету.
Өзін-өзі дамытудың механизмі ретінде өзін-өзі бақылау тұрады. Өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі танудың әрекетін аяқтай отырып, тұлғаның барлық қасиеттерін қабылдап, өзінің болашағын анықтайды. Өзін-өзі болжау ішкі және сыртқы өмірдегі оқиғаларына таңдануға, өзін-өзі дамытуға және болашақта жасайтын іс-әрекеттерінің жүзеге асуына мүмкіншілік береді. Өзін-өзі болжау оның мағынасына, бағытына, анықтығына, тұрақты екендігіне, уақыт осіне бағынатындығына талдау жасауы мүмкін. Әртүрлі іс-әрекет пен механизмдердің байланысы өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжау, өзін-өзі дамытудың түрлі стратегияларын қамтиды.
Адам – өзіне жақсы да, жаман қабілеттер мен қасиеттерді қабылдап, бірақ өзін қалыптастыру мәселесін нақты, айқын, шынайы қойған жағдайда ғана ең оңтайлысы болып есептеледі.
Белгілі бір қиындықтарды тұлға саналы түрде өзін-өзі дамытудың кедергісі деп қабылдайды. Мұндай кедергілер өте көп, кейбір кедергіні адам өзі жеңеді, егер күші мен түрткі болатын жағдай болса, басқалары қасындағы адамдардың көмегімен ол кедергіден өтуі мүмкін. Өзін-өзі дамыту барысындағы ең қиын кедергілердің бірі – өз өміріне деген жауапкершіліктің жоқтығы. Сонымен бірге, көптеген қиындықтар былай анықталады: өзін-өзі тану қасиетінің дамымауы; өзін-өзі дамыту механизмдерінің қалыптаспауы, өзінен басқаны көре алмайтын, іші тар адамдар жасаған кедергілер.
Өзіндік сана-сезімнің пайда болуына байланысты, ғылымда әр түрлі көзқарастар бар. Бір ғалымдар өзіндік сана-сезім 2-3 жаста, тілі шыға бастағанда «Мен» есімдігін пайдаланып, өзін іс-әрекетінің субъектісі ретінде сезінеді деп есептейді.
Ал енді бір ғалымдар өзіндік сана-сезім одан да ерте – өмірге келген кезден басталады деп есептейді. Тағы да мынадай көзқарас бар: өзіндік сана-сезімнің негізі – өмірге келгеннен кейінгі алты айдың ішінде қаланады дейді.
Осы айтылған көзқарастардың барлығының жақсы жақтарымен бірге, керексіз жақтары да бар. Өзін-өзі сезіну – қабылдау әрекеті мен қозғалыстың ағзасы деңгейіндегі өзін-өзі сезінудің негізі болып табылады;
Әлеуметтік «Меннің» пайда болуы – жеке тұлғаның өзіндік сана-сезімнің әлеуметтік деңгейде дамуы үшін қажет;
Өзін іс-қимыл әрекетінің субъектісі ретінде сезіну – жеке тұлғаның өзіндік сана-сезімінің даму бастамасы.
Өзіндік сана-сезім мәселелерінің пайда болуын отандық ғылымдар психологиясының классигі Б.Г.Ананьевтің [35] жазбаларында, өзін қоршаған орта шындығынан бөліп алып, іс-әрекет субъектісі деп қалыптастыруына дейінгі ауысу динамикасын көрсеткен. Бұл үрдісте маңызды рөл атқаратын:
Өзін ішкі дүние кеңістігінен алып, көру анализаторының дамуымен байланыстыру және баланың «дене кеңістігі дүниесі»;
11-12 айында бала денесін игеріп, айналасындағылардан физикалық «Мен» бейнесі бөлініп шығады, (көп уақыт бойы бала өзінің аяқ-қолымен ойнап жатады, өсе келе, оның не үшін қажет екенін түсінеді).
Өзін іс-әрекет үрдісінен бөлу, тілінің шығуымен тығыз байланысты.
1 жастан 3 жасқа дейін бала өзінің қимыл-әрекетімен тік жүріп, тілі шыға бастайды. Онда ерекше сезім пайда болады, оны психологияда өзіндік ар-намыс деп атайды: мақтаныш сезімі мен ұялу сезімі. Бұл кезең шынында да ғасырлық маңызы бар оқиғамен аяқталады – бала «Мен» есімдігін қолдануға ауысады және бірінші рет өзін тұлға ретінде бекітеді. Осылайша, үш жаста «Мен» жүйесін сезінеді және бала тек іс-әрекетінің субъектісі болып қана қоймай, өзін субъект ретінде сезінеді. Өзін-өзі дамыту: «Мен өзім», «Маған керек», «Мен боламын», мұндай кезде бала ересектердің көмегін қажетсінбейді, ал дербестілікке мүмкіншілігі шектеулі. Үш жастағы баланың мінезі бәрімізге белгілі: бірбеткейлілік, келеңсіздік, балалық қатыгездік. Бұл дағдарыстан қалай шығуға болады. Бала тез арада үлкен адам сияқты бола алмайды, содан кейін үлкен адамның ісін қайталап, еліктейді.
Басқа адамдармен сәйкестендіру механизмі белсенді түрде дами бастайды. Қарапайым еңбек түрлері де аз рөл атқармайды, іс-әрекеттің өнімді түрі: сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, ертегі оқу, сурет кітаптарды қарау. Өзі қатарлас балалармен араласудың маңызы арта түседі. Бала үлкендердің алдында ғана емес, құрбыларының, құрдастарының арасында да көзге түскісі келеді, сондықтан бірге ойнау, араласу – баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуын ынталандырады. Мектепке дейінгі кезеңнің сонында басқа адамның іс-әрекетін бағаламау қасиеті ғана емес, өзінің қимылын, жетістіктерін, өзінің күйзелістерін бағалау сезімі де қалыптасады.
Осылайша, мектепке бару кезеңіне дейін бала тек іс-әрекетінің субъектісі ғана болып қоймай, өзін субъект ретінде сезінеді. Өзіндік сана-сезімі, іс-әрекетін бағалау қасиеті қалыптасады. Мынаны атап өту керек, мінез-құлқын өзіндік реттеуден гөрі өзін-өзі бағалау тез дамиды. Еркіндік көрсету бастауыш сынып оқушыларына тән екені белгілі. Сәйкестендіру механизмі дамиды, ал рефлекстік қабілеттері артта қалады, тек бастапқы негізі ғана қалады.
Өзін-өзі дамыту өзін-өзі бекіту жолымен әр түрлі әрекетте келеді. Біреуі ойын түрінде, ересек адамдарға және құрдастарына өзін мойындату.
Бүтіндей келе айтатынымыз, мектепке дейінгі балалық кезең – сыртқы ортада өзін тану кезеңі. Баланың ішкі әлемі қарқынды түрде дамиды, бірақ балаға оны ашу әлі өте қиын. Соған қарамастан өзін-өзі бағалау әрекетінде бала ішкі түйсігі арқылы болса да өзінің ерекшелігін, басқаларға ұқсамайтын қайталанбастығын түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |