Ылым министрлігі


Мемлекеттік қаржылық ұйымдар мен



бет11/29
Дата21.04.2024
өлшемі453 Kb.
#499421
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
Kaz-metodicheskie-rekomendatsii-po-praktike

4.4.5 Мемлекеттік қаржылық ұйымдар мен
қазынашылық ұйымдарда

Мемлекеттік қаржылық ұйымдарда оқу практика мазмұны мемлекеттік басқару деңгейі мен оқу практика базасына сәйкес ерекшеленеді. Есепте қаржылық ұйымдардың міндеттері мен беделі сипатталып, оның Ережелері, оперативтік және стратегиялық сипаттағы мазмұны мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекеттік қаржылық ұйымдардың практикалік қызметін зерттеу оның құрылымы мен әрбір бөлімшелердің қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін қарастырудан басталады. Оқу практиканің және жұмыс түрлерінің жалпы мазмұны келесі сұрақтарды қарастырумен көрсетіледі.


Қазынашылық комитетінің және территориялық қазынашылық ұйымдардың қызметтері мен өкілеттілігімен танысу.Қазынашылық ұйымдардың бөлімдерімен танысу: құрылымы, тағайындалуы, қызметкерлер міндеттері, қызметтік инструкциялар.
Қызметкерлердің функционалдық міндеттерін қарастыру: мемлекеттік бюджеттің орындалуын басқару, түсімдерді басқару, міндеттемелерді тіркеуді басқару, төлем ақы шотын енгізуді басқару, төлемдерді бақылауды басқару, мемлекеттік мекемелермен жұмысты басқару, ішкі бақылауды басқару, мердігерлермен анықтамалар жүргізу және есеп жүргізу, қаржылық қамтамасыз ету бөлімімен, қазыналық жүйені техникалық жүргізу мен ақпараттық қауіпсіздік бөлімі.
Зерттеу жүргізу объектілері бойынша материалдарды жинап, оқып, талдау.
Ұлттық валютадағы бюджетке түсімдердің орындалуын ұйымдастырумен танысу.
ҚР ЕБК бекітілген табыстардың сыныптама кодымен сәйкес біріңғай қазынашылық шоттың жұмыс істеуімен танысу.
Бюджеттік алымдарды төменгі тұрған бюджеттен жоғарғы тұрған бюджетке аударудың кезеңділігі мен тәртібі және бюджеттік субвенцияларды төменгі тұрған бюджеттен жоғарғы тұрған бюджетке аударумен танысу.
Мемлекеттік мекемелермен жасалатын, азаматтық құқықтық келісім шарттарды, мемлекеттік тіркеуді жүргізетін тәртіппен танысу. Қолма қолсыз нұсқадағы ұлттық валютамен төленетін төлемдерді жүргізу.
Мемлекеттік мекемелердің жүргізетін депозиттік шоттарымен, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетудегі төлемдерді жүргізу тәртібімен танысу. Олардың қол астында қалған, тауарларды жеткізіп беруден (жұмыстан, қызмет көрсетуден) түскен ақшаны қолдану тәртібімен танысу.
Бюджеттік несиелерді ұсынудағы қаржылық қызметтерді сипаттау мен бюджеттік несиелеу тәртібімен танысу. Қазақтан Республикасының Үкіметінен қарыз алу тәртібі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тартылған қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру. Мемлекетпен кепілдендірілген заемды иемденген, қаражат алушының қаржылық жағдайын мониторингтау тәртібі. Мемлекеттік мекемелер үшін қазынашылық ұйымдардың бюджет ақшасын басқару тәртібі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет