Жұпыны өмір сүрудің артықшылығы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Бұл үмбеттің ең қайырлысы –
жарлылар және пейішке алдымен кіретіндері – әлсіздері»
262
.
262
Дайлами, 2921.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «Менің екі кәсібім бар, кім оларды сүйсе, мені сүйген
болады. Оларды жақсы көрмегендер – мені жек көргендер. (Ол кәсіптер) жұпыны өмір
сүру және Алла жолында күресу».
Риуаяттарға қарағанда, Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа,
Алланың Елшісі, Алла саған сәлем айтады: «Қаласаң, сол тұрған тауларды алтынға
айналдырайын, қайда барсаң да сенімен бірге болсын» дейді», – деп айтады. Бұл
ұсынысты естіген Алла Елшісі (с.а.с.) біршама басын жерге салып ойланып тұрып,
содан соң Жәбірейілге (а.с.): «Уа, Жәбірейіл! Бұл дүние – мекенсіздердің мекені және
қолында басқа жоқтардың мүлкі. Бұл дүниеде тастап кету үшін байлық жинағандар
ақылсыздар», – деп жауап береді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзіне Жәбірейіл (а.с.):
«Уа, Мұхаммед! Алла сені сөзге берік қылған», – деп разы болады.
Риуаятқа қарағанда Иса (а.с.) жолда бара жатып киіміне оранып жерде жатқан
біреуді көреді де: «Уа, ұйқыда жатқан кісі, тұрып Алланы зікір қыл», – деп оятады. Ол
кісі көздерін ашып: «Менен не қалайсың? Мен дүниені оны сүйгендерге тастадым», –
деп жауап береді. Бұл жауапты естіген Иса (а.с.): «Олай болса ұйықтай бер, досым»,
– деп айтады.
Риуаятқа қарағанда Мұса (а.с.) жерде ұйықтап жатқан біреуді көреді. Оның үсті-басы,
сақалы шаң болып, басына кесек жастанып киімін жамылып жатқан екен. Соған куә
болған Мұса (а.с.): «Уа, Жаратқан Ием, сол пендең бұл дүниеде құрыған екен», – деп
Аллаға өтінеді.
Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Мен біреуге жақсы көңіл бөлсем, оны дүниеден толық
ажыратып қоятынымды білмейсің бе?!» – деп уахи қылады.
Әбу Рафи (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) қонақ келген еді. Үйден
оларға беретін еш нәрсе таба алмай, мені хайбарлық бір яһудиге жіберді. «Мұхаммед
сенен келесі ережеп айына шейін қарызға не ақшаға ұн сұрап жатыр» деп айт», – деді.
Яһудиге барсам, «Кепілдіксіз бермеймін» деп болмай қойды. Қайта келіп
Пайғамбарымызға (с.а.с.) оның талабын айттым. Сонда ол маған: «Аллаға ант етейін,
мен көкте қалай сенімді болсам, жер бетіндегі пенделердің арасында да сондай
сенімдімін. Егер ол яһуди маған ұнын қарызға берсе, уәделескен күні келіскенімізге сай
қарызымды бермекпін. Егер маған сенбей жатса, онда бұл сауыт киімімді алып барып,
кепілдікке қалдыр (да, беретін ұнды алып кел)», – деді. Содан соң мына аят түскен:
«
Достарыңызбен бөлісу: |