85
Риуаяттарға қарағанда, аспанның бірінші қабаты сүттен де ақ. «Қаф»
тауының
жасылдығы шағылысып, оны көк-жасыл қылып көрсетіп тұрады. Аспанның бірінші
қабатының аты – «Рақиа». Екінші қабаты нұр
секілді жарқыраған темірден, аты –
«Файдум» не «Маун».
Үшінші қабаты жезден. Аты – «Мәләкут» не «Харюн».
Төртінші қабаты ақ күмістен. Көз шағылыстыратындай жарқырап тұрады. Аты –
«Заһира».
Бесінші қабаты қызыл алтыннан. Аты – «Музайна» не «Музһира».
Алтыншы қабаты нұр шашқан бір заттан. Аты – «Халиса».
Жетінші қабаты қызыл жақуттан. Аты – «Лабиа» не «Дамиа».
«Байтул-Мағмур»
233
аспанның жетінші қабатында. Байтул-Мағмурдың бірі қызыл
жақуттан, екіншісі жасыл изумрудтан, үшіншісі ақ күмістен
және тағы бірі қызыл
алтыннан болған төрт тірегі бар.
233
Періштелер әлемінің құбыласы
Тағы бір риуаят бойынша, ақықтан болған Байтул-Мағмурға әр күні
жетпіс мың
періште кіріп шығады және қиямет күнге шейін бұл періштелердің ешбірі қайтып
келмейді
234
.
234
Бұхари, Бәдул-халқ.
Сенімді пікір бойынша, жер жүзі аспаннан да жоғары тұрады. Өйткені пайғамбарлар
жер жүзінде жаратылып, жер жүзіне көмілген. Жердің ең бағалы қабаты – үстіңгісі.
Өйткені барлық жандылар сол қабаттан пайдаланады.
Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, аспандардың ең жоғарғы қабаты Аршқа
жақын болғандықтан «Күрсі» деп аталады. Жеті планетадан басқа барлық жұлдыздар
сол қабатта.
Жеті планета аспанның жеті қабатына шашылған деп айтылып қалған.
Бұлардан
«Сатурн» аспанның жетінші қабатында және ол бейсенбі күнге дәл келеді.
«Марс» бесінші қабатта. Ол сейсенбі күнге дәл келеді.
«Күн» төртінші қабатта және жексенбіге дәл келеді.
«Венера» үшінші қабатта және ол жұма күнге дәл келеді.
«Меркурии» аспанның екінші қабатында және ол сәрсенбіге дәл келеді.
«Ай» аспанның бірінші қабатында және ол дүйсенбіге дәл келеді.
Алла Тағаланың шеберлігіне қарашы! Жеті қабат аспан бір-біріне ұқсамағанмен, бәрі
бірдей тұманнан жаратылған.
Осындай көктен жаудырған жаңбырмен жер жүзінде түрлі өсімдікті және жемістерді
жаратты.
Алла Тағала пенделерді де түрлі көріністе жаратқан. Олардың кейбірінің өңі ақ,
кейбіреуінікі қара. Кейбірі білімді, кейбірі білімсіз. Бірақ бәрінің түпкі тегі Адамға барып
тіреледі. Алла Тағаланы барлық кемшіліктерден таза деп пәктеңдер!
Достарыңызбен бөлісу: