Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Вастен белгісін анықтау»



бет18/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.31. Стандарт «Вастен белгісін анықтау»


Зерттеу мақсаты: жамбас өлшемдеріне нәресте басының клиникалық сәйкес келмеуін диагностикалау
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Әйелге зерттеу қажеттігін айтыңыз.

  2. Әйелді кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз

  3. Бір жақ қырында тұрып, алақанынызды әйелдің қасаға сүйегінің үстіне қойыңыз, ары қарай қолыңызды жылжыта отырып, нәрестенің келіп бөлігін анықтаңыз. Егер қасаға сүйектің үстінен томпайған бөлік анықталса, ол нәресте басы және жамбас өлшемдеріне сәйкес келмей тұр дегенді білдіреді, себебі кіші жамбас астауына түспеген. Бұл Вастен белгісінің оң деген мағынасын білдіреді.

  4. Егер алақан қырымен нәресте басы қасаға сүйектің ішіне таман орналасса онда ол Вастен белгісі теріс деген мағына береді, себебі нәресте басы жамбас өлшемдері сәйкес және нәресте кіші жамбас астауына түсіп келе жатыр деген мағына білдіреді.

  5. Егер алақан қыры мен нәресте басы қасаға сүйегінде бір деңгейде тұрса, бұл Вастен белгісінің күмәнді екенін білдіреді. Бұл нәресте басы мен жамбас өлшемдері арасында шамалы сәйкессіздік бар деген мағына береді және еггер босану белменділігі жақсы болса әйел өзі босануы да мүмкін.



3.132. Стандарт «Цангеймейстер белгісін анықтау»


Зерттеу мақсаты: Клиникалық тар жамбасты диагностикалау.
Ресурс: тазомер
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Әйелдің жамбасының сыртқы конъюгатасын өлшеп, шыққан санды белгілеп алыңыз.

  2. Сегізкөзде тұрған тазомер түймесін қозғамай, екінші түймені нәрестенің төмен келіп тұрған ең шығыңқы бөлігіне қойыңыз.

  3. Шыққан санды белгілеп, сыртқы конъюгата өлшемімен салыстырыңыз. Егер соңғы шыққан сан сыртқы конъюгата өлшемінен аз болса болжам жақсы, егер көп болса болжам нашар. Егер бірдей болса болжам анық емес. Бұл кезде босану ағымы және аяқталуы босану белсенділігіне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет