Имам ғазали жүректің сырлары


Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау үшін берген дүниедегі тіршіліктің



Pdf көрінісі
бет78/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау үшін берген дүниедегі тіршіліктің 
жылтыраған сән-салтанатына қызығып көзіңді сүзбе! Раббыңның (өзіңе нәсіп 
еткен) нығметі мен ақиретте беретін ризық-несібесі әлдеқайда қайырлы һәм 
баянды (мәңгілік) болмақ»
263

263
 
«Таһа» сүресі, 131. 
Алла Елшісі (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Араларыңнан біреу таңертең оянғанда 
денсаулығы орнында, атын түнде қалдырғандай жағдайда және уақытша тамағы 
жанында болса, дүние түгел оған арналғандай болады», – деп айтқан. 
Атаул Хорасани (рахимаһуллаһу) айтады: «Бір пайғамбар жағада бара жатып 
балықшыны көріп қалады да оған қарап отырады. Ол дарияның бір жеріне 
«Бисмиллаһ» деп торын лақтырады. Торына еш нәрсе түспейді. Пайғамбар одан ары 
бара жатып тағы бір балықшыны көреді. Ол «бисми шайтан (шайтанның атыменен)» 


108 
деп дарияға тор тастайды. Торына өте көп балық түскендіктен тәлтіректеп жатып әрең 
тартып алады. 
Бұған куә болған пайғамбар Аллаға жалбарынып: «Уа, Жаратқан Ием, бұл оқиғаның 
сыры қалай? Екеуі бірдей сенің құдіретіңмен іске асып жатыр ғой», – дейді. Алла 
Тағала періштелерге: «Пердені ашып, бұл пендеге екі балықшының менің 
назарымдағы дәрежелерін көрсетіңдер» деп бұйырады. Пайғамбар біріншінің ұлы 
дәрежесінің жанында екіншінің қор жағдайын көргенде, «Уа, Жаратқан Ием, енді 
қанағаттандым», – дейді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейішке кіргенімде ол жердегілердің көбі кедейлер екенін 
көрдім. Содан соң тозаққакіріп, ішіндегілердің көбі байлар мен әйелдер екеніне куә 
болдым» – деген
264
. Осы хадистің басқа бір риуаятында былай деп айтылады: 
«
Пейіштегілердің көбі кедейлер екенін көрдім. «Байлар қайда?» – деп сұрасам, маған 
«Дүние әурешілігі оларды бұл жайға кіруден тосып қойды», – деп жауап берілді»
265

264
 
Бұхари, 5198; Мүслим, 2798; Тирмизи, 2602. 
265
 
Ахмад ибн Ханбал, 6574. 
Тағы бір риуаятта бұл хадис: «Тозақылардың көбін әйелдер құрағанын көріп, 
бұларға не болған?» – деп сұрадым. Маған «Оларды екі қызыл – алтын мен шафран 
(сәнденетін нәрселер) көңілін жаулап алды», – деп айтылды»
266

266
 
Ахмад ибн Ханбал, 2179. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кедейлік – бұл дүниеде мүминге сыйлық», – деген. 
Тағы мынадай риуаят бар: «Сүлеймен (а.с.) көп байлыққа ие болғандықтан пейішке 
пайғамбарлардың ақырғысы болып кіреді. Бай болғандықтан пейішке ақырғы кіретін 
сахаба – Абдуррахман ибн Ауф». Басқа бір хадисте: «Оның пейішке еңбектеп кіріп 
бара жатқанын көрдім», – деп айтылады. 
Иса (а.с.): «Бай – пейішке қиыншылықпен кіреді», – деген. 
Әһл-Бәйт туралы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала бір пендесін 
сүйсе, басына кесел-кесапат салады. Оны тағы көбірек сүйсе, бала-шағасыз 
және мал-байлықсыз қалдырады», – деген. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Кедейліктің саған қарай келе жатқанын көрсең, тақуалардың 
жолын жалғастырып оған «қош келдің!» де. Ал енді байлықтың саған бағыт алғанын 
көрсең, «Бұл – күнәларымның бірінің бұл дүниеде берілген жазасы», – деп айт», – деп 
айтқан. 
Мұса (а.с.) Алладан: «Уа, Жаратқан Ием, пенделеріңнің арасындағы достарыңды 
айтшы, мен оларды Сен үшін жақсы көрейін», – деп сұрайды. Алла Тағала: «Барлық 
кедейлер, кедейлер», – деп айтады. 
Бұл жерде «кедейлер» деген сөздің қайталануы растау үшін айтылғандай, «өте қиын 
жағдайдағы кедейлер» деген мағынаға да келуі ықтимал. 
Иса (а.с.): «Мен жұпыны өмір сүруді сүйем және байлықты жек көремін», – деген. 
Шынында, ол «Ей, байғұс!» деп шақырылғанды жақсы көрді. 
Арабтардың «қаймақтары» мен байлары бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: 
«Кедейлерге басқа күнді, бізге басқа күнді белгілесең. Олар өздеріне белгіленген күні 
келсін, ол күні біз келмейік. Бізге белгіленген күнде біз ғана келейік, арамызда олар 
болмасын», – деген талап қойды. 
Олар бұл сөзімен әзірет Біләл, Салман, Сухайб, Әбу Зәрр, Хаббаб ибн Арат, Аммар 
ибн Ясир, Әбу Һурайра және «Асхабу Суффа» (р.а.) сияқты кедей сахабаларды айтып 
жатқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) олардың бұл ұсынысын қабыл алды. Өйткені олар 
кедейлердің иісінен ренжіп жатқан еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мәселенің маңызын 
түсінгеннен кейін кедейлер мен байларды бір жерде жинай алмастығын біліп, 


109 
байлардың ұсынысын қабыл алды. Бірақ оның артынан: «Бір Алланың разылығын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет