5.2 Практикаға жетекшілік жасау
Практикаге жалпы оқу әдістемелік жетекшілік етуді Еуразия гуманитарлық институтының «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы жүргізеді.
Өндірістік практиканің кафедрадан тағайындалған жетекшісінің міндетіне кіретін:
- күнтізбелік жоспарды құрудағы сұрақтарға, практиканің өтілу жоспары мен оның ұйымдастырылуына кеңес беру;
- практиканің өтілу уақытындағы күнделікті толтыру барысындағы туындағын сұрақтарға кеңес беру;
- өндірістік практиканің нәтижесі бойынша есепті дайындап, дипломдық жұмыс жазудағы материалдарға талдау жасап, жинауда әдістемелік көмек;
- өндірістік практиканің өтілуіне байланысты студенттің есебіне қысқаша пікір жазып беру.
Практиканің өту орнында практика жетекшісі болып сол кәсіпорындағы білікті маманға жүктеледі:
Практиканің өту орнындағы мамандар арасындағы жетекші:
1. Осы бағдарлама көлемінде өндірістік практикані ұйымдастырады.
Практика сұрақтары бойынша кеңестер береді.
Практиканің соңында студентке қысқаша пікір (мінездеме) береді, онда өндірістік практиканің бағдарламасын қалай орындағаны, практикаші студенттің еңбек тәртібін сақтағаны және кәсіби дайындығы жайында көрсетіледі.
5.3 Практикаленуші - студенттің міндеттері
Өндірістік практикані өту барысында студент міндетті:
практикані өту орнындағы ішкі тәртіп, ережені сақтауға;
кәсіпорыннан тағайындалған практика жетекшісінің өкімдерін орындауға;
практиканің өту жоспары мен күнтізбелік жоспарды өз уақыты мен толық көлемде орындауға;
көрсетілген нұсқада күнделікті толтыруға;
практика нәтижесі бойынша, кафедра бекіткен уақыт пен нұсқада есепті ұсынып, қорғау.
Өндірістік практика бағдарламасын орындамаған студент, дипломдық жұмысты қорғау мен мемлекеттік емтиханға жіберілмейді
Достарыңызбен бөлісу: |