Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тест тапсырмаларына дұрыс жауап беріңіз.
1 тапсырма
Көл
Көл - тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.
Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.
Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің су тұздылығы жөнінен айырмашылығы болуы мүмкін.
Қазақстандағы тартылған теңіздердің орнында пайда болған көл
Алакөл
Арал
Зайсан
Балқаш
Картадағы 5 санымен көрсетілген көлді анықтаңыз
Сасықкөл
Зайсан
Теңіз көлі
Алакөл
Балқаш көлдің батыс жағы тұщы, шығыс жағы тұзды болып келеді, мұның себебін анықтаңыз
Балқаш көлінің шығыс жағына қарағанда, батыс бөлігінен жауын-шашын көп түседі
Жер бетінен келетін судың басым бөлігін беретін Іле өзені көлдің батыс бөлігіне құяды, ал шығыс бөлігі шөлдермен қоршалған, онда су өте қатты буланады
Балқаштың батыс бөлігіне еліміздің ең ірі бес өзені келіп құяды, ал шығыс бөлігі ағынсыз болып табылады
Көлдің шығыс бөлігінің химиялық құрамы алуан түрлі, бұл жерасты суларының әрекетіне байланысты болады
Жанартаулық көлдер таралған аймақтарды көрсетіңіздер
Ява аралы, Жаңа Зеландия, Камчатка
Финляндия, Батыс Австралия
Солтүстік Американың орталық бөлігіндегі көлдер
Балқан түбегі, Исландия, Оңтүстік –батыс Азия
Достарыңызбен бөлісу: |