Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Өзін-өзі дамытудың мәні мен негізгі сипаттары



бет4/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

3. Өзін-өзі дамытудың мәні мен негізгі сипаттары

Өзін-өзі дамытудың не екенін анықтап көрейік. Отандық психологияда бірінші анықтама беріп және оның ерекше белгілерін дәлелдеген В.И.Слободчиков пен Е.И.Исаев: «Өзін өзі дамыту – адамның өз өмірінің субъектісі болуға қабілеттілігі, өмірлік іс-әрекетін қайта құрастыра алуы» деген.


Өзін-өзі дамытудың белгілері қандай?
Ең алдымен мынаған көңіл бөлу керек, өзін-өзі дамытуды талдау үшін, өмірлік іс-әрекет деген жалпы түсінікті адамның іс әрекеті мен мінезінің негізгі нысанасы етіп алу керек. Өмірлік іс-әрекеттің құрамына – өзін-өзі дамыту үрдісін жүзеге асыру да кіреді. Сол себепті, адам ерте 3 жас шамасында өзінің «Менін» көрсетіп, өмірлік іс-әрекетінің субъектісі болып, мақсат қоя бастайды және өз қалауына бағынып, басқалардан талап етуге талпына бастайды. Бірақ зерттеушілер, әсіресе Г.А.Цукерманның зерттеулерінде: «Баланың тек жасөспірім шағында санасында өзгерістер болып, өзін-өзі дамытудың субъектісі болады, өзін ересек сезініп, есею үрдісі жүреді» дейді. Бірақ, өзін дамытудың субъектісі – тек адам қашан өзіне саналы түрде мақсат қойып, өзінің жетілуіне, өзін көрсетуіне немесе өз қалауын түсініп, болашақта нені бағындырғысы келетінін айқындағанда ғана бола алады.
Өзін-өзі дамытудың басқа сипаттамасы – тұлғаның белсенділігі, әлеуметтік белсенділік немесе әлеуметтік әсерленгіштік болуы мүмкін. Әлеуметтік белсенділікті талдау бірлігі – бастамшылық пен орындаушылықтың бірігуі болып саналады. Әлеуметтік әсерленгіштік әлеуметтік қызба түрінде немесе енжарлық түрінде көрінеді, бірақ екі жағдайда да адамды өмірлік іс-әрекеттің субъектісі ретінде көрсетпейді. Әлеуметтік белсенділік – өзінің дамуында бірқатар деңгейлерден өтеді. Мектепке дейінгі және бастауыш мектепке негізінен мөлшерлі деңгей тән, онда бала тек қайталайды, ересектерден көргенін меңгеріп, оны өзінің бастамаларында қолданады. Мөлшерлі жеке деңгей – жасөспірімдер мен бозбалаларға тән.
Бұл жерде, берілген қалыптан шығып, өзінің жасаған іс-әрекетіне қатысы көрінеді. Жеке-нәтижелі және нәтижелі-шығармашылық деңгей деген – ересек адамдарға тән, адам өзінің іс- әрекетімен қоғамға, әлеуметтік ортаға елеулі пайда әкеледі. Мысалы, жаңалық ойлап шығарады немесе ескіні жаңартады.
Мөлшерлі деңгей – бұл қайта жаңғырту деңгейі екені түсінікті, ал мөлшерлі тұлға деңгейі – өзін жеке тұлғаға ретінде толық көрсетуге мүмкіншілік береді. Сол себепті, жасөспірім кезінде бала өзінің тек өмірлік іс-әрекетінің субъектісі болып қана қоймай, өзін әрі қарай дамытуына да мүмкіншілігі бар. Алайда, жасөспірім шақта, өзін-өзі тәрбиелеуде белгілі бір ерекшеліктер мен қасиеттерді қалыптастырса, онда бозбала кезде тұлғаны толығымен қайта өзгертуге тура келеді. Әлеуметтік белсенділіктің ажырамас белгісі – сезімталдық пен дербестілік болып табылады, олар жеке тұлға ұстанымын өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде нығайтады.
Әлеуметтілік белсенділікке қабілеттілік біртіндеп жеке таңдау жасауына әсер етіп, осы беталысты субъективті еркіндікке қарай дамытады. Бұл еркіндік көптеген баламалардың ішінен дұрыс таңдау жасап, сол баламаларды құрастыруына жағдай жасайды. Жеке тұлғаның өзінің дамуына жағдай жасауы – бұл жеке тұлғаның өзінің өмірлік іс- қимылдары мен өмірбаянының авторы екендігінің белгісі. Адам өзі таңдау жасағанда жауапкершілікті мойнына алып, басқалардың алдында ғана емес, өз ар-ұятының алдында да жауап беруге үйренеді.
Сонымен, өзіндік өсудің маңызды сипаттамасы – өзіндік сана-сезімнің өсуі, өзін-өзі тану қабілетінің деңгейі. Өзін-өзі тану қабілеті – өзінің механизмдері мен (идентификация
, рефлексия) өркендеген деңгейі жүйелі түрде жеке тұлғаның қалыптасуына, болашағын анықтауына, өзіндік сана-сезімінің өсуінің құралдары мен әдістеріне ұласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет