Платформа
Платформа (фр. plate – жайпақ, forme — форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді қабаттан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы. Жер бетінде іргетастық көрініс беретін бөліктерді қалқандар дейді. Шөгінді тыспен көмкерілген тұстарын тақта деп атайды. Архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформа (Шығыс Еуропа, Сібір) және ігретасы палеозой мен мезозой тау жыныстарьшан құралған жас платформа (Батыс Сібір, Скиф, Тұран) деп ажыратылады; кристалды тақтатастардан, гнейстерден, эффузивті жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған архейлік жыныстардан құралған жер қабығының көлемді берік алабы.
Ол тек эпейрогендік қозғалысқа ғана ұшырап, не жоғары көтеріліп, не төмен түсуі мүмкін. Төмен түскен жағдайда платформаның үстін горизонтальды теңіз шөгінділері жабады. Сонымен, метаморфозды жыныстар не жер бетінде, не ертеде шөгінді жыныстармен жабылған тереңдіктерде кездеседі. Сондықтан платформаға өзінің фундаменті мен оны жауып жатқан шөгінді жыныстар құрамдарының бір-біріне түгелдей ұқсамауы және шөгінді жыныстардың бұзылмай қабатталып жатуы тән.
Материктік жер қыртысының салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі
Тау тізбегі
Қалқан
Платформа
Геосинклиналь
Ежелгі Шығыс Еуропа платформасы қалыптасқан дәуір
Палеозой
Кембрийге дейінгі дәуір
Неогендік – төрттік дәуір
Кайнозой
Орталық Азия республикаларының аумағындағы жас платформаны анықтаңыздар
Тұран платформасы
Шығыс Сібір платформасы
Батыс Сібір платформасы
Үнді платформасы
Жер шарындағы ең ежелгі ірі қалқандар
Канада, Балтық, Алдан
Тұран, Шығыс Европа, Алдан
Балтық, Батыс Сібір, Тұран
Батыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран
Достарыңызбен бөлісу: |