«Индикаторлар жүйесі және диагностика» курсына кіріспе


Дәріс 2 Индикаторлар бала дамуының көрсеткіші Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет2/12
Дата29.08.2022
өлшемі59.07 Kb.
#460068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«Индикаторлар ж йесі ж не диагностика» курсына кіріспе (1)

Дәріс 2 Индикаторлар бала дамуының көрсеткіші
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) индикатор – бала дамуының көрсеткіші;
2) интеграция – жүйенің сараланған жеке бөліктері мен функцияларын тұтас жүйеге байланысқан жай-күйі, сондай-ақ осы жай-күйге келтіретін процесс;
3) құзыреттілік – мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі;
4) негізгі құзыреттіліктер – күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы;
5) құзыреттілік тәсіл – стандарт талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелеу процесін өз бетімен ұйымдастыру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдау;
6) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;
7) білім беру саласы – мектепке дейінгі балалардың физикалық, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білімді, практикалық дағды мен шеберлік жиынтығын қамтитын білім беру стандартының бір бөлігі;
8) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірге белгілі мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;
9) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, шеберлік, дағдыларды меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі;
10) үлгілік оқу жоспары – оқу мекемелерінің (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының) белгілі бір типтері үшін стандарттың бір бөлігі ретінде бекітілген негізгі мемлекеттік нормативтік құжат.
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
1) осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
2) үлгілік оқу жоспарларына;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен әзірленген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын, мектепке дейінгі ұйымдардағы пәндік-дамытушы ортаның мазмұнын анықтайды;
2) тәрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагогтеріне, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтайды.
4. Стандарт талаптары:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті, олар мыналарға бөлінеді:
негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі (базалық, вариативті);
баланың қызығушылығы мен бейімділігін іске асыруға бағытталған қосымша;
2) ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру кезінде міндетті;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу кезінде міндетті;
4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және педагогтердің қызметін мемлекеттік аттестаттау кезінде міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет