Іі бөлім сынып нұсқа



бет14/20
Дата27.05.2024
өлшемі0.59 Mb.
#501966
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1) (1)

2 тапсырма


Гималай тауы
Гималай - Жер шарындағы аса биік тау жүйесі. Гималай жотасы осыдан
70 миллион жыл бұрын Үнді-Австрия және Еуразия құрлықтарының соқтығысуы кезінде пайда болған. Үнді-Австралиялық платформа жылына 67 мм жылжиды. Гималай шыңдарының климаты әркелкі. Альпинистер жоғарыға көтерілген кезде жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні секілді табиғи кедергілерге тап болады. Жыл сайын Эверест шыңына көтерілу кезінде бірнеше адам құрбан болады екен. Гималай тауында қарлы шыңдардан басқа жасыл далалы алқаптар бар. Гималай бөктерінде өсетін емдік өсімдіктер – нағыз табиғи және таза өсімдіктер. Гималай Антарктида мен Арктика жерінен кейінгі қар мен мұздың шоғырлануы бойынша үшінші орынды алады. Гималай тауының таулы жүйесі ең жас таулы жүйе ретінде қабылданған. Ондағы өзендердің жасы таудың жасынан әлдеқайда үлкен. Гималай өзендері: Ганг, Инд, Брахмапутра, Меконг, Янцзы.



  1. Гималай тауының ең биік нүктесі А) Чогори

В) Макалу С) Эверест
D) Дхаулагири

  1. Аумағында Гималай таулары орналасқан мемлекеттер А) Үндістан, Непал, Қытай, Пәкістан, Бутан

В) Қытай, Тайланд, Бутан, Оман С) Үндістан, Қытай
D) Қытай, Пәкістан, Бутан, Ливан, Катар

  1. Гималай жотасы осыдан 70 миллион жыл бұрын Үнді-Австрия және Еуразия құрлықтарының соқтығысуы кезінде пайда болған, құрлықтық тақталардың соқтығысу үдерісі атауын анықтаңыздар

А) Коллизия В) Спрединг С) Субдукция
D) Дедукция

  1. Гималай тауынан бастау алатын Меконг өзені кесіп өтетін түбек А) Лисян

В) Үндіқытай
С) Синай
D) Канин

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық География


Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тест тапсырмаларына дұрыс жауап беріңіз.

1 тапсырма


Ауа температурасы – ауаның жылыну деңгейі, ауа райы мен климаттың негізгі сипаты. Күн сәулелері – Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі. Осы күннен келетін сәулелер атмосфера қабатынан өте отырып, алдымен жер бетін қыздырады, содан кейін жылы ауа жоғары қарай таралады. Нәтижесінде биіктеген сайын ауа температурасы төмендей береді. Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6˚С-ге төмендейді. Жер бетіндегі ауа температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді. Ауа температурасын өлшейтін құрал термометр деп аталады.
Ауа температурасы бірқалыпты күйінде қалмайды, ол тәулік және жыл ішінде өзгеріп тұрады. Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытта тура келеді.
Амплитуда – температураларды көрсететін сандардың жай айырмасы емес, олардың бір-бірінен алшақтығы. Мысалы, тәуліктің ең жоғары температурасы +25˚С, ең төменгі температура +15˚С. Тәуліктік амплитуда+10˚С-ге тең.

  1. Ауа температурасын өлшейтін құрал A.Термометр

B. Барометр C. Гигрометр
D.Психрометр

  1. 12 қарашада ауа температурасының көрсеткіштері: түнгі сағат 01.00-де

+7˚С, таңғы 07.00-де -4˚С, күндізгі 13.00-де +12˚С, кешкі 19.00-де +11˚С. Тәуліктің орташа температурасын анықтаңыз
A. +26˚С
B. +6,5˚С
C. +6˚С
D. -6,5˚С

  1. Еліміздің орташа температурасы арасында үлкен айырмашылық бар. Айрмашылық себебін анықтаңыз

    1. Жердің төсеніш бетінің альбедосына байланысты

    2. Еліміздің оңтүстік-шығысында созылып жатқан таулар ауа массасының алмасуына өз ықпалын тигізгендіктен

    3. Иран таулы қыратында қалыптасатын циклондар қыста суық ауаның ұлғаюына ықпал еткендіктен

    4. Аумақтың солтүстіктен оңтүстікке созылмалылығы

  2. Жетісу Алатауының етегінде температура +18˚С болса, оның шыңындағы температураны анықтаңыз

A. +6˚С

  1. -2,3˚С

  2. -9,7˚С

  3. -11,9˚С





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет