белгілері келген күні бұрын-соңды иман келтірмеген немесе тек сөз жүзінде иман
келтіріп, ешбір қайырлы іс істемеген адамға (сондағы) иманы ешқандай да пайда
бермейді. Ендеше, ондайларға: «(Істеріңнің қарымын) күте беріңдер, Біз де
күтудеміз», – деп айт».
451
451
«Әнғам» сүресі, 158.
Табаранидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейіштің сегіз есігі бар.
Жетеуі жабық. Біреуі күн батыстаншыққанға шейін ашық», – деп айтқан.
Ибн Мажаның риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күнәларың көкке жететіндей
көп болса да тәубе жасасаңдар,Алла Тағала тәубелеріңді қабыл алады», – деп
айтады.
Хакимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланың ұзақ өмір мен тәубе нәсіп
қылуы пенде үшін бақыт»
452
деген.
452
Хаким, 4/240.
Ибн Мажа мен Хакимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бәрі күнә жасайды,
бірақ күнә жасағандардың еңжақсысы – тәубе келтіргендер», – дейді.
Бұхари мен Мүслимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір кісі күнә
жасап, «Уа, Жаратқан Ием, мен бір күнә жасадым. Мені кешіре көр!» – десе, Алла
Тағала: «Пендемжасаған күнәсін кешірген және жазаландырған бір Иесі бар екенін
білді», – деп ол пендесінің күнәсін кешіреді.
Бірнеше уақыттан кейін баяғы пенде басқа бір күнә жасап, «Уа, Жаратқан Алла,
мен тағы күнә жасадым, мені кешіре көр!» – десе, Алла Тағала: «Пендем
жасаған күнәсін кешірген және жазаландырған бір Иесі бар екенін білді», – деп оны
кешіреді.
Тағы бірнеше уақыттан кейін баяғы пенде басқа бір күнә жасап, «Уа, Жаратқан
Алла, мен тағы күнә жасадым, мені кешіре көр!» – десе, Алла Тағала: «Пендем
жасаған күнәсін кешірген және жазаландырған бір Иесі бар екенін білді. Не қылса да
бұл пендемді кешірдім», – деп оны да кешіреді».
Мунзир (рахматуллаһи аләйһи) бұған: «Хадисте айтылған «не қылса да» деген сөздің
мағынасы – аталған пенде әр мәртесінде басқа бір күнә жасағанын айтқанына
қарағанда, жасаған әрбір күнәсі үшін пұшайман болып, сол күнәдан бас тартып жатыр
деген мағынаға келеді. Демек, әрбір күнәсі үшін жасаған тәубесі сол күнәсінің
кешірілуіне себеп болады және оған күнәсінің зияны тимейді. Хадисте пенде үздіксіз
күнә жасап, содан соң сөзбен тәубе келтіріп, қайта сол күнәға қайтуы дұрыс деп
айтылған жоқ. Өйткені бұл – өтірікшілердің тәубесі болады» деген түсіндірме берген.
Бірнеше ғалымдардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің
жасаған әрбір күнәсі жүрегінде қара дақ пайда қылады. Тәубе жасап, жаман істерден
аулақтап, Алладан кешірім сұраса сол қара дақ жүрегінен өшіріледі. Егер күнә
артынан күнә жасай берсе қара дақтар көбейіп, жүрегін орап қалады. «Жоқ! Әсте,
Достарыңызбен бөлісу: |