175
Табаранидің риуаятында Муаз ибн Жабал (р.а.) баяндайды: «Бір күні
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мені бір жаққа шақырып, екеуіміз бірге бір жарым шақырымдай
жүргеннен кейін маған: «Уа, Муаз! Алладан қорқуды,
тура сөйлеуді, уәдеде тұруды,
аманатты орындауды, қиянатшылықтан аулақ болуды, жетімге мейірімділік жасауды,
көршілеріне
жақсы мәмілені, ашуланғанын басуды,
сыпайы сөйлеуді, сәлемдесуді,
басшыға мойынсұнуды, Құран Кәрім туралы терең ойлануды, ақыретті сүюді, жауапқа
тартылудан қорқуды, дүниенің соңынан жүре бермей
жақсы істерді жасауды саған
кеңес етемін.
Мұсылманға тіл тигізуден, өтірікшіге сенуден, шыншыл
кісіні жалғанға шығарудан,
әділетті басшыға қарсы шығудан, жер жүзінде бүлік шығарудан сені тыямын.
Уа, Муаз! Әр ағаштың, әр тастың жанында Алланы еске ал, әр күнә үшін ашық не
құпия тәубе жаса» деп насихат айтты.
Исфаханидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Пенде күнәларынан тәубе
жасағанда Алла оның күнәларынқорғаушы періштелерге, пенденің дене мүшелеріне
және жер жүзіндегі із бен белгілеріне ұмыттырып, жасаған күнәсі туралы қиямет
күні еш куәсі жоқ Алланың алдына шығады», – деп айтқан.
Исфахани риуаят еткен тағы бір хадисте былай деп айтылады: «Күнәсіне өкінген кісі
Алланың рақымын, менменсіген кісі оның қаһарын күтеді.
Уа, Алланың кұлдары! Әркім жасаған істеріне сай жауапқа тартыларын біліп
қойыңдар.
Ешкім жақсы не жаман істерінің сый-жазасын көрмей тұрып бұл дүниеден көшпейді.
Істер ниеттерге сай бағаланады.
Күн мен түн – көлік секілді. Оларға мініп ақыретке сапар тартыңдар. Тәубені және
жақсы істерді кешіктіруден сақтаныңдар, өйткені өлім кенеттен келеді.
Алланың
мейіріміне сеніп, өздеріңді алдамаңдар! Біліп қойыңдар,
тозақ сендерге
аяқкиімдеріңнің бауынан да жақынырақ». Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Ендеше,
Достарыңызбен бөлісу: