2. Психологияда тұлғаның өзін-өзі дамыту
мәселесінің алғышарттары
Отандық психолог Г.А.Цукерманның [5] сөзімен айтқанда: «Өзін-өзі дамыту мәселесі қазіргі педагогикалық санаға иесіне бағынбайтын, бөтелкеден шыққан жын тәрізді және де өзінің жаңа әміршісінің ойын одан әрі дамытып, бұрынғы иесінің тас-талқанын шығарғандай…». Бұл алғы шарттар сол үшін пісіп-жетілген болар. Ескі көзқараспен тұлғаны дамыту мен қалыптастыру – дамуды объективті үрдіс деп қарауға жеткіліксіз болуы мүмкін. Оқыту мен тәрбиелеу процесін жүзеге асыру үшін, белгілі отандық психолог С.Л.Рубенштейннің [6] «Сыртқы себеп – ішкі тәртіп арқылы» деген формуласымен де мүмкін емес болды. Сол себепті, өзін-өзі дамыту идеясы тек психолог пен педагог мамандардың ғана емес, жай адамдардың арасында кеңінен таралған. Соңғы онжылдықта адамның психологиясы мен жеке басына қызығушылығы өскені белгілі. Бұған себеп өте көп. Өзін-өзі дамыту мәселесінің алғышарттарын белгілеп, бірнешеуіне ғана тоқталайық: (тек отандық ғылымға байланысты).
Қоғамымыздың дамуы – психологияға қызығушылықтың өсуіне әсер етті. Тоталитаризм заманы қайырылмасқа кетті. Нағыз демократияға алыс болғанымен, адамдар өздерін еркін сезіне бастады, мақсат-мүдделерін айқындап, оған біртабан жақындады.
Ғылымда адамға субъективті түрде қарау алдыңғы орындарға қойыла бастады. Соңғы кездері баспаларда жеке тұлға психологиясының әр түрлі аспектілеріне және оның қалыптасуына байланысты көптеген қызықты мәліметтер пайда бола бастады. Психолог, педагог, философтарды ең алдымен: «Адам өзін қалай қалыптастырады? Белсенділігін қалай арттырады? Өмірлік мақсатты таңдау немен байланысты? Дамыған қоғамдағы адамға не қымбат?» деген сұрақтар көбірек қызықтырды. Неге тұлға өмірге деген дұрыс көзқарасын жоғалтып, нашақорлық пен ішімдікті таңдайды. Енді, бірінші оң көзқараста бастаған нотамызға қайта оралайық. Ол бізді жеткілікті түрде жігерлендіріп, үміт пен сенімділік берді: «Адам өзінің өмірлік іс-әрекетінің субъектісі, өз өмірбаянының, өз тағдырының авторы». Бұл дәлелді сезіну – психологияда үлкен өзгерістер жасады, бірқатар ерекше ізденістер туындады, іс жүзінде көрсетуге тікелей жол ашты. Еш нәрсе жоқтан пайда болмайды. Біздің атақты психологтарымыздың жаңа көзқарасқа байланысты бұрыннан дайындаған істері жеткілікті болатын. Субъективтілік идеясын С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев [7], А.Н.Леонтьев және тағы басқалары қарастырған. Бұл идеяның негіздері қарапайым: егер адам белсенділік көрсетсе, өмірлік мақсаттарын айқындап, жоспарларын жүзеге асыруына мүмкіндігі мол. Л.С.Выготский 1926 жылы жазылған педагогикалық психологиясында мынаны атап көрсеткен: адамды тәрбиелеуге болмайды, ол – өзін-өзі тәрбиелейді, ал айналасындағылар, оған тек жеке тұлға ретінде қалыптасуына қажетті материал береді.
Г.Олпорт [8], А.Маслоу [9], К.Роджерс [10] сияқты психолог-гуманистердің пікірінше, адам – өзінің өмір жолын, рухани дамуын өзі қалыптастыратын біртұтас, ерекше тұлға. Адамгершілік психологиясы адамзаттың санасына енген. Тұлға өзін-өзі қалыптастырады, ал араласу оны дамытпайды, керісінше, тоқтатады. Адам – белгілі бір мөлшердегі жауапкершілікті өзіне жүктеп, өзінің жан-жақты дамуына жағдай жасап, тығырықтан шығатын жолды тауып, өмірінің мақсат-мүддесін анықтай білуі керек. Бұны күшпен көндіру немесе әдейілеп ұйымдастыру мүмкін емес, сол себепті, өзін-өзі дамытуға мүмкіншілік жасап, жеке тұлғаға процесс кезінде көмек көрсетіп, бұрын жақсы нәтиже берсе де, қалыптасқан жолды әдейілеп таңуға болмайды.
Адамның ішкі жан-дүниесін зерттеуде маңызды рөл атқарған, отандық психологияның негізін қалыптастырған психологтар И.С.Кон [11], В.В.Столин [12], А.Г.Спиркин [13], Б.Г.Ананьев, И.И.Чеснокова [14] және тағы басқалардың жұмыстары болды. Субъективті шындықтың құрылымы мен дамуын зерттеген В.И.Слободчиков пен Е.И.Исаевтің [15] және адамның ішкі жан-дүниесін, уақытын, ішкі диалогты зертеген Т.Н.Березинаның [16] жұмыстарынан «Мен» тұжырымдамасының айнасын көреміз (бұл термин шет ел психологиясында көп қолданылады).
Практикалық психология аймағындағы жетістіктерді атап өтсек, білім беру саласында бұл талқыға салынып және тәжірибеде жүзеге асқан (Г.Бардиер, И.Ромазан, Т.Чередникова [17], М.Р.Битянова [18], Т.И.Чиркованың [19], жұмыстары). Дамыту – бұл үлкен адамның қатысуымен оқу-тәрбие жұмыстарына, өзін-өзі дамыту процесіне жағдай жасап, барлық субъектілердің қатысуымен дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |