Омаров Т.О.,- доктор сельскохозяйственных наук, профессор,
академик РАЕН, проректор по науке университета «Көкше»
Вопрос о воспитании и образовании подрастающего поколения был проблемой жизни у всех народов во все века.
Поскольку тема нашей конференции связан с образованием в русле «Сейтен тағылымдары», решил поделиться со своими думами, накопившимися за долгие годы сопричастности в деле воспитания молодежи. Если же мысли затронутые мною заинтересует присутствующих, буду считать цель достигнутой.
Сначала о дошкольном образовании. В моем понимании этот процесс начинается в первую очередь в домашних условиях. Недаром японцы говорят: «Воспитание ребенка идет до трех лет, а потом следует перевоспитание». Этот постулат подтверждает и казахская народная мудрость гласившая «Ребенка воспитывай с пеленок, жену с первых дней» («баланы жастан, қатынды бастан»). И кто же непосредственно занимался воспитанием у казахов? Это были умудренные опытом, прошедшие суровую жизненную школу – дедушка и бабушка! Недаром почти все дети казахов когда их спрашивали чей он сын? – отвечали: Я дедушкин («мен ата бала!»). И соответственно у многих фамилии были от имени деда (это сейчас взяли привычки у русских, когда всё поколение «Ивановы»). Я тут подчеркиваю только приверженность потомков раньше к сложившимся народным традициям и обычаям. По-другому и быть не могло, ибо «ата и әже» воспитывали внуков на примере исторических эпосов восхваляющих батыров, биев, акынов и на сюжетах народных сказок, как обычно заканчивающихся на победе добра над злом. И все подтверждалось неписанными законами жизни степи и исламскими устоями (уважение к старшим, быть справедливым, не лгать, не воровать, помогать бедным и т.д.). А привитие любви к природе, к труду, к родной земле, к языку это уже, хотя и единый процесс, но затрагивает следующий попутный пласт проблемы. Если по теме, давайте вспомним как в те века в России, в Европе обучали детей с раннего возраста в домашних условиях нанимая учителей. Выходили просвещенные люди (ученые, государственные мужи, полководцы и т.д.), про которых говорили, что «он получил блестящее образование». А как было в недалеком прошлом в СССР – дет.ясли, садики, школа; в идеологическом отношении путь пройденный: от октябренка – пионер – комсомол - до коммуниста, которая давала положительные результаты.
На мой взгляд, наше общество, мягко говоря, частично утратило накопленные веками опыт воспитания на традиции и обычаях, и методы недавнего прошлого. Этому способствует много причин, остановлюсь на отдельных. Дедушки и бабушки есть и сейчас, но они зачастую заняты вопросами существования, в наш трудный так называемый переходный период к рыночной экономике. Да и завышенный возраст установленный к выходу на пенсию не дает возможность им заниматься внуками своевременно вплотную, а затем уже приходит старость и болезни. Поэтому, сокращение возраста выхода на пенсию на три года был бы не только гуманным поступком правительства к пожилым, но и большим вкладом в деле создания основы для воспитания ребенка на традициях и обычаях народа. И конечно, увеличение сети дошкольных учреждений не только в городах, но и в аулах и селах даст несомненно свои положительные результаты.
Школьное образование. Всем известно, что по результатам тестирования 2003 года при поступлении ВУЗ-ы почти половина абитуриентов не набрали порогового (40) балла. Тут комментарии как говорится излишни. Причин много: здесь и отток опытных учителей в города, переход в бизнес, непрестижность работы из-за низкой зарплаты и, наконец слабая подготовка их в стенах ВУЗ-ов и т.д. Волей неволей приходят на ум слова Ахмета Байтурсынова, что «… в школьном образовательном процессе, главное уровень образования самих учителей…». Не секрет, что в ВУЗ-ах программы обучения оставляют желать лучшего, не хватает хороших учебников (особенно для казахских групп) и тут тоже наблюдается недостаток опытных преподавателей. Да и скажем из-за не престижности работы учителя, многие абитуриенты выбирают другие специальности (юриста, экономиста, финансиста). По моему мнению, надо в первую очередь повысить зарплату учителям минимум на 200%, восстановить все льготы и только в этом случае можно надеяться на улучшение их качественного состава. (А пока увеличили гос.служащим и работникам правоохранительных органов на 50%, а учителям на 23 (и то на бумаге) и сняли все льготы и фактически нет прибавки).
Пока принимаемые меры похожи на наведение внешнего лоска, типа «компьютеризации», их навезли в большой части старых почти во все школы, но школьники как не знали компьютер, так с этим и заканчивают. Да и в ВУЗ-ах проблема схожая. Как сказал депутат сената писатель Абиш Кекильбаев: «...каждый новый министр старается реформировать образование» Так и получается: то 11-летнее, теперь 12-летнее среднее образование: так и с тестированием абитуриентов и многое другое.
От кого зависят реформы, видимо забыли, что они сами, да и все кто у власти, ученые, политики – все в свое время заканчивали 10-классов. И ведь «ворочают» большими делами. 11-классов - это ладно, перешли и вроде бы, процесс нормализовался. Но зачем искусственно программу растягивать на 12-лет (к тому же нет дифференцированных учебников), тем более существует альтернатива. Например: уже почти десять лет функционирует в г. Кокшетау казахский лицей, куда принимают детей с 6-ти лет и, обучаясь по ускоренной программе, за 8-лет получают аттестат о среднем образовании в 14-лет. Значит, они могут завершить ВУЗ-ы в 18-19 лет и это тот возраст, когда девушки могут создавать семьи, по медицинским данным этот возраст самый благоприятный для рождения полноценного потомства. Нелишнее вспомнить, что наши прабабушки с 15-16 лет становились матерями и рожали батыров («алып анадан» говорят в народе). И еще, наверное, было бы правильно, если после 9-го класса школьников по увлечению разделить на гуманитариев и на технарей (как это делается в Англии), а обучающихся посредственно направлять по желанию в профтехколледжи, где они бы получили так необходимую народному хозяйству специальности (токарей, электриков, мотористов и т.п.)
Высшее образование. По моему мнению, реформа в этой сфере оправданы, либо как отметил академик А.Нысынбаев (председатель комиссии по реформе в ВУЗ-ах) «надо идти в ногу с мировым сообществом», где давно применяют этапы: бакалавриат-магистратура-доктор философии. Рациональность указанной системы столетиями доказаны в таких знаменитых центрах науки и образования, как Сорбонна, Оксфорд, Гарвард, Кембридж и т.д. Но, применительно к нашей действительности возникают следующие мысли: -магистратура должна быть только очной для бакалавров и целевой для преподавателей ВУЗ-ов, ибо в настоящее время обучают заочно, во многих случаях это только метод дополнительного дохода,
-степень доктора философии должны удостаиваться ново защищенные, а к бывшим кандидатам это не распространять,
- диссертации на степень доктора философии должны обязательно подкрепляться актом внедрения, данными опыта. Никому не секрет, что сейчас научились писать диссертации и защищать их в отрыве от производства,
- защита и утверждение диссертации было бы целесообразно завершать на уровне спец советов, ибо работа ВАК носить дублирующий характер,
- при наличии договоров о взаимном признании дипломов, на мой взгляд, нет необходимости переаттестации лиц защитивших диссертаций за рубежом.
По внутренним проблемам общим для всех Вузов хочется отметить, что итоговый контроль за успеваемостью по тестовой форме имеет много факторов случайного характера. Например: студент, показывающий в течение семестра хорошие результаты, при тестировании их не подтверждает и наоборот, посредственной успевающий получает «отлично». Нет ничего лучшего очного экзамена, когда с глазу на глаз беседуют студент и где раскрывается общий уровень образования проверяемого. Также общей бедой для Вузов является недостаток учебников на казахском языке, пока этот вопрос решается централизованно, мне кажется, можно решить на месте путем привлечения для перевода (или написания) опытных остепененных ППС и на основе договора с созданием материальной заинтересованности.
В заключение хотелось бы выразить мнение, что образование и воспитание были неразделимы всегда, поэтому, наряду с новой концепцией об образовании назрело необходимость создания идеологической концепции воспитания молодежи с учетом традиций, обычаев и религиозных устоев, что в конечном счете несомненных положительно отразится на качестве образования.
ҚАЗАЌТЫЊ ЃАЛЫМ-ПЕДАГОГТАРЫНЫЊ ОЌУШЫЛАРЃА ¦ЛТТЫЌ ТЄРБИЕ БЕРУ ЖЄНЕ ОЃАН БОЛАШАЌ М¦ЃАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ЕЊБЕКТЕРІНЕ МАЗМ¦НДЫЌ ТАЛДАУ
Қ.Бөлеев.,- педагогика ғылымдарының
докторы, профессор, Тараз қаласы
Қазақ халқының ұлы ағартушы -педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру, ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептегі ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін негіздеді. Сол арқылы олар ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағын ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі білім мазмұнының қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен бірлікте болуын дәлелдеді.
М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты төлтума оқулығында «Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс» десе, Ж.Аймауытов «Тәрбие» атты мақаласында тәрбие ғылымын зерттеу қажеттігін «Бұл күнге дейін тәрбие ғылымы – кейінгі басқышта жүрген ғылым» екенін ескерткен.
Қазақ ұлтынан тұңғыш педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болған профессор Т.Тәжібаев өзінің 60-шы жылдардың басында жазған «Ауылдағы қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстанның мектептері» атты мақаласында «Қазақтардың мәдени өмірінде фольклор, музыка, қолданбалы өнер және халықтың тәрбиелік дәстүрлері басты рөл атқарған» дей келіп, қазақ балаларының ауылдардағы тәрбиесі халықтық педагогика негізінде жүргізілгенін айтып, қазақ педагогикасының тарихында алғаш рет «халықтық педагогика» терминін былай ендіріпті: «Халықтың сан ғасырлық тәжірибесін, ойы мен мұң-мұқтажын білдіретін мақалдар мен мәтелдерде қазақтың халықтық педагогикасы көп жинақталған».
Қазақ халық педагогикасын зерттеу қажеттігі туралы қазақ ғалымдары арасынан ең алғаш пікір айтқан профессор М.Ғабдуллин еді. Ол өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты ғылыми-зерттеу еңбегінде былай деп ой қозғаған: «Қазақ халқының өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз алдына зерттелетін мәселе. Біздің мақсатымыз – революцияға дейінгі қазақ арасында жас ұрпақты еңбек пен ерлікке тәрбиелеуде халықтың нені арман еткенін және баланы жастайынан тәрбиелегенде, өсе келе кім болуын көздегенін шолып өту. Мұндай шолудың керек болып отырған себебі, біріншіден, халқымыздың бала тәрбиелеудегі өткен кездегі арман-мақсатымен танысу, екіншіден оларды бүгінгі күннің тілек-міндеттерімен салыстыру еді».
Мұндағы автордың мақсаты, қазақ халқының сан ғасырлық ұлттық тәлім-тәрбиелік дәстүрлерімен елді таныстыра отырып, болашақ зерттеушілерге еліміздің өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын зерттеу қажеттігін, оны зерттейтін ғылымды анықтау керектігін көрегендікпен болжауы еді деп толық айтуға болады. Ғылыми айналымға «этнопедагогика» терминін тұңғыш рет шуваш ғалымы, профессор Г.Н.Волков екені ХХ ғасырдың 60-жылдары ортасында белгілі болды. Ал, Қазақстанда «этнопедагогика» терминін тұңғыш рет 1978 жылы профессор Қ.Жарықбаев өзінің «Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихынан» атты әдістемелік ұсынысында берген еді.
Қазір Қазақстанда қазақ этнопедагогикасы және оның тарихы бойынша педагогика ғылымдары докторы ғылыми дәрежесіне 13 адам ие болды, оның жетеуі - Әмірғазин К, Балтабаев М, Ералин Қ, Қалиев С, Қожахметова К, Наурызбай Ж, Ұзақбаева С.,- қазақ этнопедагогикасынан; алтауы – Жарықбаев Қ, Ильясова А, Көбесов А, Құнантаева К, Халитова І, Тәнікеев М – қазақ этнопедагогикасы тарихынан қорғаған. Ал, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне қорғалған диссертациялардың саны 89 болды, олардың 60-ы қазақ этнопедагогикасынан, 29-ы қазақ этнопедагогикасының тарихынан қорғалды. Барлығы 102 диссертация болды. Диссертациялық зерттеулер 1920-1970 жылдары 8-ақ, 1971-1990 жылдары 47 жұмыс қорғалғанын көруге болады. Осыдан ұлттық тәрбиеге 70 жылда 23-ақ, ал егемендік алған 10 жылда Қазақстанда 47 диссертация қорғалғаны, кеңестік дәуірде ұлттық тәрбиеге тыйым салынғанының әсері көрініп тұр.
Қазір ұлттық мектеп жасау, онда ұлттық тәрбие беруге ерекше назар аударылып жатқаны, қоғамымыздың болашағы сол тәрбиеге тікелей байланысты екеніне көзіміз жете бастады. Дегенмен, жоғарғы оқу орындарында болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбиеге дайындау проблемасы әлі де болса, ерекше зерттеуді қажет етеді. Қазақ этнопедагогикасынан диссертациялық зерттеулерді ұлттық тәрбиенің түрлері бойынша топтасақ: кәсіби, құқықтық, экономикалық тәрбиелер және салауатты өмір салтына тәрбиелеу проблемалары бойынша бірде-бір зерттеу жұмысы орындалмағаны көрініп тұр.
Сонымен, қазақ этнопедагогикасы және оның тарихынан зерттеу жұмысы соңғы жылдары кең қарқында жүргізілгені, олар ұлттық тәлім-тәрбие берудің көкейкесті проблемаларына арналғанын айтуға болады. Дегенмен, мектеп мұғалімдерін жоғарғы оқу орындары оқытушыларын, болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындау проблемалары нашар жүргізілуде, өткені оларға жоғарғы оқу орындарында онша көңіл аудармауда. Себебі, жоғарғы педагогикалық оқу орындарында «Этнопедагогика» кафедрасы ашылмауда, маман ғалым-педагогтар жеткіліксіз. «Қазақ этнопедагогикасы» және «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» оқу пәндерін ендіруге көп кедергілер жасалуда. Ерекше ескертетін мәселе жоғары педагогтік оқу орындарының педагогика факультеттерінде «Этнопедагогика және этнопсихология» мамандықтарын ашу, сондай-ақ республиканың білім Академиясы құрамында «Этнопедагогика және этнопсихология» ғылыми зерттеу институтын ашып, оларда этнопедагог-этнопсихолог мамандығын даярлау қажет деп есептейміз.
Жамбыл педагогтік институттың педагогика кафедрасының жанынан 1992 жылы «Қазақ тәлім-тәрбие» зетханасын ұйымдастырдық, ал ондағы мақсат – жас ұрпаққа және жастарға ұлттық тәлім-тәрбие берудің мазмұны мен әдістемесін жасау, оған мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді дайындау болды.
«Қазақ тәлім-тәрбие» зертханасының міндеттері:
-
Балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіптік-техникалық, орта арнаулы білім беретін түрлі оқу орындарының тәрбиешілерін, мұғалімдерін, оқытушыларын, жоғары мектеп оқытушыларын этнопедагогикалық дайындықтан өткізу;
-
Педагогтік жоғары оқу орындарының студенттерін этнопедагогикалық дайындықтан өткізу:
-
Қазақ этнопедагогикасынан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-
Зертхананың жұмыс жоспары: үздіксіз білім беру жүйесіне арнап қазақ этнопедагогикасынан бағдарламалар жасау;
-
Рефераттар, баяндамалар, лекциялар, семинарлар, конференциялар тақырыптарын, жоспарларын жасау, оларды орындауға болашақ ұстаздарды үйрету;
-
Библиографиялық көрсеткіштер құру; ғылыми-зерттеу жұмыстарына болашақ ұстаздарды, тәрбиешілерді, мұғалімдерді, оқушыларды кеңінен тарту;
-
Түрлі әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық материалдар және көрнекіліктер жасау;
-
Ата-аналар мен жалпы көпшілікке, мектептерде ұлттық тәлім-тәрбиелік мазмұнды іс-шаралар өткізу;
Зертхананың ішкі құрылымы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қазақ тәлім-тәрбиесінің мазмұны» деп аталады. Онда «Қазақ халық педагогикасы, этнопедагогика – ғылым, оның пәні, міндеттері, құрылымы және негізгі ұғымдары», «Қазақ этнопедагогикасының зерттеу көздері, асыл арналары мен бұлақтары», «Халық педагогтары» кестелер түрінде берілген. Келесі бөлімде «Қазақтың отбасы тәрбиесі», «Қазақтың мәдени өнері», «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Қазақ халқының этнографиясы» атты кестелер бейнеленген. Үшінші стендте «Қазақ этнопедагогикасының тәрбие түрлері», «Қазақ этнопедагогикасындағы білім беру мазмұны», «Қазақ этнопедагогикасындағы тәрбие мен оқытудың әдіс-тәсілдері» кестелері берілген. Төртінші стендте «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақтың бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлері», «Қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері», «Қазақтың мәдени-әлеуметтік салт-дәстүрлері», «Жаңа заман салт-дәстүрлері».
Осы бөлімнің екі жағындағы тарихи педагогикалық әдебиеттердегі «Халықтық педагогика» мен «Этнопедагогика» ұғымдарына берілген 10 түрлі анықтамалар жеке-жеке стендте жазылған. Мысалы, профессор Қ.Жарықбаев «Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы».
Зертхананың екінші бөлімі «Қазақ тәлім-тәрбие тарихынан» деп аталады. Онда 30-дан аса ортағасыр ғұлама-ойшылдарының, ағартушы-тәлімгерлердің суреттері салынған портреттері ілінген, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінен үзінділер жазылған. Мысалы, Әл Фараби (870-950) «Тәрбиелеу дегеніміз халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз». Портреттер астында дидактикалық материалдар, кестелер, суреттер, газеттер, студенттердің рефераттары, баяндамалары, озық ұстаздардың іс-тәжірибелерінен жинақталған еңбектер көрмесі орналастырылған.
Үшінші бөлім «Қазақ халқының тәлімгерлері» деп аталып, онда хандар мен билердің және ағартушылардың портреттері ілінген. Зертханада «Қазақ этнопедагогикасы» мен «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» оқу пәндерінен лекциялар, семинарлық және зертханалық сабақтар өткізіледі.
Сонымен қатар, онда облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының тыңдаушыларымен дәрістер, әр түрлі ғылыми семинарлар, конференциялар және шығармашылық кештер мен кездесулер тұрақты өткізіліп тұрады. Осындай зертхананы балабақшаларда, орта мектептерде, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, әр түрлі орта арнаулы оқу орындарында, жоғарғы мектептерде жасап, оны тәрбие орталығы ретінде пайдалануға болады.
Нобайдағы бірінші проблеманы шешу үшін мектеп мұғалімдерін оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындау мақсатында «Ұлттық тәлім-тәрбие» атты бағдарламаның мазмұнын жасадық. Бағдарлама Ақтөбе қаласында 1993 жылы мамырдың 17-20 жұлдыздарында өткен «Озат педагогикалық тәжірибе – білім мазмұнын жаңартудың негізі» атты шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің слетінде талқыланып, пайдалануға ұсынылды. Оны барлық облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарына тараттық, ол олардың оқу-тәрбие үрдістеріне ендірілді.
Ал екінші проблема – болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беруге дайындау үшін «Қазақ халқының этнопедагогикасы» атты оқу бағдарламасын жасадық. Ол 1992 жылы мамыр айының 19-20 жұлдызында Алматы қаласында Білім беру министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты бірігіп өткізген «Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы» атты ғылыми-практикалық конференциясында талқыланып, оны жоғары педагогтік оқу орындарының оқу үрдісіне ендіру туралы шешім қабылданды.
Әдебиеттер:
Жұмабаев М., - Пидагогика, А, Ана тілі, 1992
Байтұрсынов А.,- Оқу құралы, Семей, 1922
Аймауытов Ж.,- Тәрбиеге жетекші, Қызылорда, 1924
Ғабдуллин М.,- Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А, Мектеп, 1976
Тажибаев Т.,- Воспитание казахских детей в аулах и школы Казахстана, М, Педагогика, 1973 год.
Жарықбаев Қ., Қалиев С.,- Қазақ тәлім-тәрбиесі, А, Санат, 1995
Достарыңызбен бөлісу: |