Имам ғазали жүректің сырлары


Сондай-ақ Алла жолында зекет-садақа бергенде және басқа да игі істер



Pdf көрінісі
бет128/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Сондай-ақ Алла жолында зекет-садақа бергенде және басқа да игі істер 
істегенде, өздерінің Раббыларына қайтар жолда екенін шын сезініп, 
(Раббымызға лайықты құл бола алдық па, Оны разы ете алдық па деп) қатты 
қобалжып, жүректері дүрсіл қағатындар. Міне, осынау ізгі жандар жақсылықта, 
қайырлы істерде дамыл таппай шырқ ұрып жүреді, жақсылық жасауда бір-
бірімен 
жарысады»
441
 
деген 
мағынадағы 
аят 
түскенде, 
әзірет 
Айша 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Аятта зина жасаған, ұрлаған, шарап ішкен және сонымен 
бірге Алладан қорыққан кісілер туралы айтылып жатыр ма?» – деп сұрайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ. Аятта намаз оқыған, ораза ұстаған, садақа берген 
және соған қарамай «жасаған жақсы істері қабыл болды ма, болмады ма?» деп 
Алладан қорыққан кісілер туралы айтылып жатыр», – деп жауап берген. 
441
 
«Муминун» сүресі, 60-61. 
Бір кісі Хасан Басриге (рахматуллаһи аләйһи): «Уа, Әбу Сағид, кейбір пенделер 
Алланың рақымы туралы естігендей баяндағанда көңіліміз толқып, ұшып кеткендей 
боламыз. Ондай уақыттарда өзімізді қалай ұстауымыз керек?» – деп сұрайды. Хасан 
Басри оған: «Аллаға ант етейін. Сендердің Алладан қорқу туралы баяндап
жүректеріңе сенім берген кісілермен әңгімелескендерің, әрдайым Алланың рақымы 
туралы айтып, Жүректеріңді толқытқандармен әңгімелескендеріңнен жақсырақ», – деп 
жауап береді. 
Әзірет Омар (р.а.) арқасынан пышақ қадалып, өлім алдында жатқанда ұлына: «Уа, 
жетім қалғырым! Жағымды жерге тигіз. Егер Ол (Алла Тағала) маған рақым қылмаса 
құрығаным сол!» – дейді. Ибн Аббас (р.анһума) оған: «Уа, Мүминдердің басшысы, неге 
мұнша қорқасың? Алла саған қаншама жеңістерді нәсіп етті, қаншама аймақтарды 
бағындыруға себеп болдың, қаншама игіліктерге жеттің?!» – деді. Омар (р.а.): «Ешкімге 
зұлымдық жасамай, ешкімнің жамандығын көрмей, құтылғым келеді», – деп айтты. 
Әзірет Алидің (р.а.) немересі Зайналабидин (рахматуллаһи аләйһи) дәрет алған 
сайын денесі қалтырайтын. Оның себебін сұрағандарға: «Кімнің алдында жалбаруға 
дайындалып жатқандарыңды білесіңдер ме?» – деп айтты. 
Ахмад ибн Ханбал (рахматуллаһи аләйһи): «Алладан қорыққанымнан тамақ-асқа 
тәбетім тартпай қалады», – деп айтқан. 
Бұхари мен Мүслимнің риуаяттары бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ешбір 
көлеңке болмаған қиямет күні Алланың Аршының көлеңкесінде саялайтын жеті 
түрлі кісінің бірі ретінде «Жалғыз қалғанда Алланы еске алып көздеріжасқа толған 
кісі», – деген. 
Ибн Аббастың (р.анһума) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Екі түрлі 
кісінің көзі тозақты көрмейді: біріншісі – түн ішінде Алладан қорқып жылаған кісінің 
көзі, екіншісі – Алла жолында күзетте тұрып таң атырған кісінің көзі», – деген. 
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет 
күні сол үшеуінен басқа барлық көздер жылайды. Олар: 
1) Алла арам қылған нәрсеге қарамаған көз; 
2) Алла жолында күзетте тұрып таң атырған көз; 
3) Алладан қорқып, шыбынның басындай жас ағызған көз», – деп айтқан. 
Тағы бір хадисте былай деп айтылады: «Сауылған сүт желінге қайтып кірмегендей, 
Алладан қорқып жылаған көз де тозаққа кірмейді. Алла жолында күрескен кісінің 
денесіне тиген шаң мен тозақ отының түтіні бірікпейді». 


172 
Амр ибн Ас (р.а.): «Алладан қорқып, бір тамшы жас ағызу мен үшін бір динар садақа 
бергеннен де сүйікті», – деген. 
Аун ибн Абдулла (рахматуллаһи аләйһи): «Білуімше, Алла үшін жылаған пенденің 
көз жасы денесінің қайсы жеріне тиген болса, Алла Тағала ол жерді тозақ отына 
тигізбейді», – деп айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алладан қорқып жылағанда көкірегінен қайнаған қазанның 
үніндей бұрқылдаған дауыс шығып тұрды. 
Кинди (рахматуллаһи аләйһи): «Алладан қорқып жылағанда аққан жастың бір 
тамшысы теңіздей үлкен тозақ отын өшіреді», – деген. 
Ибн Симак (рахматуллаһи аләйһи) өзін-өзі: «Тақуадай сөйлейсің, бірақ мұнафықтай 
жүресің. Содан соң пейішке кіргің келеді. Қайдағы пейіш?! Пейіш басқалар үшін. 
Олардың істері біз қалаған істердей емес», – деп жегідей жейтін. 
Суфиян Саури (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Жағфар Садықтың жанына барып: 
«Уа, Алланың Елшісінің немересі, маған өсиет айтыңыз», – десем, ол: «Суфиян, 
өтірікшіде адамгершілік, қызғаншақта тыныштық, жалқауда достық болмайды. Жаман 
мінезді кісіде кеңпейілдік болмайды», – деді. 
Оған: «Уа, Алла Елшісінің немересі, жалғастыра беріңіз», – дедім. Ол: «Суфиян, 
Алла арам қылған нәрселерден аулақ болсаң, ғибадат жасаған боласың, Алла берген 
үлесіңе разы болсаң, шынайы мұсылман боласың. Адамдар саған не деуін қаласаң, 
сен де адамдарға соны айтсаң, мүмин боласың. Күнәһармен дос болма, саған жаман 
әдеттерін үйретпесін. Яғни «Пенде досының дінінде болады. Сондықтан кісі кіммен 
достасуына қарасын» деген хадиске лайық жүруің керек. Бір іс бастардың алдында 
Алладан қорыққандармен кеңес», – деді. 
Мен оған: «Уа, Алланың Елшісінің немересі, сөзіңді жалғастыр», – дедім. Ол сөзін 
былай жалғастырды: «Суфиян, кім текке сүйенбеген асылдықты және мансапқа 
сүйенбеген күшке ие болуын қаласа, күнәға батпай Аллаға ғибадат жасасын». 
Оған: «Тағы жалғастыра бер», – десем, «Әкем маған: «Балам, жаман жолдасы 
болған кісінің басы бәледен арылмайды. Жаман жерлерге кіріп-шыққан кісі сынға 
ұшырайды. Тілін тыя алмаған пенде өкініп қалады» деген үш нәрсені баса белгілеп 
айтып берді», – деді. 
Ибн Мүбәрак (рахимаһуллаһу) айтады: «Ухайб ибн Уардтан: «Алланың бұйрығына 
қарама-қарсы іс жасағандар ғибадаттың дәмін тата ала ма?» – деп сұрадым. Ол: «Жоқ, 
Алланың бұйрығына қарама-қарсы іс жасауды ойлаған кісілер ғибадаттың дәмін сезе 
алмайды», – деп жауап берді. 
Имам Әбу Фараж ибн Жаузи (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Алладан қорқу – 
бейбас нәпсіні күйдірген от. Демек, оның ұлылығы нәпсінің қалауларын жандырып жоқ 
қылғанына және күнәдан алыстатып, ғибадатқа жетелегеніне сай өлшенеді». 
Алладан қорқу қайтіп ұлы қасиет болмасын?! Аят пен хадистерден алған 
мағлұматымызға қарағанда, арлылық, тақуалық, Алла жолында күресу және соған 
ұқсаған Аллаға жақындататын істер Алладан қорқумен ғана пайда болады. 
Алла Тағала былай дейді: «Раббыларынан шын именетіндер үшін тура жолға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет