Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


І тарау. Өзін-өзі дамытудың жалпы түсініктемесі



бет2/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

І тарау. Өзін-өзі дамытудың жалпы түсініктемесі


І. Даму туралы түсінік

Психикалық дамудың мәселесін объектілік үрдіс ретінде тереңірек қарастырамыз. Ұзақ уақыттан бері психологияда преформизм теориясы басымдық көрсетті, даму жай өсу ретінде қарастырылса, ал жетілу дамудың бір кезеңі ретінде түсіндірілді. ХVІІ-ХVІІІ ғ. – балалық өмірге дайындық ретінде ғана қаралуы кездейсоқ жағдай емес, ал бала – үлкен адам, тек кішкентай форматта, жетілмеген және ақылы аздау деген түсінік болды. Біртіндеп дамуға психикалық қасиеттің саны мен сапасын өзгертуге келмейтін үрдіс деп қарай бастады.


Қазіргі кезде психикалық дамудың көптеген түрлі дәлелдері, теориялары кездеседі: натурализм, социоморфизм, культурализм, теологизм, гносиологизм, антрополизм.
Психикалық дамуға байланысты факторлардың бірнеше түрі бар. Биологизаторлық ойлармен келіссек, даму биологиялық және жаратылыс факторларымен байланысты, олар психикалық дамуға бағдарлама және бағыт береді. Социологизаторлық бағыт адамның дамуын әлеуметпен байланысты деп акцент жасайды. Конвергенция теориясында баланың өсуін ішкі деректермен сыртқы жағдайларды жақындастырудың нәтижесі деп көрсетеді. Отандық психологияда мынадай пікір кеңінен тараған: дамуда оқу мен тәрбие және әлеуметтік факторлар негізгі рөл атқарады, ал оның тегі екінші кезекке қойылады. Мынаны атап өту керек: отандық психлогияда дамудың ішкі детерминация фактілеріне көп көңіл аударылса да, бір теория көп дәрежеде, екіншісін аз мөлшерде болсын жоққа шығарады. Бірақ ішкі белсенділік тек мынадай жағдайда ғана түсінікті болуы мүмкін: дамуға анықтама бойынша, өмірлік іс-әрекет субъектісінсіз тіршілік ете алмайтын, объективті түрде тіршілік ететін өзін-өзі дамытуды қосып қарастырамыз.
Психологияда талқыланып жүрген тағы бір мәселе, психикалық дамудың қозғалыс күші мен жалпы заңдылықтары. Отандық ғылымда қарқынды дамып келе жатқан қарама-қайшылықтар мыналар екенін мойындайды: қажеттілік пен мүмкіншіліктің қанағаттандырылуы, ескі мен жаңа үлгі формаларының мінез-құлқы, ортаның сұранысы, баланың мүмкіншілігі және тағы басқалары. Психикалық дамудың заңдылықтарында оның біркелкі еместігі, икемділігі, сабақтастығы және тағы басқа ерекшеліктері байқалады.
Әр түрлі мектептерде және психология бағыттарында жас ерекшелігіне және жас кезеңдеріне ерекше көңіл бөлінеді. Отандық психология өкілдерінің айтуы бойынша, тұлғаның әр жас ерекшелігі былай белгіленуі мүмкін: әлеуметтік өсу жағдайы, басқарушы қызмет, психологиялық жаңа түзілулер.
«Әлеуметтік өсу жағдайы» түсінігі отандық психологияның классигі Л.С.Выготскийдің [1] пайымдауынша, әлеуметтік болмыс пен субъектінің қарым-қатынас жүйесі әр жас мөлшерінің өзіне т ән сыртқы, ішкі шарттарының сәйкестігімен анықталады, оның күйзелістерінен байқалып, басқа адамдармен бірге іс-әрекеттерін жүзеге асыруымен айқындалады. Бұл баланың өмір сүру мәнін, әлеуметтік тұрмысын айқындайды және одан әрі жаңа қасиет пен сапа, психологиялық жаңа дүниелер туындайды.
«Негізгі іс-әрекет» ұғымын А.Н.Леонтьев [2] алға тартқан, әр жас белесінде өзінің негізгі іс-әрекеті болады, осы «негізгі іс-әрекет» аясында психиканың негізгі жаңа түзілістері құрылады.
Психологиялық жаңа түзілулер – бұл жас кезеңінің бірінен екіншісіне өтуі.
Психологиялық жаңа түзілулер – бұл сол жаста пайда болатын және оны әр жас белесінен бөліп тұратын жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері. Мысалы, мектепке дейінгі жастың негізгі «жаңа түзілісі» – бұл іс-әрекеттің (мотив) бағынуы, кіші мектеп жасыныкі – іс-әрекеттің өз бетінше дамуы, ересек жаста – өзінің есейгенін сезіну және тағы басқалары.
Осы түсініктерді пайдалану барысында Д.Б.Эльконин [3] бүкіл балалық шақты 3 үлкен дәуірге бөледі: ерте балалық, балалық, кеш балалық. Әр дәуір 2 кезеңге, әр кезең – фазаға бөлінеді. Әр кезеңге өз негізгі әрекеті тән: сәбилік шақ (0-1жас) – эмоциялық қарым-қатынаста, ерте балалық (1-3 жас) – заттарды пайдалану әрекеттері, мектепке дейінгі балалық (3-7 жас) – сюжетті рөлді ойындар, кіші мектеп жасы (7-10 жас) – оқу әрекеті, жасөспірім жасында (10-15 жас) – қарым-қатынаста болу, ерте жастық (15-17 жас) – кәсіптік білім әрекеті. Бұдан ары осы негізгі әрекеттердің түрі 2 үлкен бөлікке мынадай принциппен бөлінеді: «бала – үлкен қоғамдық тұлға» (эмоциялық қарым-қатынас, сюжетті-рөлді ойын, қарым-қатынастар) және «бала – қоғамдық адам» (заттарды пайдалануы, оқу, кәсіптік білім). Әр бөліктегі даму тұрақты деп сипатталады, ал кезеңнен-кезеңге, дәуірден-дәуірге өту – өтпелі дағдарыс деп сипатталады.
Шетелде Э.Эриксонның [4] (америка психологы) кезеңдерге бөлуі өте танымалдыққа ие болды. Ол біздің өзіндік өсу қиындықтарына қатты көңіл бөледі және ол сыртқы факторларға емес, ішкі факторларға назар аударуды ескертеді, осыдан дамудың екі жолын шығарады – позитивті, негативті. Ол – тек баланы ғана емес, жалпы адам дамуының кезеңдерге бөлінуін түсіндіреді. Психологтың мақалаларының негізі ұқсастықты дамытуда жатыр: адам шешімге келерде қандай жолды таңдайды, ұқсастықтың жаңа жолын таба ма, жоқ әлде оны жоғалта ма? Э.Эриксон өз тұжырымдамасында әр кезеңді айқын бөлмейді, ол әр кезең бірінен соң бірі кезекпен келеді деп есептейді. Оның ойынша, әр кезең, жастың басталуы – ол тек шартты түрдегі ғана нәрсе, жас мөлшері анықталмайды және келесі жас мөлшеріне өткенде бітпейді. Әр сатыдағы дамудың қорытындысын беріп көрейік:
Бірінші саты – сәбилік шақ (0-1-1,5 жас).
Бұл кезеңде – егер сәби жайлы жағдайда дамыса, қоршаған әлемге сенім, үміт қалыптасады, жайсыз жағдайда – сенімсіздіктен, қарым-қатынастан, іс-әрекеттен қашқақтау қалыптасады.
Екінші саты – ерте балалық шақ (1,5-4 жас).
Бала қалыптасады, өзінің жекешілдігін қорғай бастайды. Осы кезде – даралық, ерік-жігер қалыптасады немесе сенімсіздік, ұялшақтық қалыптасады.
Үшінші кезең – балалық шақ (4-6 жас).
Бұл кезде – ынта немесе өзін кінәлі сезіну, белгілі бір іс-әрекетке бет бұру немесе енжарлық, тежеліс дамиды.
Төртінші кезең – мектеп жасы (6-11 жас).
Балада еңбек сүйгіштік, еңбек құралдарымен жұмыс істеу қалыптаса бастайды немесе селқостық, біліксіздік сезімі, толыққанды емес, өзін сапасыз сезіну қалыптасады.
Бесінші кезең – есейген шақ (11-20 жас).
Тұлғаның алдында өзін сезіну, өмірдегі өз орнын табу мақсаты тұрады. Ұқсастық сезімі белең алады немесе оның жоғалу үрдісі жүреді, осыдан ұялшақтық немесе негативизм қалыптасады.
Алтыншы кезең – жастық шақ (21-25 жас).
Қалыптасқан немесе қалыптаспаған ұқсастық негізінде адам өзінің алдындағы мәселерді шешуге кіріседі.
Жетінші кезең – толығу шағы (25-50-60 жас).
Мақсат – өздігінен даму, шығармашылықпен байланысты мәселелерді шешу. Қорытынды нәтиже – іскерлік пен тоқырау арасындағы қайшылықты жеңіп шығу, оң пайымдауларға, мейірімділікке, жағымпаз пайымдауларға, жеккөрушілікке келу.
Сегізінші кезең – кәрілік шақ (60 жастан жоғары ).
Бұл – ұқсастықтың жаңа формасына жетумен сипатталады, осы кезде тұтастық әмбебаптықтың пайдасына, не болмаса үмітсіздік, жиіркеніштіктің пайдасына таңдау жасалады. Бұдан туындайтын сезім: оң көзқарастың жемісі – ақылдылық, теріс көзқарастың жемісі – өзін де, өзгені де жақтырмаушылық.
Осы айтылғандардан туындайтын мәселе – психологияның ең басты жұмысы және психологиялық дамуды зерттеу болып қала береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет