178
ақырының не боларын, әрі қандай төңкерісті бастан кешіретіндіктерін әлі-ақ
біледі».
455
455
«Шұғара» сүресі, 227.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Зұлымдық қиямет күні қараңғылық болады», – деген. Тағы
бір хадисте: «
Ақысы жоқ бір қарыс жерді иеленіп алған кісінің мойнына қиямет күні
Алла Тағала жеті қабат жерді кигізеді», – деп айтылған.
Бір кітапта жазылғаны бойынша, Алла Тағала: «Менен басқа қолдаушысы жоқ кісіге
кім зұлымдық жасаса, оған қатты ашуланамын»
456
деп айтқан.
456
Ад-Дур әл-Мансур, 353.
Ұлық ғалымдардан біреу «Әлсіздерге зұлымдық жасап күштілердің жаманынан
болма», – деп айтқан.
Әбу Һурайра (р.а.): «Дуадақ бір залымның зұлымдығынан қорқып жүріп
ұясында
жатып өледі», – деген.
Риуаяттарға қарағанда, Тауратта: «Қиямет күні Сырат көпірінің артынан «Ей, шектен
шыққан залымдар, ей ауыздықсыз бейбастар! Алла Өз ұлылығына ант берумен
айтады, бұл күні сол көпірден ешбір залымның зұлымдығы өтпейді» деп жазылады.
Алла Тағала бес түрлі кісіге қаһарланады. Қаласа, бұл дүниеде жазалап, қаласа,
ақыретте оларды тозаққа кіргізеді. Бұл бес түрлі кісі төмендегілер:
1) Қол астындағылардан ақысын алғанымен оларға ынсапты мәміле жасамаған және
олар душар болған әділетсіздікті тоқтата алмаған мемлекет басшысы.
2) Қол астындағылар шын жүрегімен бас игеніне қарамай, күштілер мен әлсіздердің
мәмілесін жөнге сала алмаған және рәсім үшін ғана сөйлеген басшы.
3) Бала-шағасын Аллаға құлшылық жасауға үндей алмаған және оларға дін туралы
мағлұмат бере алмаған кісі.
4) Жұмсаған жұмысшысының ақысын бермеген кісі.
5) Әйеліне маһир (қалың мал) бермеген күйеу».
Абдулла ибн Сәлам (р.а.) айтады: «Алла Тағала пенделерді жаратып, тік
тұрғызғанда, олар Аллаға жалбарынып: «Уа, Жаратқан Иеміз, Сен кімді қолдайсың?»
– деп сұрады. Алла Тағала: «Ақысы берілгенге шейін әділетсіздікке ұшыраған бейшара
тараптамын», – деді.
Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу) айтады: «Бір
залым зәулім сарай салып,
айналасына қорған салдырады. Тағы бір кемпір оның жанына келіп, сарайға жақын
жерге бас паналайтын жәбірейген кепе жасайды. Бір күні баяғы залым атына мініп
шығып сарайдың айналасын қыдырады. Қыдырып жүріп кемпірдің кепесі көзіне түседі.
Іздестіріп жүріп оның қартайған жарлы кемпірдікі екенін біледі де, дереу бұзып
тастауды бұйырады. Кемпір түнде кепесінің қирап жатқанын көріп, «Кепемді кім
бұзды?» – деп сұрайды. «Әлгі сарайдың иесі бұздырып тастады», – дейді көргендер.
Сонда әлгі кемпір алақан жайып: «Уа, Жаратқан Ием, мен бұл жерде жоқ болдым. Ал
енді Сен қайда едің?!» – дейді. Алла Тағала дереу Жәбірейілге (а.с.): «Залымның
сарайын ішіндегілерімен қоса жермен-жексен қыл» деп бұйрық береді. Жәбірейіл
бұйрықты дереу орындайды».
Риуаяттарға қарағанда, Бармақилердің басшыларынан бірі ұлымен бірге зынданға
тасталғанда, ұлы әкесіне: «Әке, сонша билікте тұрып, енді осылай шынжырға маталып
зынданға түстік», – дейді. Сонда әкесі: «Балам, қорлық көрген кісінің қарғысы түнде
жүреді. Біз байқамадық, бірақ Алла оны көріп тұрды», – деді.
Язид ибн Хаким (р.а.): «Кімге зорлық-зомбылық көрсетсем, ең көп содан қорықтым.
Өйткені маған Алла жетеді, Алла сен екеуіміздің ортамызда», – дейді. Шынында, мен
оның қолдаушысы жалғыз Алла екенін білем», – деген.
179
Әбу Умама (р.а.): «Залым қиямет күні Сырат көпіріне барғанда одан жәбір тартқан
кісі
алдынан шығып, көрсеткен қорлығын есіне салады. Сөйтіп залымдар
қолдарындағы сауаптарын бермей тұрып жәбір тартқан кісілерден құтыла алмайды.
Егер жақсы істері жоқ болса, зорлық-зомбылығына қарай күнәлары жәбір
тартқандардан алынып, оған жүктеледі. Сөйтіп, тозақтың
ең алдыңғы қабатына
жөнетіледі».
Абдулла ибн Унас (р.а.) айтады: «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін
естідім: «
Адамдар қиямет күні тыр жалаңаш, жалаң аяқ және сүннетсіз Махшарға
келеді. Алыстан және жақыннан бірдей естілген үн оларға: «Сұрақ жүргізуші жалғыз
патша Менмін. Біреуге зұлымдық жасап, жоқ дегенде, жаққа ұрған кісінің да ақысы
алынбайынша пейішке де, тозаққа да кіре алмайды. Жаратқан Иең ешкімге
зұлымдық жасамайды», – дейді.
Біз: «Уа, Алла Елшісі (с.а.с.), біз тыр жалаңаш, жалаң аяқ және сүннетсіз бір жерге
жиналсақ, бір-біріміздің ақымызды қайтіп алып-береміз?» – деп сұрадық.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Толық жаза ретінде жақсылық және жамандықтарыңмен
есептесесіңдер. Жаратқан Иең ешкімге әділетсіздік жасамайды», – деп жауап берді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Кім біреуді қамшымен ұрса, қиямет күні соныңжазасын
тартады», – деп айтқан.
Риуаятқа қарағанда Парсы патшаларының бірі ұлына
тәлім-тәрбие берсін деп бір
мұғалім жалдайды. Шахзада тәлім-тәрбие жағынан талаптағыдай деңгейге жеткенде
мұғалім оны ешқандай себепсіз қатты сабайды. Содан бастап шахзада мұғаліміне кек
сақтап қалады. Кейін әкесі дүниеден өтіп, ол патшалық таққа отырғанда мұғалімді
шақырып алып: «Пәленше күні неге мені себепсіз тоқпақтадың?» – деп сұрайды.
Мұғалім оған: «Уа, Патшам, ұлы қасиеттеріңмен және тәлім-тәрбиеңмен талапқа лайық
деңгейге жеткеніңді көріп, әкеңнен кейін сенің таққа отырарыңды түсіндім. Міне,
сондықтан патша болғаныңда ешкімге зұлымдық жасамасын деп саған таяқпен
зұлымдықтың ащысын таттырғым келген еді», – дейді. Сонда патша: «Алла
саған
жақсылық берсін!» – деп, мұғаліміне сый-тартуларын беріп жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: