Ќылмыстыњ субъективтік жаѓЫ


Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері



бет5/6
Дата02.01.2022
өлшемі197 Kb.
#454056
1   2   3   4   5   6
курстық жұмыс Таңбай З.

2. 4. Абайсыздықтың түсінігі және оның түрлері.

Сот тәжірибесі абайсыз жасаған қылмыстарға қарағанда, айтар- лықтай кең тарауына байланысты, қасақана жасалған қылмыстармен көбірек ұшырасады. Алайда, бүгінгі кінә абайсыздықтан жасалатын қылмыс саны тұрақты түрде өсіп келе жатқандығын атап өту керек. Оның үстіне ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, әсіресе техниканы пайдалану аясындағы арнайы ережелерді бұзуға байланысты қылмыстардың, сол сияқты, экологиялық қылмыстардың қауіптілігі елеулі түрде арта түседі.

Абайсыздық - бұл кінәнің ерекше түрі, яғни кінәлінің өзі жасаған әрекеттерінің не әрекетсіздігінің зиянды салдарына психикалық қатынасының ерекше түрі. Объективті жағына қылмысты заңмен қарастырылған белгілі бір қоғамдық қауіпті салдар кіретін, яғни материалдық құрамы бар қылмыстар ғана абайсыздықтан жасалуы мүмкін. ҚР ҚК-де абайсыздықтың екі түрі қарастырылған: 1. Менмендік. 2.Немқұрайлық.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 21-бабының 2-ші бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс меңмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Меңмендікпен, яғни жеңілтектікпен қылмыс жасаған тұлғаның істегенінің салдарына психикалық қатынасы абайсыз және қасақана кәнінің басқа түрі сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай сәттерден тұрады. Интеллектуалдық сәт тұлғаның өз әрекетінің не әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдары орын алу мүмкіндігін алдын-ала көре білуімен сипатталады. Еркіне қарай сәт, бұл - салдардың алдын алуға негізсіз артық сенумен сипатталады. Мысалы, машинаны басқарып келе жатқан жүргізуші жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден асырып жібереді де, осыған орай ол белгілі бір сәтте машинаны тежеп үлгере алмайды. Ақырында, ол жаяу жүргіншілердің біреуін басып кетіп өлімге ұшыратады.

Меңмендіктің заңды тұжырымдамасында оның интеллектуалдық сәті тікелей және, әсіресе, жанама қасақаналықтық интеллектуалдық сәтімен жақын. Екі жағдайда да тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алатындығын алдын-ала көріп біледі. Алайда, заң щығарушының қасақаналықты суреттеген кезде қолданатын алдын-ала көре білу түсініктің, шынайы мазмұнының дәл осы түсінікті кінәнің абайсыз түрінің тағы бір түрі болып келетін менмендікті суреттеуде қолдануынан түбірлі айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық алдын-ала көре білудің сипатында. Қасақаналық кезінде (тікелей немесе жанамасында бірдей деңгейде) алдын-ала көре білу нақты сипатқа ие болса, менмендік кезінде ол - абстрактілі түрінде. Мұның мағынасын бұлайша түсіндіруге болады: қасақаналық кезінде кінәлі тұлға тап осы кезде, белгілі жерде, белгілі жағдайларда жасалған өзінің нақты әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) сөзсіз немесе болуы ықтимал нәтиже орын алатынын алдын-ала көре біледі. Жәбірленушінің кеудесіне пышақпен ұра отыра, тұлға дәл осы соққы (оның соққысы), осы пышақпен соғу - жәбірленушіні өлімге ұшырататынын алдын-ала көре білген. Ал қылмыстық менмендік кезіндегі интеллектуалдық сәттің мазмұны тіпті басқа. Тұлға өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) қылмысты салдарының әйтеуір бір орын алатынын жалпылама түрде алдын-ала көріп біледі, Мысалы, жүргізуші машинаны рұқсат етілген жылдамдықты асыра пайдалана отырып, бұл ісінің жаяу жүргіншініі соғуына апаратынын жалпы (негізінде) көріп біле алады және бұл көріп білу нақты емес, жалпы, яғни абстрактілі сипатқа ие. Тұлға көрсетілген қауіпті салдарды жалпы алдын-ала көріп біле тұра, оның өзінің де басында осындай жағдай болуы мүмкіндігін мүлдем есіне алмайды. Ол мұндай салдар басқа жүргізушілер тап келген жағдайларда орын алады деп ойлап, өзі үшін олардың алатындығың тіпті қаперінде де болмайтындай көреді, себебі ол өзі сияқты тәжірибелі жүргізушілер мұндай жағдайда ұшырамайды, яғни ол жаяу жүргіншімен қақтығысса, оған залал келтірудің алдын-ала алады деп үміттенеді.

Алайда, менмендіктің қасақаналықтан (ең біріші жанамасынан) негізгі айырмашылығы еркіне қарай болатын сәтінде. Бұл сәт абайсыз кінәнің бір түрі болып табылатын менмендік кезінде, тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының алдын алатындығына жеткіліксіз негізде сенетінімен сипатталады. Жанама қасақаналыққа қарағанда, қылмыстық менмендік кезінде, тұлғаның еркі өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қылмысты салдарының алдын алуға бағытталған. Тұлға оның пікірінше, қылмысты нәтиженің орын алуына жол бермейтіндей нақты бір жағдайларға сенім артады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген оқиғаны өзінің мамандық біліктілігіне, машинаны ұзақ уақыт бойы апатсыз жүргізіп келе жатқан тәжірибесіне, оның техникалық жағдайының сенімділігіне, жол бетінің жақсы күйіне және т.б. көптеген жағдайларға сенім артады. Өкінішке орай, (бұл үміттерге қарамастан) нақты бір кезенде мұндай сенім ақталмай, жансақ болып шығады да, машинаны жүргізуші жаяу жүргіншіні бәрібір басып кетіп, оны қайғылы қазаға ұшыратады. Сенімнің қателігі, негізсіздігі - жасалған іс-әрекеттің салдарына психикалық қатынасты қылмысты менмендікке айналдырып, істің өзін қылмысқа жеткізеді.

Менмендік бойынша абайсыздан жасалған қылмыстық көрнекті мысалы ретінде Ш.-ның ісін келтіруге болады. Ол, ауданда балықтың ұрлануы кезінде белгі беретін қондырғы жасайды. Бұл үшін ол өзінің үйінен өзендегі ауын бекітетін өткелге дейін сым тартып, оны 220 кернеу бар электр жүйесіне қосады да, қоңырауын үйінің ішіне орнатып қосады. О. және С. деген екі жас өспірім, түнде, өзенге балық аулауға келеді. Олар балықтың өзеннің ағысына қарсы жоғары қарай өтуін бөгеп тұрған ауларды үзіп, бұл ауларды өзеннің ағысымен төмен қарай ағызып жібермекші болады. Және де олар электрлендірілген дыбыс берушіні сымнан ажыратып тастауды ұйғарады. Сымдарды тістеуікпен ажырату кезінде О. электр тоғына соғылып, қаза болады.

Жауап алу кезінде, Ш. ауыр салдардың орын алу мүмкін екендігін алдын-ала білгендігін мойындаған. Ш. дыбыс бергіш қондырғыны орнатқанын айналасындағылардан жасырмаған. Ол туралы ауылдың барлық тұрғындары, соның ішінде, оқиға болган күні ау қойылған жерге балық ұстауға келген жас-өспірімдер де білген. Істе көрсетілгеніндей Ш. дыбыс бергіштің сымға жалғанған жеріне балаларын жібермеуі жөнінде көршілерін алдын-ала ескертіп, ол жерін бақташыларға да көрсетіп қояды. Ш-ның дыбыс бергіштің сымын бақшасының жерімен, бұталарымен жүргізіп, үстін бұтақтармен және басқа да заттармен жауып тастағандығы, ал өзенге жақындай бере адамдар жүретін соқпақтың астына жерге көміп тастағандығы сот ісі бойынша анықталған. Жалғау жұмыстарына Ш. 1000 вольтқа дейінгі кернеуге шыдайтын берік сымды таңдап, пайдаланған. Қосылған жерлер мен сымдар сенімді түрде ажыратылған. Кернеудің күшін төмендету үшін Ш. қоңыраудан алдына шам орнатып қойған. Ал дыбыс бергішті тек өзі үйінде болған кездері ғана іске қосып отырған.

III. О.-ны жанама қасақаналықпен өлтіргендігі үшін сотталды. Алайда, КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы бұл бағалауды өзгертіп, яғни оның әрекеттерін қылмыстық кодекстің абайсыздықтан болған кісі өлтіру бабына әділетті бағалап, "бұл жағдайда Ш. қылмыстық менмендік танытты, себебі ол 220 вольттың кернеудегі электр тоғының адамға қаншалықты қауіпті екенін біле тұра, қылмыстық салдардың алдын алатындығына жеңілтектікпен сенім артты. Және де ол кездейсоқтыққа ғана сеніп қойған жоқ, оның пікірінше ауыр зардаптардың орын алуын болдырмайтындай объективті факторларға сенген" деп атап көрсетті.



Абайсыз кінәнің екінші түрі - қылмысты немқұрайлылық болып табылады. ҚР ҚК-нің 21-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлылықпен жасалған қылмыс деп танылады.

Қылмыстық немқұрайлылықтың интеллектуалдық сәтінің қасақаналықтың (тікелей және жанама), сол сияқты, қылмыстық менмендіктің де, интеллектуалдың сәтінен үлкен айырмашылығы бар. Қылмысты немқұрайлылық кезінде тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуының мүмкіндігін алдынала көріп білмейді. Сонымен, абайсыздықтан болған кінәнің бұл түрінің интеллектуалдық сәті өз қылығының қоғамдық қауіптілігін бақалай білу – кінәлінің санасына жетпегендігімен сипатталады. Бұл - интеллектуалдық сәттің теріс бағаға ие болатындай бір кезі. Сондықтан, бұл жағдайда кінәнің мәні -интеллектуалдық емес, еркіне қарай сәтінде, себебі тап осы психикалық қатынас, өзінің қылмыстық-құқықтық бағасын тек еркіне қарай сәтке байланысты алады.

Қылмыстық немқұрайдылықтың еркіне қарай сәтінің заңды анықтамасы объективті ("тиісті еді") және субъективті ("көре алар еді") екі шартқа (критерийге) байланысты теория мен сот тәжірибесінде объективті шарт, тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуын алдын-ала көре білетіндей, заңға, тұлғаның мамандығы бойынша мәртебесіне және жалпыға бірдей қоғамдық ережелерге негізделген міндеттерімен байланысты.

Алайда, тек объективті шартты анықтау ғана, тиісті психикалық қатынасты абайсыз кінәнің түрі болып келетін қылмыстық немқұрайдылыққа айналдыра алмайды. Бұл үшін әлі субъективті шарт міндетті түрде анықталуы тиіс. Ол нақты тұлғаның қылмысты салдардың орын алуын алдын-ала болжап білудегі жеке қабілеттілігін білдіреді ("болжап біле алатын еді"). Бұл жерде, тұлға зиянды салдардың орын алуын өзінің жеке басының қасиетіне, мамандығына және қылмысты салдарға ұшыратған қоғамдық қауіпті іс–әрекет жасалған жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты алдын-ала болжап білуге тиіс еді дегенді білдіреді.

3. мен К. С - ны ауырлатушы қасақана өлтіргендігі үшін сотталды (бұзақылық ниетпен). Ол күні қосалқы шаруашылықтың жұмысшылар бригадасы шөп дайындау үстінде еді. С. қалаға жүру үшін ағаш көпір арқылы өз машинасына қарай беттей бергенде, бригаданың жұмысшылары К. мен 3., ауылдың қалыптасқан дәстүрі бойынша, С.-ны өзенге шомылдырып алуды ұйғарады. Осы мақсатпен олар оны суға итеріп жібереді. С. біраз уақыт өзенде жүзіп келе жатады да, сосын суға батып кетеді. РФ Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі Сот алқасы сотталғандардың әрекеттерін абайсыздықтан кісі өлтіру құрамы бар деп тапты. 3. мен К. алдын-ала тергеу кезінде де, сот кезінде де С-ны өлтіру туралы қасақаналықтың болғандығын мойындамай, оны өзенге қалжын үшін шомылдырғылары келгендігін және оның дәл осылай қайғылы түрде аяқталатынын алдын-ала ойламағандарын алға тартты. Сотталғандардың, сол сияқты куәлардың да көрсеткеніндей, С. өзін итеріп жіберген соң су бетіне қалқып шығып, бүкіл бойымен түрегеледі де, ағыстың бойымен жүзе бастайды. 3. оған "Яковлович көпірдің астына қарай жүз" деп айқайлайды, себебі дәл сол жерден жағаға шығуға болатын еді. Іс материалдарында көрсетілгеніндей, 3. К-ға көпірдің үстінде тұрған Г-ны шомылдырып алуды да ұсынады, бірақ ол суға өзі секіріп түседі. Біздің пікірімізше Жоғарғы Сот, 3. мен К-ның қылығы -оларды кісі өлтіру туралы қасақаналықтың болмағанын дәлелдейді деп, әділетті шешім қабылдаған. К. мен 3. С-ны суға итергенде, оның қазаға ұшырайтындығын ойламаған, әрине, олар өздерінің әрекеттерінің нәтижесінде аталған салдардың орын алуы мүмкін екендігін алдын-ала болжай білуі тиіс еді және болжай біле алар да еді. Мұндай жағдайларда сотталғандардың әрекеті қасақаналықпен кісі өлтіру емес, абайсыздықтан болған кісі өлтіру деп бағалануы тиіс.



Қылмыстық немқұрайлықтан оқиға деп аталатын, яғни жазықсыз зиян келтіруді ажырата білу керек. ҚК-тің 23-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер іс-әрекет жасаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Мысалы, Л.-ды алдын-ала тергеу орындары С.-ны төмендегідей жағдайлардың барысында абайсыздықтан өлтірді деп айыптады. Кәмелетке толмаған Л., М., 3., Р., X. және С. аң аулау қыстағына келеді. Кешкі аспен бірге олар бір шөлмек шарап ішеді де, содан соң қыстақтың жанында қолдан жасалған пистолетпен босаған банкалар мен шөлмектерді кезекпен ата бастайды. Бірнеше рет атып болған соң, С, X. және Р. қыстаққа алып екі қабат полиэтилен пленкасымен қапталған терезесінің жанындағы стол басына отырады, ал Л., М. және 3. Ату жалғастыра береді.

Кешкі сағат 18-дер шамасында, ымырт үйін алған кезде Л. өзінің көзі нашар көре тұра, әрі мас күйінде писистолетті оқтап, шүріппесін қайырып алып атуға жарайтын үлкенірек меже іздеп, қыстақтың маңайында жүгіре бастайды. Қыстақтың дәл қасынан өте бергенде, Л. сүрініп кетеді де, құпап бара жатқан кезінде, еріксіз пистолеттің шүріппесін басып қалады. Бұл атылған оқ қыстақтың ішінде терезеге қарсы отырған С.-ның сол жақ кеудесін терең жаралап өкпесіне тиеді де, соның салдарынан қайтыс болады.

Аудандық халықтық сот, әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан Л.-ны абайсыздықтан кісі өлтіруден ақтап алады. Касациялық және қадағалаушылың тәртіппен де бұл үкім өзгеріссіз қалдырылады. РФ Бас прокурорының орынбасары өз қарсылығында соттың барлық шешімін өзгерту туралы және істі сотта қайта қарауға жіберу туралы мәселе қойып, Л. өз әрекеттерінің салдарын алдын-ала көріп білмеді, бірақ істің жағдайы бойынша, оларды көре алар еді және солай істеуге міндетті деп атап көрсетті. РФ Жоғарғы Сотының Сот алқасы бұл қарсылықты қанағаттандырмай тастады және төмендегіше сілтеме жасады: қаралған айғақтардың негізінде, сот дәлелді шешім қабылдаған, атап айтқанда, Л. қыстақтың терезесінің түбінен аузы төмен қаратылған, оқталған пистолетпен жүгіріп бара жатып, алдындағы шелекті байқамай қалатынын, оған сүрініп кететінін құлап бара жатып екі қолын жоғары көтеріп қалатындығын, еріксіз шүріппені басып қалатындығын, оқ қыстақтың терезесі жаққа атылатынын, одан С. қазаға ұшырайтындығын алдын-ала білмеді және біле алмас та еді. Сондықтан, сот Л-дың әрекеттерінде қылмыстық құрамның болмауы дұрыс шешім қабылдаған, және оған қарсы ақтау үкімін арынды қалдырған /6/.

Оқиға - қылмысты немқұрайдылықтың шарттарының не екеуінің де (объективті және субъективті), не біреуінің болмауымен сипатталады. Оқиғаны (казусты), кінәға қарағанда, тұлғаның өз ісіне психикалық қатынасы емес, белгілі бір жағдайда әрекеттенуші (әрекеттенбеуші) тұлғаның, жасаған ісі, қоғамдық қауіптілікті қамтымайтын ерекше психикалық күйі деп санау керек.

ҚР ҚК-нің 23-бабының 2-бөлігі жазықсыз зиян келтірудің ерекше түрін қарастырады. Егер әрекет жасаған адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін ұғынбаған және істің мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын-ала білмесе және істің мән-жайы бойынша оларды алдын-ала білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың пайда болуын алдын-ала білген адам оны болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауына шамасы келмесе де, әрекет жазығсыз жасалған деп танылады.

Бұл ереже субъективті арту қағидасын дамытады, оған сәйкес, өте қауіпті және жүйке мен психикаға шамадан тыс ауырлық түсіретін жағдайлармен байланысты іс атқарушы тұлға, егер оның субъективті қасиеттері жағдайдың объективті талаптарына сай келген болса, тұлға өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті сипатын түсінген болса, олардың қоғамдық қауіпті салдарын алдын-ала кере білген немесе білмеген болса, бірақ өзінің субъективті жеке басының қасиеттеріне қарай оларды алдын-ала көріп біліп, алдын алуы мүмкін болған жағдайда ғана кінәлі деп таныла алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет