110
адамдар. Бұлар – Алланың атымен ант ішсе, Алла өтірікші шығармаған кісілер»
269
деп
жауап берді.
269
Мүслим, 2622.
Имран ибн Хүсейін (р.а.) айтады: Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалардың ішінен маған
өзгеше көңіл бұрып, жақсы мәміле жасады. Бір күні маған: «Имран, біздің назарымызда
сенің өзгеше орның бар. Менімен бірге қызым Фатимамен амандасқалы барасың ба?»
– деді. Мен: «Уа, Алланың Елшісі, ата-анам саған садақа кетсін, әрине барайын» –
дедім. Сөйтіп бірге жолға шықтық. Фатиманың үйіне барғанымызда есікті қағып:
«Ассәләму аләйкум, кіруге рұқсат па?!» – деп үн салды. Әзірет Фатима (р.а.) «Уа,
Алланың Елшісі, кел», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жанымдағы жолдасыммен
бірге кіре берейін бе?» – деп сұрады. Әзірет Фатима: «Ол кім еді?» – деді. Алла Елшісі
(с.а.с.): «Имран» деп мені айтты. Фатима (р.а.): «Сені елші қылып жіберген Алла куә,
үстімде бір кементай
270
ғана бар», – деп айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) онымен қалай
орану керектігін ишарат қылып үйретті. Әзірет Фатима: «Денемді кементаймен орасам
болады. Бірақ басымды немен жабамын?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
беліндегі ескірген белбеуін шешіп оған лақтырды да: «Ал, мұнымен басыңды ора», –
деді.
Содан соң кіруге рұқсат болып, ішке кірдік. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ассәләму
аләйкум, қызым, қалай түнедің?» – деп хал-жағдайын сұрады. Фатима (р.а.): «Алла
куә, жаным қиналып таң атырдым. Өзек жалғар нәрсенің жоқтығы ауруымды одан
бетер күшейтті. Аштық жанға батты», – деді. Сол кезде Алла Елшісінің (с.а.с.) көздері
жасаурап: «Қызым, қапаланба, Алла куә (мен де) үш күннен бері өзек жалғаған жоқпын.
Мен Алланың алдында саған қарағанда қадірлімін. Егер қаласам, Алла маған
жайылған дастархан түсірер еді. Бірақ мен ақыретті дүниеден артық көрдім», – деп
жауап берді.
270
Малшылар жауын-шашында
және суықта киетін, жүннен тоқылған қалың сыртқы киім
Сонда қолымен әзірет Фатиманың иығын ұстап: «Сүйінші! Аллаға ант етейін, сен
пейішке кіруші әйелдердің алдыңғысысың», – деді. Әзірет Фатима: «Перғауынның
әйелі Асия мен Мариямның дәрежелері қандай?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз
(с.а.с.): «Асия өзінің дәуіріндегі әйелдердің, Мариям да өз дәуіріндегі әйелдердің, сен
де өз дәуіріңдегі пейішке кіруші әйелдердің алдыңғысысыңдар. Үшеуіңнің бірдей
қамыстан үйлерің болады. Ол жайда қайғы-мұң, ашу-ыза деген болмайды. Бабаңның
ұлының (Әзірет Алидің) жарлылығына қанағат қыл. Құдай куә, сені бұл дүниенің де,
ақыреттің де мырзасы болған күйеуге бердім», – деді.
Әзірет
Алиден риуаят етілгені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«
Достарыңызбен бөлісу: