Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет76/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   193
Жүректің сырлары T.a

шықпасын! Басқалардың қолындағы байлыққа көз салма!» – деді. 
Ауф ибн Малик Ашжағи (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында 
тоғыз не сегіз не жеті кісі тұрғанымызда, Алла Елшісі (с.а.с.) бізге: «Алла Елшісіне серт 
бермейсіңдер ме (ант бермейсіңдер ме)?» – деді. «Уа, Алланың Елшісі, біз саған бұрын 
да ант бердік емес пе?» – дедік. Ол тағы «Алла Елшісіне ант бермейсіңдер ме?» – деп 
сұрағанда, біз бәріміз қатарымызбен оған қол беріп, ант бере бастадық. Арамыздан 
біреудің кезегі келгенде ол: «Саған бұрын ант берген едік. Енді неге қайтадан ант беріп 
жатырмыз?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаға еш нәрсені серік қоспай 
құлшылық жасауға, бес уақыт намазды оқуға, алған бұйрықтарға мойынсұнуға және 
ешкімнен еш нәрсе сұрамауға ант беріңдер», – деді. Міне, сол оқиғадан кейін сол күні 
ант бергендер ат-көлік үстінен түсіріп алған қамшысын да алып беруді басқа біреуден 
сұраған емес. 
Әзірет Омар (р.а.): «Сұғанақтық – кедейлік, тоқпейілдік – байлық. Басқаның 
қолындағыға көз салмаған кісі ешкімге мұқтаж болмайды», – деп айтқан. 
Бір данышпан кісіден «Байлық деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Аз нәрсені қалау 
және жан баға алатындай дүниеге разы болу», – деген. 
Мұхаммед ибн Уаси (р.а.) қатқан нанды суға малып жеп отырып: «Осыған қанағат 
қылған кісі ешкімге мұқтаж болмайды», – деді. 
Суфиян Саури (рахимаһуллаһу): «Бұл дүниелеріңдегі ең жақсы нәрсе – сендерге 
сынақ болмаған нәрсе. Сендерге сынақ болған нәрселердің ең жақсысы – 
қолдарыңнан шыққаны», – деген. 
Ибн Масғуд (р.а.) былай дейді: «Әр күні бір періште былай деп айтады: «Уа, адам 
баласы, саған жеткілікті болған аз байлық сені көпірткен көп байлықтан жақсы». 
Сумайф ибн Адан (рахимаһуллаһу): «Уа, адам баласы, сенің қарныңның ұзындығы 
бір қарыстай. Оның ішіне неге от түсіп жатыр?» – дейді. 
Бір данышпаннан «Мал-мүлкің не?» – деп сұрағанда, ол: «Тоқпейілдік, тұрмыстағы 
үнемділік және басқалардың қолындағыға көз салмау», – деген. 
Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала былай дейді: «Уа, адам баласы, дүние түгел 
сенікі болса да саған жан бағатындай ғана тимек. Мен саған жан бағатындай дүние 
бергеннен кейін қалған дүние байлығының есептеуші жауапкершілігін басқаға жүктеуім 
саған жасаған жақсылығым болып саналады». 
Ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Біреуің бір нәрсе сұрағанда сыпайылықпен сұрасын. 
«Сөзсіз беруің керек» деп қоқаңдамасын. Оған бөлінген ризық қана беріледі». 
Әбу Хазимге (р.а.) Әмәуи халифаларының бірі «Маған қалағаныңды сұрап хат жаз», 
– деп айтады. Әбу Хазим: «Мұқтаждықтарымды құрметті мырзама білдірдім. Бұлардың 
қайсысын берсе де қабыл алам және бермегеніне қанағат қылам», – деп жазады. 
Бір данышпаннан: «Ақылды кісі үшін сүйікті және қайғыдан арылуға негіз болатын 
нәрсе не?» – деп сұрағанда, ол: «Ақыл-есі орнында болған кісі үшін ең сүйікті нәрсе – 
ақыреті үшін жасаған жақсы істері. Ал енді қайғыдан арылтатын нәрсе – Алланың 
тағдырын разылықпен қабыл алу», – деді. 
Тағы бір данышпан: «Әрдайым қайғы тартқандар – көреалмастар, ең бақыттылар – 
қолындағыға қанағат қылған тоқпейіл кісілер. Қиналмай өмір сүргендер – дүниеге көп 
мән бермегендер, ең көп өкінгендер – біліміне жарасар іс жасамаған ғалымдар екенін 
көрдім», – деп айтқан. 


106 
Әзірет Омар (р.а.): «Сөзіме құлақ салыңдар, Алланың байлығының қаншасын өзіме 
адал санағанымды сендерге айтайын. Бірі қысқы, бірі жазғы екі киім, қажылық және 
ұмра үшін бір ихрам және бұдан тысқары құрайыштықтардікіндей зәру мұқтаждықтар. 
Бұлардан артық-кемі жоқ дүниеге ғана иемін. Аллаға ант етейін, осыншасының да 
адал-адал еместігін білмеймін». 
Біз куә болғандай, әзірет Омар (р.а.) осындай мүлкінің де қанағат қылу керек деген 
ең аз өлшемнен шектен тыс емес екеніне сене алмайды. 
Шағби (рахматуллаһи аләйһи) бір хикая айтқан: «Аңшы бір торғайды ұстап алады. 
Торғайға тіл бітіп, аңшыдан: «Мені не қыласың?» – деп сұрайды. Аңшы: «Сені сойып 
жеймін», – деп жауап береді. Торғай: «Менің етім жұмырыңа жұқ болмайды. Егерде 
мені қоя берсең, саған үш нәрсе үйретем. Олар менің етіме қарағанда сен үшін әбден 
пайдалы. Сөзімді қабыл алсаң, олардың әуелгісін қолыңда тұрғанда, екіншісін 
маңайдағы ағашқа қонғанда, үшіншісін әлгі төбеге қонғанда айтам», – дейді. 
Шымшықтың ұсынысы аңшыға ұнап, оны қоя бермекші болады да, «Айтар ақылыңды 
айта бер», – дейді. Торғай: «Қолыңан шығып кеткен мүмкіншіліктерге қайғырма», – деп 
айтады. 
Аңшы құсты қоя береді. Ол ұшып барып ағашқа қонады да: «Болмаған нәрсеге 
сенбе» деп екінші ақылын айтады. Бұл сөздерден кейін дөңге барып қонып алып: «Ей, 
байғұс кісі, егер мені сойсаң, ішімнен әрбірі жиырма мысқал ауырлықтағы екі дана 
бағалы інжу шығушы еді», – дейді. 
Бұл сөздерді естіген аңшы қолынан шығып кеткен мүмкіншілігіне өкініп, бармағын 
тістейді. Енді қолынан еш нәрсе келместігін түсінгеннен кейін «Енді үшіншісін айт», – 
дейді. Сонда шымшық аңшыға: «Сен қазір ғана айтқан екі насихатымды ұмытып 
қалдың, енді үшіншісін саған қайтіп айтайын. «Қолдан шыққан мүмкіншілікке өкінбе» 
демедім бе? Сен болса мені қолдан шығарып жібергеніңе өкіндің. «Болмаған нәрсеге 
сенбе» деп едім, сеніп қалдың. Менің етім, қаным және жүндерімнің бәрі қосылса да 
жиырма мысқал шықпайды. Содан соң менің қарнымда әрбірі жиырма мысқал 
салмақтағы екі інжу қайдан болсын?» – деп ұшып кетеді. 
Бұл хикаяның мағынасы мынадай: Адам баласы шектен тыс ашкөздікке беріліп
ақиқатты аңғара алмай қалғанда болмаған нәрселерге сене береді. 
Ибн Саммак (р.а.) айтады: «Басқадан үміт етсең, ол сенің жүрегіңе тұзақ, аяғыңа 
кісен болады. Адамдардан үміткер болмасаң, аяғыңдағы кісен шешіледі». 
Абдулла ибн Сәлам Кәғбул Ахбардан «Ғалымдардың көкірегіндегі ілімді не өшіруі 
мүмкін?» – деп сұрағанда, ол: «Сұғанақтық, нәпсінің тойымсыз қалауларына 
мойынсұну және дүниенің артынан түсу», – деп жауап берген. 
Бір кісі Фудайлдан Кәғбтың жоғарыдағы сөздерін түсіндіріп беруін өтінеді. Фудайл 
оған: «Пенде бір нәрсені қатты беріле сұраса, діні соның жолында жоқ болады. Нәпсінің 
тойымсыз қалауларына мойынсұнғанда нәпсі қызыққан еш нәрсесін қолдан шығарғысы 
келмейді. Содан кейін нәпсің қалаған нәрселердің бәрі сен үшін зәрудей көріне 
бастайды. Нәпсіңнің қалауларын орындатсаң, ол сенің мұрныңа мұрындық салып
қалаған жағына жетелейді. 
Сонда сені бас идіріп алады. Сен дүние үшін жақсы көрген кісілеріңе сәлем беріп, 
ауырса жағдайын сұрап барасың. Әлбетте, оған берген сәлемің де, онымен амандасып 
барғаның да Алла үшін болмайды. Демек, ол кісіден көп нәрсені күтпеуің сен үшін тағы 
жақсырақ болмақ». 


107 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет