Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет155/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Аллаға тәуекел ету 
 
Бұл туралы аяттардың бірі төмендегіше: «Алла тәуекелшіл құлдарын жақсы 
көреді».
532
 
532
 
«Әли Имран» сүресі, 159. 
Бұл – өте ұлы дәреже. Оған жеткендерді Алла сүйетіні, олар Алланың кепілдігіне 
және қорғауына алынатыны білдірілген. Демек, бұдан ұлы дәреже болуы мүмкін бе? 
Бұл ұлы дәреже – Аллаға тәуекел ету дәрежесі. Кімде-кім Алла оған жеткілікті екенін, 
Алла оны сүйетінін және оны Өз кепілдігіне алатынын айтып жүрген болса, әлбетте, 
оның үлкен бақытқа жеткендігі анық. Өйткені сүйікті кісі жазаланбайды, сүргінге 
айдалмайды, түрмеге қамалмайды. Бұл туралы айтылған хадистердің кейбіреулері 
төмендегілер: 
Ибн Масғуд (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Қажылық 
мезгіліндегідей үмбеттерді көрдім. Өз үмбетімді де көрдім. Олар тау-тасқа, далаларға 
толған еді. Олардың көптігі қатты таңғалдырды. 
Менен: «Разы болдың ба?» – деп сұралды. «Иә», – деп жауап бердім. Маған тағы да 
«Бұлармен бірге тағы жетпіс мың кісі сұрақсыз тіке пейішке кіреді» деп айтылды. 
Бір сахаба: «Уа, Алланың Елшісі, олар кімдер?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Олар менменсініп тәкаппарланбағандар, біраз қиыншылық, машақат бола 
қалса оны бақытсыздық демегендер, дем салдырып оқытпағандар және Жаратқан 
Иесіне ғана тәуекел қылғандар», – деді. 
Уққаша ибн Михсан орнынан тұра қалып: «Менің де солардың ішінде болуым үшін 
Аллаға дұға қылыңызшы, Уа, Алланың Елшісі!» – деп сұранды. Алла Елшісі (с.а.с.): 
«Сен солардың ішінде боласың», – деді. Мұны естіген тағы бір сахаба орнынан тұрып: 
«Менің де олардың қатарында болуым үшін Аллаға дұға қылсаңыз», – деді. Сонда 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Уққаша бұл мүмкіншілікті сенен бұрын пайдаланып кетті», – деді». 
Тәуекел туралы бұдан басқа да көптеген хадистер айтылған: «Егерде Аллаға 
лайықты тәуекел етпегендеріңде, ол сендерге таңертең ұясынан ашқарын ұшып 
шығып, түнде тоқ қайтып келген құстарға ризық бергендей ризық берер еді». 
«Кім Аллаға тәуекел қылып, Оған сүйенсе, әрқалай мұқтаж жағдайда Алла оған 
жәрдем беріп, күтпеген жерден оған ризықтың есіктерін ашады. Кім дүниесіне сүйенсе, 
Алла оны дүниенің артына тастап қояды». 
«Кім адамдардың ең дәулеттісі болуын қаласа, өз қолындағыға емес, Алланың 
беретініне көбірек сенсін». 
Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйіндегі бір мұқтаждықтан бастап 
қиыншылыққа душар болса бала-шаға мүшелеріне: «Намазға тұрыңдар! Жаратқан 
Ием маған: «Отбасыңа және үмбетіңе намаз оқуды бұйыр әрі өзің де намаз оқуда 
табандылық таныт. Біз сенен ризық сұрамаймыз, керісінше сенің ризық-несібеңді Біз 
берудеміз. Ең жақсы нәтиже – (нағыз жетістік пен шын бақыт, құлшылықтың мәйегі 
болған) тақуалықта»
533
 
деп бұйрық берді», – деді. 
533
 
«Таһа» сүресі, 132. 
Бір жағынан Аллаға құлшылық жасап, екінші жағынан өзін-өзі мақтаған кісі тәуекел 
қылған болып есептелмейді. 
Риуаятқа қарағанда Ибраһим (а.с.) катапультамен отқа лақтырылып жатқанда, 
Жәбірейіл періште оның жанына келіп: «Жәрдем керек пе?» – деп сұрады. Әзірет 
Ибраһим алдыңғы айтқан «Маған Алла жеткілікті. Ол қандай жақсы қолдаушы!» деген 
сөзінде бек тұрумен Жәбірейілге: «Мұқтаждығым бар, бірақ саған емес!» – деп жауап 
берді. Өйткені Ибраһимді отқа лақтыру үшін қолға түсіргенде: «Маған Алла жеткілікті. 


219 
Ол қанай жақсы қолдаушы!» – деген еді. Катапультамен отқа лақтырылып жатқанда да 
сол сөзінде, яғни, Аллаға тәуекел қылу сөзінде бекем тұрды және оны Жаратқан Иесі 
ғана құтқаруын күтті. 
Нәтижеде Алла: «Сондай-ақ міндетін лайықты түрде атқарған Ибраһимнің 
(парақтарындағы ақиқаттардан да хабардар емес пе?)»
534
 
деген мағынадағы аятты 
түсірді. 
534
 
«Нәжім» сүресі, 37. 
Алла Тағала Дәуітке (а.с.) уахи арқылы: «Уа, Дәуіт, ешбір пенде Мен жаратқан 
нәрселерге сүйенбей, маған ғана сүйеніп, сенсін. Егер оған жер-аспан соғыс ашса да, 
егер қаласам оған құтылу жолын тауып берем», – деген. 
Саид ибн Жубайр (рахматуллаһи аләйһи): «Бір күні қолымды шаян шағып алды. 
Анам «сені дем салушыға алып барып емдетем», – деп ант ішті. Мен болса дем 
салушыға барғанда сау қолымды ұсындым», – деп айтқан. 
Ибраһим ибн Хаууас: «Өлмес Тірі Аллаға сен» деген аятты оқығаннан кейін «Бұл 
аятты оқыған кісі Алладан басқаға сенбеуі керек», – деді. 
Ғалымдардың бірі түсінде: «Аллаға тәуекел еткен пенде өз өмірін кепілдікке алады» 
деген үнді естиді. 
Бір ғалым: «Үлесіңе тиген ризық сені мойныңдағы парыз ғибадаттан қалдырып 
қоймасын. Онда ақыретіңді құрдымға ұшыратасың және бұл дүниеде тағдырыңа 
жазылған несібеңнен артығына да жете алмайсың», – деген. 
Яхия ибн Муаз: «Адам артынан жүгірмей-ақ ризық табады, ризықтың адамды іздеуге 
бұйырылғанын көрсетеді», – дейді. 
Харам ибн Хаййан Ууайсул Қараниден: «Қайда өмір сүрейін?» – деп сұраса, ол 
Шамды ұсынады. Харам «Ол жерде қайтіп жан бағамын», – десе, Ууайс: «Сол Аллаға 
тәуекел қылмаған жүректерге насихат пайда бермейді ғой!» – деп жауап береді. 
Бір данышпан: «Аллаға сүйенсем, барлық жақсылықтарға жол табам», – деген. 
Бізге Алланың алдында әдептілікті нәсіп қылсын деп Алладан тілейміз. Әумин, я, 
Муин! 
Мешіт 
«Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақиретке иман келтірген, намазды кемеліне 
жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқитын, зекетті толық беретін, сондай-ақ Алладан өзге 
ешкімнен именбейтін шынайы мүміндер ғана лайықты деңгейде көркейте алады. Міне, 
солар тура жолдан таймай, мақсат-мұраттарына жетуге үміт ете алады»
535

535
 
«Тәубе» сүресі, 18. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадистері бар: 
«Кім кекіліктің ұясындай болса да мешіт құрса, Алла ол үшін пейіште бір сарай 
тұрғызады»
536

536
 
Ахмад, 1/241; Мажмағуз Зауаид, 2/7. 
«Мешітті сүйгендерді Алла да сүйеді». 
«Кімде-кім мешітке кірсе, отырудан бұрын екі рәкат намаз оқысын». 
«Мешітке көрші болған кісі намазын сөзсіз мешітте оқысын»
537

537
 
Байхақи, 75. 


220 
«Сендерден біреу намаз оқыған жерде тұрғанда сөйлемейінше не мешіттен 
шықпайынша, періштелер ол үшін «Уа, Жаратқан Алла, оған рақым қыл! Уа, Жаратқан 
Алла, оның күнәларын кешіре көр!» – деп дұға қылады». 
«Ақыр заманда үмбетімнен кейбір кісілер мешіттерге келіп шеңбер құсап отырады. 
Ал енді сөйлеген сөздері дүние және дүние сүйіспеншілігі туралы болады. Олармен 
бірге отыра көрмеңдер. Алла олардың ешбір тілегін қабыл етпейді». 
«Алла Тағала қасиетті кітаптарының бірінде: «Менің жер жүзіндегі үйлерім – 
мешіттер. Барғандар ол үйлерді жандандырып, ұлықтайды. Үйінде дәрет алып, 
тазаланып менің үйімді зиярат қылғандар қандай бақытты! Зиярат қылынған жайдың 
міндеті – зияратшысына сый көрсету», – деп айтқан. 
«Біреудің мешітке үздіксіз барғанын көрсеңдер, оның мүмин екеніне куәлік беріңдер» 
деген хадис бар. 
Саид ибн Мусайяб: «Мешітте отырған пенде Жаратқан Иесімен жалғыз отырған 
болып саналады. Ол жақсы сөз ғана сөйлеуі керек», – дейді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мешітте дүниелік істер туралы сөйлесу хайуандар шөп 
жегендей сауапты жоқ қылады», – деген. 
Нахаи (р.а.) былай дейді: 
«Алғашқы мұсылмандар қараңғы түнде мешітке жаяу бару пейішке кіруге себепші іс 
деп айтты». 
Әнәс ибн Мәлик: «Кім мешітке бір шырақ жақса және ол шырақ сол мешітті қаншаға 
шейін жарқыратып тұрса, Аршты көтерген және басқа періштелер оның күнәларының 
кешірілуі үшін дұға қылады», – дейді. 
Әзірет Али «Пенде өлгенде жер жүзіндегі намаз оқыған жері мен көкке көтерілген 
істерінің көктегі жайы оны жоқтап жылайды» деп содан соң артынан: «Көк те, жер де 
оларды жоқтап жыламады. (Өздері тілеп алған азап үкімі шыққан соң) оларға мұрсат 
та берілмеді»
538
 
деген мағынадағы аятты оқыды. 
538
 
«Духан» сүресі, 29-аят. 
Ибн Аббас (р.а.) «Мүминнің өліміне жер жүзі қырық күн аза тұтып жылайды», – деп 
айтқан. 
Атаул Хорасани: «Жер бетінің қайсыбір жерінде бір мәрте сәждеге барған пенде үшін 
сол сәжде жасаған жайы қиямет күні куәлікке өтеді және өлген күні аза тұтып 
жылайды», – деген. 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) «Намазбен, зікірмен Алла еске алынып жатқанда басып-
тұрылған жайлар сонымен мақтанады. Оны жердің жеті қабатына шейін жар салады. 
Намаз оқыған кісі тұрған жай құлпырып көркейе түседі», – дейді. 
Риуаятқа қарағанда адамдар тұрақтап, тоқтаған жердің бәрі өткен-кеткендер үшін 
дұға қылады не қарғыс жаудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет