Ылым министрлігі



бет12/103
Дата12.04.2024
өлшемі5.8 Mb.
#498528
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

5. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
ІІІ. Қорытынды бөлім - Не білдім? –Не ұнады?
4-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Фигураны бөліктерге бөлу және құрастыру
Сабақ мақсаты: Геометриялық фигураларды тани білу дағдыларын пысықтау; фигураларды бөліктерге бөлу арқылы басқа фигура құрастыра білуге үйрету; ойлау іскерлігі қалыптасады.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру ІІ. Негізгі бөлім
1. «Мен не жасырдым? -Есік, терезе, кітап, дәптер-бәрі бірдей пішінде. (төртбұрыш) -Доп десем де болды, шарға да ұқсап қалады. (дөңгелек) - Үш бұрышы, үш қабырғасы бар. Ол қандай фигура? (үшбұрыш)
2. Құрастыр.




-Фигураны ата. ( шаршы) - Неше бөліктен құрастырдың? (4 үшбұрыштан) -Тағы қандай фигуралар құрастыруға болады? (2 үшбұрыш)
3. Бөлікке бөл. Практикалық жұмыс














Қағазды қайшымен қию арқылы бірнеше бөліктерге бөледі.


4. Неше бөлікке бөлінген? Сызғышпен өлше.






























10 см
5. Дәптермен жұмыс. -Мына кесінділерді сыз. 1см, 3см, 5см -Ең ұзынын ата. –Ең қысқасы қайсы?
ІІІ. Қорытынды
5-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Теңдік. Өрнек. Өрнектің мәні
Сабақ мақсаты: Өрнек құрастыру, мәнін табу дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлауларын дамыту; тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру ІІ. Негізгі бөлім
1. Ойлаған санға 1-ді қостым, қосындыны 1-ге арттырдым. Қосындының мәнінен 1-ді азайттым. Айырманы 1-ге азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым? Шешуі: 1 (х+1+1-1-1=1, 1+1+1-1-1=1)
2 . Өрнек құрастыр, мәнін тап. –Қолымда 3 алма, оның 1-еуін досыма бердім. Қолымда неше алма қалды? –Шыққан өрнекті оқы. (3-1) -Мәнін тап. Қандай теңдікке тең болды? (3-1=2)
3. Теңдік тура болатындай таңбалар қой.
3*2=1 2*1=3 1*3=4 4*2=2
4. 1,2,3 сандарынан теңдік төрттігін құрастыр.
1+2=3 3-2=1
2+1=3 3-1=2
5. «Тез есепте» ойыны.
1. Табақта бес алма, 2. Бір алма атама, Нешеуін алады, Қолымда үш алма, Бір алма әжеме, Нешеуі қалады? Інімде екі алма, Бір алма апама, Қосқанда барлығын, Бір алма әкеме, Болады неше алма? Шешуі: 10 алма (5+3+2=10) Шешуі: 4-еуін алады, 6-ауы қалады. 10-4=6
ІІІ. Қорытынды бөлім
-Қандай тақырыпта сөйледік?
-Айтылған өрнектерді есіңе сақтап айт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет