Ылым министрлігі


Тәрбиелік: жауапкершілікке тәрбиелеу. Әдісі



бет74/103
Дата12.04.2024
өлшемі5.8 Mb.
#498528
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

Тәрбиелік: жауапкершілікке тәрбиелеу.


Әдісі: . сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
1. Кітапханаға 42 қазақ тілі және 48 математика оқулықтарын үш сыныпқа бөліп берді. Әр сыныпқа неше кітаптан тиді?
2. Асханаға түске дейін 32 литр сүт, ал түстен кейін 48 литр сүт әкелінді. Оларды бірдей 10 ыдысқа бөліп құйып пісірді. Әр ыдысқа неше литр сүт құйылған?
3. Мектепке әуелі 24 парта, кейіннен тағы да 28 парта әкелінді. Олар төрт сынып бөлмесіне, әрқайсысындағы парталар саны бірдей болатындай етіп қойылды. Әр сынып бөлмесіне неше партадан қойылды?
4. Әр қайсысына 6 кг жеміс сыятын жәшіктерге 36 кг алма мен 24 кг алмұрт тең бөліп салған. Барлығы қанша жәшік керек болған?
Қорыту
23-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Екі, үш амалдан тұратын есептер.Сабақтың мақсаттары: Білімділік: мазмұны бойынша көбейтуге, бөлуге берілген қарапайым есептерді шығару, салыстыру, түрлендіру; есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, жұптық
Көрнекілігі: кестелер, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
1 .Есепті шығар.
60 партаны сырлау керек еді. Оқушылар күніне 8 партадан сырлап, 6 күн жұмыс істедіи сырлануға неше парта қалды?
2. Наубайханаға 160 қап ұнды 4 машинамен жеткізу керек.. Алдыңғы 2 машинаның әрқайсысымен 30 қап ұн жеткізілді. Қалған 2 машинамен неше қап ұн жеткізілді?
3. Есепті теңдеу құру арқылы шығар
Фермада бір күнде 978л сүт сауылды. Оның 402 литрін фермада қалдырды. Қалғанын әр ыдысқа тең бөліп, асханаларға жіберді. Сонда барлығы 48 ыдыс болды. Әр ыдысқа неше литр сүт құйылды?
4. Шеберханаға 128 шеге әкелінді. Шегелерге қарағанда 39 шуруп кем, шуруптарға қарағанда 18 болт кем әкелінді.Шеберханаға барлығы неше шеге, шуруп, болт әкелінді?
Қорыту
24-сабақ
Сабақ тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Сабақ мақсаты;білімділік: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтудің әдіс-тәсілін меңгерту
дамытушылық:Ой-өрісін, қиялын дамыту,пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелілік:Аңғарымпаздыққа, шашаңдыққа баулу
Әдісі:сұрақ-жауап, көрнекілік,
Көрнекілігі: керекті заттар, таблица
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі;Ой қозғау сұрақтары:

1. Түзу мен кесіндінің айырмасы қандай?
2. Төртбұрыш пен үшбұрыштың айырмасы қандай?
3. Жұп сандарды, тақ сандарды ата.
4. Бір таңбалы мен екі таңбалы сандардың айырмашылығы
5. Бұрыштың қабырғалары қалай аталады?
6. Бесбұрыш неше кесінділерден тұрады?
7. Төртбұрыштың қабырғалары қалай аталады?
8. 1 дм-де неше см бар?
9. 1 см-де неше мм бар?
10. 1 см артық па, әлде 1 дм артық па?
11. Әріпті өрнек деген не?
12. Санды өрнек деген не?
13. Екі таңбалы сандарды кему ретімен ата.
2.212x2=(400+20+4)=424
135x3=(300+90+15)=405
303x3=(900+0+9)=909
3. Математикалық диктант
110х6 110 мен 6 сандарының көбейтіндісінің мәні
203х6 203пен 6 сандарының көбейтіндісінің мәні
602x1 602 мен 2 сандарының көбейтіндісінің мәні
360x2 360 пен2 сандарының көбейтіндісінің мәні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет