Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВТЫЊ ТЄЛІМДІК ¤НЕГЕСІ ЖЄНЕ ЌАЗІРГІ БІЛІМ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



бет2/30
Дата16.06.2016
өлшемі2.05 Mb.
#139050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

СЕЙТЕН САУЫТБЕКОВТЫЊ ТЄЛІМДІК ¤НЕГЕСІ ЖЄНЕ ЌАЗІРГІ БІЛІМ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Қасым Ж.Ж.,- «Көкше» университетінің

президенті, профессор
Қазақ зиялы қауым өкілдерінің жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі парасатты ой-пікірлері мен ғылыми-педагогикалық мұраларының – бүгінгі заманда аса қажет екені анық. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ұлттық білім шаңырақтарының сақталып қалуына мол үлесін қосқан зиялы қауым өкілдерінің бірі – Сейтен Лейманұлы Сауытбеков болды. Сейтен Сауытбековтың ағартушылық, ұстаздық, жазушылық және ақындық өнері мен шығармашылық қызметтері жайлы С.Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Т.Кәкішев, С.Жүнісов, Т.Молдағалиев, Т.Нұртазин, Г.Бельгер, М.Әлімбаев, Ғ.Қайырбеков, А.Қошанов, Қ.Омаров, З.Зікібаев, З-Ғ. Иманбаев, С.Тұрғынбеков және басқа ғалымдар мен жазушылар өз естеліктерінде жазып кеткен. Көкшетау өңірінің белгілі қаламгерлері мен ақындары Е.Мырзахметов, Т.Қажыбаев, Б.Әлімжанов, А.Қорғанбеков, Ж.Сүлейменов, Н.Ысқақов және басқалар С.Сауытбековке арнап жеке шығармаларын тарту етті.

2003 жылдың тамыз айында С.Л.Сауытбековтың 95 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Балуан ауылында торқалы жиын болып өтті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (№ 197, 20.07.2003) Балуан орта мектебіне С.Л.Сауытбековтың есімі беру жөніндегі Қаулысына байланысты ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі де атап өтілді. Аталмыш жиынға орай «Сейтен Сауытбековтың ұлттық тәлім-тәрбиелік идеяларын оқу-тәрбие жұмыстарына ендірудің ғылыми-әдістемелік жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның негізгі шешімдерінің бірі: үздік оқитын студенттер мен оқушыларға С.Л.Сауытбековтың жүлдесін тағайындау, этнопедагогика және этнопсихология ғылымдарының дамуына ерекше жағдай туғызу, озық педагогикалық технологиялар жөнінде тәжірибелер алмасу және жыл сайын «Сейтен тағылымдары» атты тұрақты түрде ғылыми-практикалық конференция өткізіп тұру жөнінде көпшілік мақұлдаған маңызды шешімдер қабылданған-ды.

Аталған шешімдерді жүзеге асыру мақсатында 2003 жылдың күзінде Көкшетау университеті ғылыми Кеңесінің шешімімен «ќазаќ этнопедагогикасы жєне этнопсихология» лабораториясы құрылды. Лабораторияның алдына көп мақсаттар жүктелгенімен, ауқымды істердің бірі – Сейтен Сауытбековтың әдеби-педагогикалық мұраларын ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеу проблемаларына арналды.

Сейтен Лейманұлы еңбектеріне жасаған кешенді талдау жұмыстары төмендегідей көрсеткіштерді анықтады:


  1. С.Л.Сауытбеков еңбектерінде этнопедагогика мұраларына қатысты тағлымдық дүниелер мол.

  2. С.Л.Сауытбеков шығармаларындағы тәлім-тәрбие дүниелерінің педагогикалық топтамаларын жасау қажеттігі.

  3. С.Сауытбековтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

Бұл мәселелер Сейтен мұраларын зерттеуші ғалымдардың (М.Құрсабаев, С.Сапарұлы) зерттеу жұмыстарында негізгі орын алған.

Айталық, Сейтен Сауытбековтың әдеби мұраларын зерттеуші Көкшетау университетінің доценті Серік Сапарұлының пайымдауынша, Сейтеннің қазақ әдебиетіне қосқан әдеби-филологиялық еңбегін мынадай тұжырымдар арқылы елестетуге болады:



  1. С.Л.Сауытбеков Қазақстандағы балалар әдебиетінің дамуына (1960-1980) үлкен үлес қосқан ақын-жазушы.

  2. С.Сауытбеков көне араб-парсы тілінің білгірі және көркем аудармашы.

  3. С.Сауытбеков пән оқулығының авторы (Әліппе кітабы)

  4. Сейтеннің Сары кітабы – ғылыми мұра.

  5. С.Л.Сауытбеков ұстаз, ақын және жазушы

Бұл тұжырымдар С.Сауытбековтың әдеби мұраларын терең зерттеудің қажеттігін меңзейді. Автордың ойынша, аталмыш зерттеу дүниесі – тың тақырыптар қатарына жатады екен. Демек, өткен жылдар белестерінен өзінің әдеби-танымдық арнасын сала білген дана ұстаз тағылымдары бүгінгі ұрпақ үшін де аса қажет деп санаймыз.

Сейтен Сауытбеков шығармаларының педагогикалық маңызы зор. 1993 жылы Көкшетауда тұңғыш ашылған қазақ лицейінің оқу-тәрбие жұмыстарына қазақ ұлттық тәлім-тәрбие қазыналарын ендіру мақсатында, педагогикалық ұжым 90 жасқа жақындап қалған Сейтен қарияға әдістемелік оқулық жазып беруіне өтініш білдірген еді. Нәтижеде көп кешікпей «Тағылым тегі» кітабы жарыққа шыққан еді.

Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұралары жөнінде университетіміздің доценті М.Қыдырбайұлы бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Зерттеуші-ѓалымның ойынша, С.Сауытбеков «Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы» атты ғылыми жинаққа енуі керек деп санайды. Автордың ол пікірімен келісуге болады. Жақында университет жанынан ашылған баспадан С.Лейманұлының бұрын жарық көрген көптеген еңбектері (өлеңдер, әңгімелер, ертегі-аңыздар, бүлдіршіндерге арналған тақпақтар, ел аузынан жиналған аңыздар мен тарихи оқиғалар, өсиеттер мен тыйым сөздер және бата-тілектер) қайта басылды. Олардың арасында бұрын жарық көрмеген ғылыми мақалалары («Тағылым тілден», «Теріс мінездерге қарсы ізгілік тағылымдары» т.б.) жарияланды. Еңбектер арасында біздің назарымызға терең ой салған Әліппе оқулығы болды. Оқулық республикалық деңгейде ұйымдастырылған пән оқулықтарының байқауына ұсынылып, білім министрлігі тарапынан марапаттау сыйлықтарына ие болған. Сейтен мұраларын зерттеуші М.Құрсабаевтың баяндауынша, Єліппе оқулығының араб және кириллица әріптері негізінде жазылған екі нұсқасы болған. Ол туындылар қазір архив материалдары ретінде сақтаулы.

Биылғы жылы Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұраларын қалың көпшілікке терең таныстыру мақсатында этнопедагогика һәм этнопсихология лабораториясының бастамасымен «Сейтен Сауытбековке – 100 жыл» атты әдістемелік—педагогикалық экспедиция құрылды. Экспедицияның басты мақсаты Қазақстанның оңтүстік өңірлерін аралап, ондағы педагогикалық қауыммен жүздесіп, Сейтен мұралары және этнопедагогика әфсаналары тақырыптарына арналған ауқымды мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, тәжірибелер алмасу болған еді.

Нәтижеде экспедиция мүшелері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында болып қайтты. Олар аталмыш өңірлердегі зиялы қауым һәм ұстаз-тәлімгерлермен мазмұнды семинар өткізіп, мол материалдар жинақтап қайтты. Әсіресе, оңтүстік астанамыз – Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ұлттық кітапхана ғимаратында өткен семинар-мәжілісті ерекше атап өткен жөн.

Аталмыш семинарға Т.Кәкішев, Т.Молдағалиев, С.Жүнісов, А.Қошанов және басқа ғалымдар мен ақын-жазушылар қатысты. Академик Аманжол Қошанов Сейтекеңді – энциклопедист деп атады. Сейтен Сауытбековтың ҚР Ұлттық кітапханасындағы сирек кездесетін қолжазбалар бөлімінде ғылыми қызмет атқарғаны белгілі. С.Сапарұлы өз еңбегінде С.Сауытбеков 2206 еңбекті көне араб тілінен аударып, түсініктеме бергені жөнінде баяндайды. Ол еңбектерге соңғы жылдары Иран мемлекетінен келген шығыстанушы ғалымдар ерекше назар аударған. Аударма еңбектің құнды дүниелерін олар көшірме ретінде пайдалану жөнінде Ұлттық кітапхана қызметкерлеріне сұраныс білдірген көрінеді.

Сейтен Сауытбековтың тәлім-тәрбиелік мұраларын бүгінгі мектеп (лицей) практикасына ендіру өзінің педагогикалық тиімділігін қамтамасыз етеді деп санаймыз. Аталмыш істі жоспарлау мен ұйымдастыру барысында зерттеуші ғалым М.Құрсабаевтың «Сейтен ѓибраты ћєм ұлттық педагогика» атты ғылыми-монографиялық еңбегіне сүйенгеніміз абзал. Онда автор – халық педагогикасының құндылықтарын жас ұрпақтың санасына қалыптастыруда қазақ зиялылырының шығармаларын пайдаланудың педагогикалық маңызы зор екенін атап көрсетеді. Сейтен мұраларын талдай келе автор мынадай қағидаларды басшылыққа алған:



  1. Этнопедагогика материалдарын мектептегі тәлім-тәрбие жұмыстарында кешенді тұрғыда жүзеге асыру мақсатында қазақ зиялыларының педагогикалық мұраларын пайдалану.

  2. С.Л.Сауытбеков шығармаларының педагогикалық топтамалық жүйесін жасау және ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу.

  3. С.Сауытбеков еңбектері негізінде оқушыларға этноэкологиялық тәлім-тәрбие берудің тұжырымдамасын жасау.

  4. Сауытбеков мұраларындағы ұлттық тәрбие көріністерін классификациялау және мектеп практикасына оңтайластыру.

  5. Болашақ мұғалімдерді дайындау барысында «Сейтентану» курсын ұйымдастыру.

  6. Мектептегі оқушылар ұйымдарының шығармашылық жұмыстарын жандандыру барысында «Сейтен-нама» танымдық-этнографиялық ойын-сайысын өткізу.

Аталмыш ұсыныстар эксперимент ретінде Көкшетау қазақ лицейі мен Балуан орта мектебінде ендіріліп келеді.

Біздің ойымызша, зиялы қауым өкілдерінің этнотәлімдік мұраларын бүгінгі білім шаңырақтарында пайдалану аса қажет деп санаймыз. Бұл орайда зерттеушілер: І.Р.Халитова (Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы), М.Ж.Құлжабаева (Историко-педагогические наследие Т.Тажибаева), Г.И.Полянская (Педагогические идеи Рабиндраната Тагора), Ф.З.Буланова (Педагогические идеи Сабита Муканова), Л.К.Ермекбаева (Сейіл Жиенбайұлының ғылыми-әдістемелік мұралары) және басқа ғалымдардың ізденістері айтар ойымызға дәлел.



КЫРГЫЗСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ Ж.БАЛАСАГЫНА


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет