Жұмыстың құрылымы. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының он жылдық
белесте тақырыбын жан - жақты және толыққанды ғылыми зерттеу мақсатында
жұмысты төмендегідей бөлімдерге бөліп қарастыру негізге алынған.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың жалпы сипаты көрсетіледі. Мұнда тақырыптың
өзектілігі,тарихнамасы,жұмыс тақырыбына байланысты жарық көрген еңбектермен мақалаларға сипаттама беріліп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, жұмыстың алға қойған басты мақсатымен бірқатар өзекті міндеттері көрсетілген;
жұмыстың құрылымы - жұмыс жөнінде толық мәлімет беріп, құрылымның
жағдайымен таныстырады; жұмыстың хронологиялық сипаты - тақырыптың қандай хронологиялық шеңберді қамтитын кезеңдерін көрсетеді.
Негізгі бөлімде үш тараудан құрылған. Бірінші тарау - Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының шақырылуының тарихи маңызы. Бірінші дүниежүзі
қазақтар құрылтайының қарастырған мәселелерін, яғни қазақ ұлтының жалпы
мәселелерін, оның шешуіне арналған іс-шаралар мен жолдарын көрсетеді;
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылу тарихы және құрылудағы
мақсаты, алғашқы қадамдары көрсетіледі.
Екінші тарау - дүниежүзі қазақтар қауымдастығы және оның қызметі
тарауында дүниежүзі қазақтар қауымдастығының алыс және таяу шет
мемлекеттеріндегі қазақ диаспорасына байланысты атқарылып жатқан іс-
шаралар, яғни қазақ диаспорасының мәселелерін шешуде дүниежүзі
қазақтар қауымдастығының рµлін анықтау алға қойылған дүниежүзі қазақтар
қауымдастығы оралмандар мәселесін шешудегі қызметі көрсетілді.
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының он жылдық белесте тақырыбында жалпылама дүниежүзі қазақтар қауымдастығының алыс және таяу шет мемлекеттердегі қазақ диаспорасына байланысты қызметінен мәліметтер беріледі.
Үшіңші тарауда дүниежузі қазақтарының құрылтайларының тарихи маңызы көрсетілді.
Қорытынды бөлімінде тақырыпқа, жұмысқа түбегейлі қорытынды жасалып
жұмыстың қорытынды түйіні ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар тақырыпқа
тарихи сипаттама беріліп, жалпы ғылыми қорытынды жасалып, объективті
шындыққа жету үшін ғылыми баға беріледі
Достарыңызбен бөлісу: |