Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар.
1) ересектердің балаларға құрметпеу қарау, балалардың өзін-өзі бағалауына қолдау көрсету, өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділік;
2) білім беру әрекетінде балалардың жас және жеке қабілеттіне сай, олармен жұмыс істеудің түлері мен әдіс-тәсілдерін қолдану;
3) әрбір баланың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне бағдарланған ересектер мен балалардың өзара әрекеті негізінде білім беру қызметін құру;
4) балалардың бір-біріне жағымды және тілектестік қарыс-қатынасына ересектердің қолдауы;
5) балаларды дене және психикалық қысымның барлық түрінен қорғау;
6) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулығын қорғау мен нығайтуда ата-аналарға қолдау көрсету, білім беру әрекетіне тікелей қатыстыру;
7) балалардың әлеуметтік бейімдеу мен дамуындағы ауытқушылықты диагностика мен түзету үшін қажетті жағдайлар құру.
Балалар дамуын бағалау жүйесіне қойылатын талаптар.
1) тәрбиеленушінің даму деңгейі үш шартты деңгейі бар индикаторлар негізінде бақыланады:
1-деңгей – тәрбиеленуші белгілі бір білімі мен әрекетті көрсете алады;
2-деңгей – тәрбиеленуші белгілі бір білім қорын меңгерген, не істейтінін түсінеді;
3-деңгей – тәрбиеленуші білімі мен білігін қолдана алады, әдеттен тыс жағдаяттарда білімін өзбетімен және шығармашылықпен қолдана алады;
2) индикаторлар педагогқа баланың даму мониторингісін және оны дербес дамытудың білім беру жоспарларын құруға мүмкіндік береді; ;
3) мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, мамандары және жергілікті білім беру органдарының мамандары балалардың дамуын сараптамалық тұрғыда бағалайды;
4) мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың білім беру қызметтерінің сапасын тексеру мен бағалаудың негізгі түрі: педагог пен баланың дербес және біріккен әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан бақылау болып табылады.
5) Қажет болған жағдайда білікті мамандар (педагог-психолог, психолог, логопед, дефектолог және т.б.) жүргізген балалар дамуын диагностикалауды (балалардың дара психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және анықтау) пайдалануға болады.
Балалар ата-аналардың келісімімен ғана психологиялық диагностикалауға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |