Ќылмыстыњ субъективтік жаѓЫ


Кінә туралы түсінік және оның нысандары



бет3/6
Дата02.01.2022
өлшемі197 Kb.
#454056
1   2   3   4   5   6
курстық жұмыс Таңбай З.

2.2. Кінә туралы түсінік және оның нысандары.

Бұған дейін айтылғандай, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына психикалық қатынасы. Қылмыстық заңға сәйкес, кінә - бұл әрқашан не қасақаналық, не абайсыздық болып табылады.



ҚР ҚК-нің 19-бабының 3-бөлімі бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қасақаналықта, абайсыздықта жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бұл - олардың ұқсастығы. Ал, айырмашылығы - қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында.

Қылмыстың жасалуына байланысты кінә (қасақаналықта, абайсыздықта) заң қолданушының (сот, тергеуші) санасынан тыс орын алады. Ол - алдын ала тергеу жұмысын жургізу мен сотта істі қарау кезінде дәлелденетін затқа жатады. Ол - іс бойынша анықталған дәлелдерді саралау кезінде жүзеге асады. Осыған орай, кінә тек заңдық-психологиялық қана емес, саралаушы да категория екендігін мойындау керек. 40-шы жылдары кеңестік заң әдебиетінде кінәлінің өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына, соттың санасынан тыс орын алатын психикалық қатынасы ретіндегі кінә түсінігін, оның (кінәнің) саралаушы деген түсінігімен теңестіруге әрекет жасалды. Б.С.Утевский "кінәні қылмыс құрамының элементі ретінде, қасақаналық пен абайсыздық, яғни қылмыс құрамының субъективті жағы ретінде бір жақты таяз түсінумен қатар, қылмыстық құқықта кінәнің қылмыстық жауаптылықтыц негізі ретіндегі ауқымдырақ түсінігі де бар"/3/ деп санаған. Б.С. Утевский кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде былайша түсіндіреді, яғни ол "соттың көзқарасы бойынша мемлекет атынан теріс қоғамдық (моральдық-саяси) бағаға лайық және сотталушының қылмыстық жауаптылығын талап етуші жағдайлар жиынтығы"/4/

Оның кінәні түсіну туралы мұндай көзқарасы кеңестік заң басылымдарында өткір, тіпті күйретуші сынға ұшырады. Оның себептері негізінен идеологиялық сипатта болды. Авторды кінәні саралау туралы буржуазиялық ғалым-заңгерлердің ұсынған теорияларын пайдаланғаны үшін айыптады. Алайда, соңғы кездері кеңестік қылмыстық құқықта кінәні - саралаушы ретінде түсінуді қатаң шетке шығару басылып, кінәлі жауаптылық қағидасы (яғни, кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде мойындау) Қазақстан -Республикасының қылмыстық кодексінде заңды тұжырымын тапты. Мұны дұрыс деп мойындауға тиіссіз, себебі, қылмыстық заң, қылмыстық жауаптылықты тұлғаның өзі жасаған іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының кез келген түрімен емес тек қана қасақаналық пен абайсыздық сияқты белгілі түрімен ғана

байланыстыруы бекер емес. Психикалық қатынастың дәл осы түрдегі, кінәлінің қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне деген қоғамға қарсы (қасақана жасалған қылмыстарда) немесе немқұрайлы (абайсыздан жасалған қылмыстарда) қатынасын білдіреді. Сондықтан, кінә - тұлғаның қылмыстық қастандылықтан заңмен қорғалатын мүдделерге теріс қатынасын көрсететін өзінің жасаған қылмысты әрекеті немесе әрекетсіздігінен туындаған зиянды салдарға психикалық қатынасы.

Жоғарыда айтылғандай қылмыстық заң, іс-әрекетпен оның салдарына кінәлі психикалық қатынасқа еркіне карай және интеллектуалдық сәттерді қосады. Дәл осы сәттердің жиынтығы кінәнің мазмұнын құрайды. Аталған сәттердің нақты мазмұны мен ара - қатысы бойынша қасақана және абайсызда жасалған қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығы қандай болса, олардың қылмыстық заңда анықталатын түрлері де тап солай ажыратылады. Интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің мазмұны мен арақатынасының бұл ерекшеліктері кінәнің түрлерін құрайды. Қылмыстық кодекс кінәнің қасақаналық және абайсыздық сияқты екі нысандарын қарастырады (ҚР ҚК-нің 19-бабы 3-ші бөлімі). Қасақаналық, өз кезегінде, тікелей және жанама, ал, абайсыздық -меңмендік және немқұрайлылық болып бөлінеді.

Кейбір қылмыстарға байланысты, заң шығарушы оларды тек қасақана жасалады деп анық атап көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 104-бабы - денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық қарастырылады. Қасақана жасалатын қылмыстардың басқа құрамдарын жасағанда, заң шығарушы оларға қасақана деген анықтама бермейді, Мысалы, ҚР ҚК -тің 106, 107-баптарында ұрып-соғу, азаптау кездерінде кінәнің түрін атап көрсетпейді. Мұндай жағдайларда кінәнің түрін анықтау үшін ҚР ҚК -тің 19-бабының 3-ші бөлігін басшылыққа алу керек. Абайсызда жасалған іс-әрекет ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабы арқылы арнайы қарастырылған жағдайда ғана қылмыс деп саналады.

Сонымен, Ерекше бөлім бабының диспозициясы кінәнің түрін нақты көрсетпесе, осы бапта қарастырылған қылмыс тек қасақана болады.

Кінәнің қылмыстық- құқықтық мағынасын асыра бағаламасқа болмайды. Біріншіден, кінәлі жауаптылық қағидасына сүйене отырып, кінә - қылмыстық іс-әрекетті қылмыстық емесінен ажыратушы ретінде маңызды. ҚР ҚК-нің 19-бабының 2-бөлігіне сәйкес объективті түрде, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Екіншіден, егер заң шығарушы жауаптылықты кінәнің түріне қарай ажыратса, кінә қылмысты саралауға әсер етеді деген сөз. Мысалы, кісі өлтіру ҚР ҚК-нің 96-бабымен бағаланса, абайсыздықтан өлімге соқтыру-ҚР ҚК-нің 101-бабымен бағаланады. Кінәнің түрі сонымен қатар денсаулыққа келтірілген зиянның қасақана әлде абайсыздан болуын (ҚР ҚК-тің 103, 111-баптары), ажырататын белгі болып табылады. Үшіншіден, кінәнің түрлері қылмыстарды заңды негізде саралау кезінде ескеріледі. Онша ауыр емес ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстарға қасақана жасалғаны да, абайсыз жасалғаны да жатқызылса, ауыр, аса ауыр қылмыстар қатарына тек қасақана жасалғаны ғана жатады (ҚР ҚК -тің 10-б.). Жаза мен қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырар басқа көптеген жағдайларда, қасақана және абайсыздық жағдайдағы кінәнің айырмашылығы ескеріліп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет