Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы



бет15/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Өзін-өзі дәлелдеу нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ол адамға өзінің қажеттілігін, пайдалылығын сездіреді, өз өмірі мен іс-әрекеттерінің мәнді, мағыналы екенін сезінеді, «Мен ешкімнен кем емеспін» нұсқауы орындалады, өзін барлық қиындықтарды шеше алатын, керемет бір өзгеше адам ретінде сезінеді.
Өзін-өзі жоққа шығару жағдайында – адам өзінің ештеңеге тұрмайтынын, керексіздігін, төмендігін дәлелдейді, бірақ бұндай қылық кейбір адамдарға жағатыны да кездеседі.
Өзін-өзі дәлелдеудің бұдан да жоғары, өзін-өзі өсіру, дамыту, жетілдіру, өзін-өзі белсендіру деген түрлері бар, адам өзінің алдына бұдан да биік мақсаттар қойған кезде бұл екеуі өте қажет. Бұл кезде өзін-өзі дәлелдеудің керектігі қажеттілігін жоймаса да, екінші орынға ысырылады.
Өзін-өзі дамыту, өсіру, жетілдіру, шамасы, өзіндік дамудың дәлме-дәл кескіні болар. Себебі адам өз бетінше жақсы болуға ұмтылады, идеалға жақындауға тырысады, өз бойында жақсы қасиеттер пайда болуы үшін еңбектенеді, оқып-үйреніп, түрлі істермен айналасады, сол айналысу барысында, оның бойында көптеген жақсы қасиеттер пайда болады. Басқаша айтар болсақ, өзін-өзі дамыту – тұлғаның өсу кезінде оның қабілеттерінің, сапасының өсуіне де саналы түрде басшылық ету үрдісі. Әр адам идеалды (үлгіні) әр түрлі түсінеді, ол алдына мақсат қойып, соған жетуге тырысу, адам идеалына жетуге өз ерік-жігерін, күш-қуатын пайдаланып, сол арқылы оның өмірінде мән-мағына болып, белгілі бір айқындыққа жетуге күш салады.
Өзін-өзі дәлелдеудің әр түрлі жолдары бар, бірінші жолы – әлеуметтік маңызы бар қасиеттер мен сапаларға ие болу; басқа жолы – өмір сүрудің теріс, қисық жолын таңдау. Алдыңғы жолын таңдаған адам кәсіби шеберлікті шыңдап, алдыға ұмтылады, қисық жол таңдаған адам ұрлық жасаудың небір шебер жолдарын үйреніп, адамдарды өз пайдасына пайдаланады. Өзін-өзі дамытудың «өзін-өзі жою» деген кері үрдісі бар, яғни адам бір себептерді шешу үшін өзін жақсы жағынан өсуі арқылы емес, төмен құлдырап, өзінің жаман қасиеттерімен сол себептерді шешеді.
«Тұлғаның өсуі» деп аталатын өзін-өзі дамытудың позитивті бағытына көңіл бөліп көрейік.
П арапсихологияда, эзотерикада (эзотерика – құпия ілім) тұлғаның өсуі рухани тәжірибе ретінде қарастырылады, сананың өсуіне жоғарғы ілімді игеру арқылы қол жеткізуге болатыны алға тартылады. Бұл үшін парапсихологиялық қасиеттерді оятатын арнайы құралдарды, болашақты болжау қасиеті, телепатияны, телекинезді пайдаланады. Психоанализде (К.Юнг бойынша) [24] даралық, өсу, жеке еркіндікке көңіл бөлінсе, ортаны басқаруға басқалардан артық, басым болу жолында білген-түйгенді бір арнаға ғана бағыттауға (А.Адлер бойынша) [25] басым көңіл бөлінеді.
Гештальттерапияда өз-өзіне сенімділік, өзін жағдайға байланысты реттеп, қажетті арнаға бағыттау (Ф.Перлз бойынша) [26].
Гуманистік психологияда тұлғаның өсуі өзі жеке, автономды болуы, толысуы, психологиясының сау болуы (К.Роджерс бойынша ) [27] немесе өзінің алдына билік мақсаттар қойып, соны орындауға ұмтылу (А.Маслоу бойынша) [28].
Сонымен, өзін-өзі дамыту дегенді қортындылап, қысқа сөзбен түсінік беретін болсақ: өзін-өзі дамыту – толыққанды өмір сүріп, өзінің не үшін өмір сүріп жатқанын біліп, өмірінің мәнін түсіну.
Өмірдің мәнін түсіну әр қарай өзін-өзі дамытудың жоғарғы түрі – өзін-өзі белсендірілуге өтеді.
Өзін-өзі дамытудың мақсаты «басқалардан кем болмау, басқалардан артық болу» мақсатымен тұрып қалу емес, «бұрынғыдан да жақсы болу, бұрынғы жетістіктерден де биік жетістіктерге жетуге» ұмтылу.
Өзін-өзі дамытудың түрлері санқырлы. Мысалы, адам жаңа білімді игеру арқылы, жаңа іспен айналысу арқылы тағы бір саты жоғары көтеріледі. Алдына белгілі бір мақсат қойса, мысалға адамдармен таласып–тартыспауды мақсат етіп қойса, сол мақсатын орындаса, ол жаңа бір белесті алады. Зиянды әрекеттерден бас тартса, бұл да өзінің даму барысында жаңа бір сатыға көтерілу деп есептеледі.
Өзін-өзі дамыту қалай іске асады? Бұл өзін-өзі тәрбиелеу барысында іске асады, яғни адам өз өмірімен бәсекеге түсіп, өзінің алдына міндет қояды, өзіне-өзі бұйрық береді. «Өзін-өзі дамытудың» мақсатқа жету қортындысы – адамның өзіне-өзі көңілі толуы, өзінің жетістіктерін көруі, алдына қойған мақсатын орындай алуы, өз өміріне ризалығы, өз істеріне көңіл толуы, айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет