Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет158/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Өсектің жамандығы 
Алла Тағала өсектеуді Құран Кәрімде сынға алып, бауырының өлігінің етін жегенге 
ұқсатады: 
«Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің болмасын
өлген бауырының етін жегенді ұната ма? Әнеки, бірден жиіркендіңдер. Ендеше, 
Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз, Алла – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубелерін қабыл 
етуші), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне бет алған құлдарына ерекше мейірімді)»
551
 
551
 
«Хужурат» сүресі, 12. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылманның барлық нәрсесі: қаны, мал-мүлкі және ар-
намысы басқа мұсылман үшін харам», – деген. 
Өсек ар-намысқа да тиесілі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір-бірлеріңе көреалмастық 
қылмаңдар, бір-біріңе кек сақтамаңдар, өтірік алатындай болып тауардың бағасын 
көтермеңдер, бір-бірлеріңді өсектемеңдер, Алланың өзара бауыр пенделері 
болыңдар!» – деген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Біреуді өсектеуден сақтаныңдар, өйткені ол зинадан да 
ауыр күнә. Пенде зина жасауы мүмкін және тәубе жасаса, Алла оның тәубесін қабыл 
алады. Бірақ өсектелген кісі кешірмейінше өсекші кешірілмейді», – деп айтқан. 
Әнәс (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Миғраж түні өзінің жүзін тырнаған 
кісілерді жолықтырдым. «Уа, Жәбірейіл, бұлар кімдер?» – деп сұрасам, «Бұлар 
басқаларды өсектегендер, басқалардың ар-намысына тіл тигізгендер», – деп жауап 
берді», – деген. 


228 
Сүлеймен ибн Жәбир риуаят етеді: Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып: «Маған 
пайдалы нәрселерді үйрет», – дедім. Ол маған: «Су сұраған кісіге шелегіңдегі суды 
құйып беру, мұсылман бауырыңды жылы жүзбен қарсы алу және оның артынан 
өсектемеу сияқты ешбір жақсы істі маңызсыз деп есептеме!» – деп насихат айтты. 
Бара риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге сөйлеп жатып, үйдегі әйелдер де 
естісін деп даусын қатты шығарып айтты: «Уа, тілімен иман келтіріп, жүрегімен 
сенгендер! Мұсылмандарды өсектемеңдер! Олардың айып-кемшіліктері туралы 
сөйлемеңдер. Кім мұсылман бауырының айыбын шұқыласа, Алла да оның айыбын 
іздейді. Алла кімнің айыбын іздесе, оны үйінің ішінде-ақ ұятқа қалдырады», – деді. 
Риуаятқа қарағанда Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Кім өсектен тәубе жасап өлсе, ол 
пейішке кірушілердің ең ақырғысы болады. Кім өсектен тәубе жасамай өлсе, ол тозаққа 
кірушілердің ең біріншісі болады» деп уахи қылған. 
Әнәс (р.а.) риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығына бір күн ораза ұстауға 
бұйырып: «Ешкім менен рұқсатсыз ауызын ашпасын!» – деген еді. Сол күні бәрі ораза 
ұстады. Шам болғанда бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі, бүгінгі күнім оразамен өтті. 
Рұқсат берсең, ауыз ашайын», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған рұқсат берді. Оның 
артынан тағы біреу, артынан тағы басқалар келіп жатты. Сол сәтте тағы бір кісі келіп: 
«Уа, Алланың Елшісі, бала-шағамның арасында екі жігіт бар. Бүгінгі күнді оразамен 
өткізді. Рұқсат алғалы келе алмады. Рұқсат берсеңіз, олар да ауызын ашсын», – деп 
өтінді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған рұқсат бермеді. Ол кісі өтінішін қайталады. Алла 
Елшісі (с.а.с.) оған тағы да рұқсат бергісі келмей тұрды. Әлгі кісі өтінішін үшінші мәрте 
сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар ораза ұстаған жоқ. Күндіз басқалардың етін 
жеп (біреуді өсектеумен) өткізген кісі ораза ұстаған болып саналмайды. Оларға барып, 
егер ораза болса «Енді құсыңдар!» – деп айт», – деді. 
Ол кісі барып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұйрығын айтты. Олар құсқанда 
ауыздарынан бөлік-бөлік ұйыған қан түсті. Ол кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) қайтып барып 
болған оқиғаны айтып берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаға ант етейін, егер 
іштерінде де сондай қан қалған болса, оларды тозақ оты ғана жейді», – деді. 
Басқа бір риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол кісіге қарамай қойғанда, ол 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, қыздар аштықтан өлетіндей 
болды», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Оларды бұл жерге алып кел», – деп 
айтты. 
Қыздар Пайғамбарымызға (с.а.с.) келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір табақ алып 
келіп, олардың біреуіне «құс!» деді. Ол құсқанда аузынан табақ тола қан, ірің ақты. 
Содан соң екіншісін құстырды. Оның аузынан да осындай нәрселер ақты. Сонда Алла 
Елшісі (с.а.с.): «Бұл екеуі Алла адал қылған нәрселерді жеп-ішпей ораза ұстады. Бірақ 
Алла арам қылған нәрселермен ауыз ашты. Басқалардың етін жеді», – деді. 
Анастың басқа бір риуаятында былай деп айтылады:Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір 
құтбасында өсімқорлық және пайыз өсімінің жамандығы туралы: «Адамның өсімқорлық 
жолымен тапқан бір теңгесі Алланың алдында күнә жағынан отыз алты мәрте зина 
жасағанынан да өткен үлкен күнә. Пайыз өсімінің ең жаманы – мұсылманның 
намысына тию», – деп айтты. 
Cөз тасушылық қандай жаман! Алла Тағала былай дейді: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет