Іі бөлім сынып нұсқа


Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық География



бет13/20
Дата27.05.2024
өлшемі0.59 Mb.
#501966
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1) (1)

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық География


Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тест тапсырмаларына дұрыс жауап беріңіз.

1 тапсырма


Мұхит суының тұздылығы
Мұхиттар мен теңіздердің суы тұзды және ішуге мүлдем жарамсыз. Әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35 г тұз болады. Ал өзендер құятын теңіздердің суы онша тұзды болмайды. Оған Балтық теңізі мысал бола алады. Мұндағы тұздылық 1 литрге 2-5 г ғана.Теңіздердің тұщы аз қосылатын және булану күшті жүретін жерлерінде тұз мөлшері 39 – 40 г-ға жетеді. Еріген тұздардың 1 л судағы граммен алынған мөлшерін судың тұздылығы деп атайды. Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі – промиллемен (‰) өлшенеді. Мұхит суында жер бетіндегі заттардың бәрі еріген күйінде кездеседі, оның 4/5-ін өздеріне күкірт, бром, алюминий, мыс, күміс, алтын және т.б. араласады. Мұхит бетінің орташа тұздылығы әр түрлі. Ең жоғарғы орташа тұздылық Атлант мұхитында 35,4‰, ал ең төмегі тұздылық – Солтүстік Мұзды мұхитта 32‰. Солтүстік Мұзды мұхиттың тұздылығының аз болуы, оған көптеген ірі-ірі суы мол өзендердің құюынан. Солтүстік Мұзды мұхиттың Азия жағалауында тұздылық тіпті 20‰-ге дейін төмендейді. Сонымен қатар мұхит суының тұздылығы жауын-шашын мөлшеріне, айсбергтердің еруі мен судың булануына да байланысты. Су құрамындағы еріген тұздар судың қатуына кедергі жасайды. Сондықтан судың тұздылығы жоғарылаған сайын, оның қату температурасы төмендейді.
Егер судың тұздылығы мен температурасы төмен болса, онда ол жерлерді мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхит оның айқын мысалы болып табылады.

  1. Тұздылығы төмен мұхитты атаңыздар А) Атлант мұхиты

В) Тынық мұхиты С) Үнді мұхиты
D) Солтүстік Мұзды мұхиты

  1. Төменде дұрыс берілген тұжырымды анықтаңыздар

А) Судың тұздылығы жоғарылаған сайын, оның қату температурасы да жоғарылайды
В) Судың тұздылығы кеміген сайын, оның қату температурасы жоғарылайды С) Судың қату температурасына оның тұздылығы ықпал етпейді
D) Судың тұздылығы жоғары болған жағдайды оның қату температурасы артады

  1. 20 центнер мұхит суынан алынатын тұздың мөлшері А) 7 кг

В) 70 кг
С) 700 г
D) 7 т



  1. Төменде берілген теңіздерді тұздылық мөлшерінің жоғарылауына байланысты ретімен орналастырыңыздар

А) Охот теңізі, Балтық теңізі, Қызыл теңіз, Жерорта теңізі, В) Балтық теңізі, Охот теңізі, Жерорта теңізі, Қызыл теңіз С) Қызыл теңіз, Балтық теңізі, Жерорта теңізі, Охот теңізі
D) Жерорта теңізі, Охот теңізі, Қызыл теңіз, Балтық теңізі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет