Толтыру ережесі. Әйел туралы мәлімет: Ф.И.О., жүктілік жіне босану саны, босану тарихының нөмірі, босану бөліміне түсен дата және уақыты, қағанақ суының кеткен уақыты.
Нәрестенің жүрек соғысының жиілігі: әр 30 минутта тіркеледі
(тыңдалады ірбір 15 минутта) – нүктемен белгіленеді-. Қағанақ суы: әр ұынаптық тесреуде қағанақ суына мән беріледі.
I – қағанақ қабы бүтін;
С – қағанақ суы түссіз, таза;
М – су меконий аралас;
В – суда қан аралас;
А – судың болмауы
Нәресте басының конфигурациясы:
Жатыр мойнының ашылуы: әр қынаптық тексеруде бағаланады ж (х) әрпімен белгіленеді..
Бақылау линиясы: линия жатыр мойны 3 см-ге ашылған сәттен бастап толық ашылғанға дейін бақыланады. Іс-әрекет линиясы: бақылау линиясымен қатар басталады бірақ 4 сағат солға кетеді.
Бала басының түсуі: бала басының түсуін алдымен сыртқы құрсақ бөлімі арқылығ кейін қынаптық тексеруде анықталады:
5/5 – бала қасаға сүйектен 5 көлденең саусақ биік тұр-жамбас кіреберісінде;
4/5 - бала қасаға сүйектен 4 көлденең саусақ биік тұр – жамбасқа бекіді;
3/5 - бала қасаға сүйектен 3 көлденең саусақ биік тұр – қасаға үстінде бала басы пальпацияланады.
2/5 - бала қасаға сүйектен 2 көлденең саусақ биік тұр – қасаға үстінде бала басының кіші бөліктері анықталады.
1/5 – бала басы кіші жамбас астауында.
Уақыт: Линиядан сол жакта белгіленеді. Әрбір 30 минут сайын тіркеліп жазылып отырады.Мысалы 13.00 немесе 13.30.
9. Жатыр жиырылуы: жатыр мойнының ашылуымен қатар нәрестенің төмен түсуі босану белсенділігінің көрстекіші болып табылады. Әрбір торша бұл кезекті жиырылу деп есептеледі. Торшалардың әртүрлі боялуы бұл толғақ қарқындылығын көрсетеді. Партограммада келесі бояуларды қолданады:
- нүктелер – әлсіз толғақ ұзақтығы 20 секунд;
- қиғаш сызықтар – орташа толғақ ұзақтығы 20-40 секунд; b - толық боялған – күшті толғақ ұзақтығы 40 секунд.
Окситоцин: тағайындалғанда оның көлемі, концентрациясы, 1 минутта енгізілген дозасы жазылады.
Дәрілер тағайындау: қосымша берілген кез-келген дәрі тіркеледі.
Пульс: әрбір 30 минут сайын нүктемен белгіленеді -.
Артериалды қысым: әрбір 4 сағат сайын тіркеледі.
Температура: Әрбір 4 сағат сайын.
Протеин (белок), ацетон және зәр көлемі: әрбір кіші дәретте тіркеледі.